Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Practice reading the following words



season [´si:zәn] –жыл мезгілі

spring – көктем

summer - жаз

autumn – [´ɔ:tәm] - күз

winter – қыс

cold [kould] -салқын

warm [wɔ:m] – жылы

rather [´ra: ð ә] cold – едәуір салқын

rather warm – едәуір жылы

long -ұзын

short – қысқа

days – күндер

nights -түндер

sun – күн

rises – шығып, көтеріледі (күн)

sets – батады (күн)

early [ ´ ә:li] – ерте

late – кеш

rather early – едәуір ерте

rather late – едәуір кеш

often – жиі

seldom – сирек

sometimes – анда-санда

usually – әдетте

never – ешқашан

it rains – жаңбыр жауып тұр

it shows – қар жауып тұр

Жай сөйлемдер.

Жай жалаң сөйлемдер.

Жалаң сөйлемдер негізгі тұрлаулы мүшелерден тұрады

The girl stopped. Қыз тоқтап қалды.

Жай жайылма сөйлемдер.

Сөйлемде тұрлаулы мүшелерден басқа бір немесе бірнеше тұрлаусыз мүшелер болған жағдайда сөйлем жай жайылма сөйлем деп аталады.

The girl stopped at the gate. Қыз қақпаның қасына тоқталды.

The little girl took the book. Кішкентай қыз кітапты алды.

Хабарлы сөйлем.

(Declarative sentences).

Хабарлы сөйлем әңгімелесушіге немесе оқырманға бір нәрсені хабарлау үшін қолданылады.

Ағылшын тіліндегі хабарлы сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі:

1) Бастауыш, 2) Баяндауыш, 3) Толықтауыш, 4) Пысықтауыш

I received a letter yesterday

Мен кеше хат алдым.

Толықтауыштың сөйлемдегі орны.

Сөйлемде толықтауыш келесі сөз тәртібімен тұрады: а) тура толықтауыш сөйлемдерде етістіктен кейін тұрады.

Мыс: I bought a radio-set. Мен радио қабылдағыш сатып алдым.

б) Көмекші сөздерсіз жанама толықтауыш сөйлемдерде етістіктің және тура толықтауыштың арасында тұрады.

I send my father a telegram. Мен әкеме жеделхат жібердім.

в) Көмекші сөздер жанама толықтауыш тура толықтауыштан кейін тұрады.

I receivrd a telegram from my father. Мен кеше әкемнен жедел хат алдым.

Сөйлемдегі пысықтауыштың орны.

Сөйлемдерде пысықтауыш келесі сөз тәртібімен тұрады.

а) Қимыл-сын пысықтауыш сөйлемдерде толықтауыштан кейін тұрады.

I have read the letter with great pleasure. Мен хатты рақаттанып оқыдым.

б) Мекен пысықтауыш қимыл-сын пысықтауыштан кейін тұрады..

I met him by chance at the theatre. Мен оны кездейсоқ театрдан көрдім.

в) Мезгіл пысықтауыш сөйлемдерде мекен пысықтауыштан кейін тұрады, яғни сөйлемнің соңында тұрады.

I met him in the park on Sunday. Мен оны жексенбіде паркте көрдім.

Хабарлы болымсыз сөйлем.

Ағылшын тілінде болымсыз сөйлемдер “not” шылауы арқылы жасалады. “not”баяндауыштың құрамына кіретін көмекші немесе модальдық етістіктен кейін қойылады.

She is not working in the garden. Ол бақта жұмыс жасап жатқан жоқ.

He will not do it. Ол бұны жасамайды.

He does not live there. Ол онда тұрмайды.

They did not write a letter to him. Олар оған хат жазған жоқ.

@ Exercise 1.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 786 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...