Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Модельдеуші алгоритмнің жалпы құрылымы



Модельдеуші алгоритмнің жалпы құрылымы имитациялық модельдеудің негізгі мақсатын, яғни зерттелетін жүйенің жұмысын, немесе маңызды көрсеткіштерін жақсартуға себепкер болуы қажет.

Ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, ең бірінші қарастырылып отырған объект әлде жүйедегі процестердің белгіленгеп уақыт аралығындағы хал-күйін модельдей білу керек. Екіншіден, модельдеу кезінде алынған көрсеткіштердің ақиқаттығын және дәлдігін қамтамасыз ету қажет. Үшіншіден, модельдеу арқасында, зерттеліп отырған объекттің жұмысын жақсарту бағыттарын айқындау керек.

Осы айтылған тілектер модельдеуші алгоритмнің жалпы құрылымының үш циклдан тұруын талап етеді (9.1.-сурет).

Ең кіші цикл (5-8 блоктар) зерттелетін жүйенің жұмысын берілген уақыт аралығында модельдейді. Имитациялық модельдің осы уақыт аралығындағы жұмысын болашақта модельдеудің бір нақтыламасы деп атаймыз.

3 пен 10 аралығындағы блоктардан тұратын ортаншы циклда имитациялық модельдеудің N ретті нақтыламалары алынады.

Ал 11- ші блокта, осы нақтыламалардың нәтижелерін статистикалық әдістермен өндеу арқылы, зерттеліп отырған объекттің ортабелді көрсеткіштері есептеледі. Осы көрсеткіштердің дұрыс мағынасын табуға қажетті нақтыламалардың санын (N), немесе осы көрсеткіштердің алдын-ала тағайындалған дәлдігін пайдалануға болады.

Сыртқы цикл екі ішкі циклдің барлық блоктарымен қатар 1, 2, 11, 12-ші блоктарын да қамтиды. Осы төрт блок объекттің жаңа варианттарын модельдеуді қамтамасыз етеді. Ол үшін 12-ші блок алынған көрсеткіштердің тиімділігін бағалайды, ал 1-ші блок объекттің әртүрлі параметрлерін өзгерту арқылы оның тиімділігін арттыратын жолдарды іздестіреді. Біраз объекттерді имитациялық модельдеу кезінде сыртқы циклды қолданбауға да болатыны анық.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 656 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...