Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемдер мағынасына қарай келесі пысықтауыш сөйлемдерге бөлінеді.
1. Мезгіл
2. Мекен
3. Себеп-салдар
4. Нәтиже
5. Қимыл-сын
6. Қарсылықты
7. Мақсат
8. Шартты
Мезгіл бағыныңқы сөйлемдер.
(Adverbial clauses of time)
Мезгіл бағыныңқы сөйлемдер келесі сұрақтарға жауап береді.
When? Қашан? Since when? Қашаннан бері? How long? Қандай ұзақ?
Бұл сөйлемдер басыңқы сөйлемдермен келесі жалғаулықтар арқылы байланысады.
When? қашан? While сол екі арада, as қалайда, мүмкіндігінше, after –кейін, before – дейін, till, untill – дейін, since, as soon as..
Мекен бағыныңқы сөйлемдер.
(Adverbial clauses of place).
Мекен бағыныңқы сөйлемдер келесі сұрақтарға жауап береді: Where? Қайда? Fromwhere? Қай жақтан? Олар басыңқы сөйлемдермен келесі жалғаулық сөздер арқылы байланысады
Where? Қайда? Wherever,қайда болса да.
Мысалы: He went where the doctor sent him.
Ол дәрігер жіберген жерге барды.
Себеп-салдар бағыныңқы сөйлемдер.
(Adverbial clauses of cause).
Себеп-салдар бағыныңқы сөйлемдер Whу? деген сұраққа жауап береді. Олар негізгі сөйлемдермен келесі жалғаулық сөздер арқылы жалғасады: because, as, since, for.
As there were no porters, we had to carry the luggage ourselves.
Жүк тасушылар болмағандықтан, жүгімізді өзімізге алып жүруге тура келді.
Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемдер.
(Adverbial clauses of manner).
Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемдердің қимыл-амалы how? (қалай) деген сұраққа жауап береді.
Олар басыңқы сөйлемдер мен келесі жалғаулық сөздер арқылы байланысады.as, as if, that.
Мыс: You answer as if you did not know this rule.
Сіз мына ережені білмейтіндей жауап бересің.
Нәтиже бағыныңқы сөйлемдер.
(Adverbial clauses of result).
Нәтиже бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдермен келесі жалғаулық сөздер арқылы байланысады: so that, so.
Мыс: He went to the lecture early so that he got a good seat.
Ол лекцияға ерте барғандықтан жақсы орынға отырды.
Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер.
(Adverbial clauses of concession).
Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдер мен келесі жалғаулық сөздер арқылы байланысады:
Though (although), in spite of the fact that, not with – standing that, whoever, no matter what, no matter how.
Мысалы:Тthough (although) it was only nine o’clock, there were few people in the streets-Сағат тоғыз болғанына қарамастан көшеде адам аз болды.
Мақсат бағыныңқы сөйлемдер.
(Adverbial clauses of purpose).
Мақсат бағыныңқы сөйлемдер what for? (неге?) for what? (қандай мақсатпен?) деген сұрақтарға жауап береді.
Мыс: Close the window so that it will be warm in the room.
Бөлмеде жылы болуы үшін терезені жабыңыз.
Шартты бағыныңқы сөйлемдер.
(Adverbial clauses of condition).
Шартты бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдермен келесі жалғаулық сөздер арқылы байланысады: if, unless, provided (that), providing (that) on condition (that).
Мыс: If I see him tomorrow, I shall ask him about it.
Мен оны ертең көрсем бұл туралы одан сұраймын.
@ Exercise 1.
Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 804 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!