Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Сұрақтар жалпы, балама, арнайы және бөлшек болып төртке бөлінеді. Сұрақтар көмекші немесе модальдық етістікті бастауыштың алдына қою арқылы құрастырылады.
When didyou go there? Сіз сонда қашан бардыңыз.
Жалпы сұрақтар (General questions).
Жалпы сұрақта көмекші немесе модалдық етістіктер бастауыштың алдында тұрады. Жалпы сұрақтың жауабы қысқа болады. /Yes,no/
Do you speak French? | Yes, I do. | No, I don’t. |
Сіз французша сөйлейсіз бе? | Иә | Жоқ |
Can you swim? | Yes, I can. | No, I can’t |
Сіз жүзу білісіз бе? | Иә | Жоқ |
Балама сұрақтар (Alternative questions)
Балама сұрақ – жауапта екі адамнан, заттан, қимылдан, немесе т.б. бірін таңдауға болатын сұрақ. Бұл адамдар, заттар, қимылдар, қпсиеттер және т.б. сөйлемде or «немесе» шылауымен байланысқан сөйлемнің бірыңғай мүшелері болады.
Or шылауы дауыссыздан басталатын сөздер алдында [o: ], дауыстыдан басталатын сөздер алдында [o:r ] болып оқылады.
Is it a pen or a pencil? – It is a pen
Мынау қалам ба әлде карандаш па? – Бұл қалам.
Балама сұрақтың сөз тәртібі жалпы сұрақтың сөз тәртібіндей болады. Біріңғай сөйлем мүшелерінің біріншісі көтеріңкі дауыс ырғағымен, екіншісі төмен дауыс ырғағымен айтылады.
Арнайы сұрақтар (Special questions).
Арнай сұрақтар сұраулы сөздерден басталады: who? кім? what? which? қандай? Не?
When? Қашан? Where? Қайда? Why? Неге? How? Қалай? How much? Неше?how long? Қандай ұзақ?
Арнайы сұрақта көмекші немесе модальдық етістіктер алдында көмекші (what, when, where, why) сөздер тұрады.
What did she tell you? Ол сізге не айтты?
Бөлшек сұрақтар (Disjunctive questions).
Бұл сұрақтар жалпы сұрақтар сияқты болымды немесе болымсыз жауапты талап етеді, яғни сұрақта берілген оймен келіседі немесе келіспейді. Ол екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі хабарлы сөйлем (болымды немесе болымсыз), екінші бөлігі қажетті көмекші (модальды) етістіктен және атау септігіндегі жіктеу есімдігінен тұратын қысқа жалпы сұрақ болады. Егер бірінші бөлігі болымды болса, көмекші (модальды) етістік болымсыз түрде қолданылады, ал бірінші бөлігі болымсыз болса, екіншісі болымды түрде болады.
You bought the tickets, didn’t you? – Сіз билеттер алдыңыз, солай емес пе?
He hasn’t come from Moscow yet, has he? – Ол әлі Мәскеуден келген жоқ, солай ма?
Бұйрықты сөйлем. (Imperative sentences).
Бұйрық сөйлемдер бұйрықты, өтінішті, кеңесті білдіреді. Бұйрықты сөйлемдер болымды және болымсыз болады. Бұйрық сөйлемдер баядауыштан басталады.
Open the book. Кітапты ашыңызшы.
Өтінішті сұраулы сөйлемдер (will, would арқылы көрсетіледі.)
Will you help me? Көмектесіп жібересіз бе?
Won¢t you open the window? Терезені ашып жібересіз бе?
Лепті сөйлем.
(Exclamatory sentences)
Егер айтылатын ой таңдануды, шаттануды, наразылықты білдіретін болса,онда хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер лепті сөйлем бола алады.
Have you ever seen such weather! Сіз мұндай ауа райын қашан да болса көрдіңіз бе!
@ Exercise 1.
Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1265 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!