Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Модельдеудің сәйкестігін бағалау



Өте күрделі жүйелерді зерттегенде кездесетін проблемалардың бірі, ол бұл жүйелердің модельдерінің кандайы болмасын, осы жүйеге тән процестерді толық сипаттай алмайтындығы.

Сондықтан жақсы модель деп осы жүйедегі өзгерістердің, оның негізгі көрсеткіштеріне әсерін дұрыс білдіретін модельдерді айтады.

Алынған модельмен осы модель бейнелейтін процестердің сәйкестігін тексеру әлде, басқаша айтқанда, құрастырылған модельді бағалау қажет.

Математикалық модельдерді бағалау көбінесе үш сатыдан тұрады.

Бірінші сатыда зерттелетін процесс пен оның моделінің тұрпайы сәйкестігі тексеріледі. Тұрпайы модель мынандай сұраққа болымды жауап беруі керек. Егер осы модельге. қарастырылып отырған жүйенің маңызды параметрлері мен айнымаларының шектік мағыналарын қойғанда, абсурдты нәтижелерге әкеліп соқпай ма?

Тексерудің екінші сатысында модель жасау алдындағы бастапқы болжамдарды тексеру керек. Яғни, модельденетін жүйенің қандай параметрлері мен айнымаларын маңызды деуге болады және құрылған модельде елеулі параметрлердің бәрі ескерілген бе?

Елеулі айнымаларды анықтау үшін, олардың жүйе жұмысының баламасына әсерін білу қажет. Ал, модельде барлық елеулі параметрлер мен айнымалардың қамтылғанын анықтау үшін статистикалық анализ әдістерін, мысалы, тиімділік көрсеткішінің дисперсиясын пайдалануға болады.

Модельдің сәйкестігін бағалаудың үшінші сатысында жүйенің кіріс айнымаларын түрлендіру тәсілдері тексеріледі. Осындай тексерудің негізі ретінде дисперсиялық, регресиялық, факторлық, спектральдық талдаулар, автокорреляция. келісім баламасымен тексеру, статистикалық таңдамалардың математикалық үміті мен дисперсиясын бағалау әдістері қолданылады.

Жасалған модельдерді бағалағанда, олардың іс жүзінде колданушыларға қолайлылығын естен шығармау қажет.

Осы айтылған жағдайларды қорыта келіп, жасалған модельді жақсы модель деп санау үшін ол:

- іс жүзінде қолданушыға қолайлы және анық;

- басқаруға жеңіл;

- ол арқылы алынған нәтижелер дұрыс және толық;

- жаңа талаптар бойынша өзгертулер енгізуге бейімделген

болуы қажет екенін анықтаймыз.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 509 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...