Көпшілікке қызмет көрсету сұлбасымен бейнеленетін бірсыпыра нақтылы жүйелерді зерттегенде, олардың қызмет көрсету каналдарының сенімсіздігін, яғни анда-санда істен шығып қалатынын ескеру қажет.
Жоғарыда қаралған бірканалды көпшілікке қызмет көрсету жүйесін сенімсіздік қасиетімен толықтырайық. Яғни, каналдың бұзылмай қызмет істеу уақыты үлестірім заңы белгілі кездейсоқ шама болсын. Істен шығып қалған каналды қалпына келтіру уақыты да әдетте үздіксіз кездейсоқ шама болатыны анық. Бұл шаманың да үлестірім заңы белгілі деп есептейік. Егер канал кезекті талапқа қызмет көрсетіп жатқан кезде бұзылса, ол талапқа қайтадан қызмет көрсетілмейді.
Енді каналдың істен шығып қалу мүмкіншілігін ескере алатын ішене алгоритмді құрастырайық (10.3 - сурет).
Бұл ішене алгоритм негізгі модельдеуші алгоритмнің (10.1 -сурет) 21 - ші операторынан кейін r белгісінің көмегімен моделъдеуге қатысады:
Осы ішене алгоритмнің бастапқы операторы (21.1-ші оператор) R=1 шартын тексереді. Бұл шарт орындалмаған, яғни каналдың сенімсіздік сипаттамасы ескерілмеген жағдайда, кезек негізгі алгоритмнің 22 - ші операторына тиеді. Сондықтан ұсынылып отырған ішене алгоритм іске аспай қалды.
10.2 сурет
Ал r =1 шарты орындалған жағдайда көпшілікке қызмет көрсету жүйесі каналының сенімсіздік сипаттамасын ескере отырып модельденеді. Сондықтан 21.1-ші оператордан кейін, осы ішеме алгоритмнің 1-ші операторында l = о шарты тексеріледі.
Бұл шарттың мағынасы мынада. Қызмет көрсетуші каналдың жұмысын модельдеген кезде ең мадызды дерек каналдың істен шығу мезгілі (
).Сондықтан кез-келген уақыт үшін осы мезгіл алдын-ала модельденіп отыруы керек. Соны қамтамасыз ету үшін Lбелгісін кіргізейік:
1, егер каналдың істен шығу мерзімі
анықталса, анықталған
L= 0, өткен істен шығу мезгілі
қолданылып,келесі істен шығу
мезгілін табу қажет болса.
Ең бастапқы шақта, әрине, l =о шарты орындалады да 2 мен 3-ші операторлар каналдың бұзылмай жұмыс істеу мерзімін болжай отырып, келесі істен шығатын
мезгілін анықтайды. Сондықтан 3-ші оператор L белгісінің мәнін өзгертеді.
Ал бірінші оператордың шарты орындалмаған жағдайда кезек бірдан 5-ші операторға беріледі. Ол осы ішене алгоритмнің ең маңызды шартын, яғни кезекті талапқа қызмет аяғына дейін көрсетілуін, тексереді 
Бұл шарт орындалған жағдайда кезекті талапқа қызмет көрсетілді деген мәлімет негізгі модельдеуші алгоритмнің 22-ші операторында санаққа тіркеледі. Ал бұл шарт орындалмаса, канал кезекті талапқа қызмет көрсетіп жатқан уақытында бұзылғаны мәлім болады да, бұл талап осы жүйеден толық қызмет ала алмай кетуіне тура келеді.
Сондықтан 6 және 7-ші операторлар каналды қайта қалпына келтіру мерзімін модельдеп, келесі талапты қабылдауға даяр (
) мезгіліп анықтайды.
Келесі 8-ші оператор, каналды қалпына келтіру мерзімі модельдеу интервалына кіре ме, кірмей ме деген сұракқа жауап береді. Осы оператордың шарты орындалған жағдайда, 9, 10, 11-ші операторлардың көмегімен бірнеше көрсеткіштерді анықтай отырып, кезек 12-ші операторға беріледі. Бұл оператор каналды қалпына келтіруге жұмсалған уақыттың жалпы мөлшерін есептеуге бейімделген. 13-ші оператор арқылы каналдың қалпына келген мезгіліне бұл канал бос деген сипаттама беріледі. Ал 14-ші оператор каналдың келесі істен шығатын мезгілін жобалау үшін дайындық жасай бастайды, және осы ішене алгоритмнің соңғы операторы болады. Енді кезек негізгі модельдеуші алгоритмнің (10.1 - сурет) 23-ші операторына беріледі.
Сурет