Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Модельдеудің нәтижелерін өңдеу



Имитациялық модельдеу нақтыламаларын жүзеге асырғаннан кейін оның нәтижелерін өңдеу қажет. Жоғарыда. айтылғандай имитациялық модельдеу көбінесе өте күрделі жүйелерді зертгеуге қолданылады және модельдеу кезінде бір емес бірнеше нақтыламалар алынады.

Сондықтан осы жүйелердегі процестерді толық сипаттау үшін модельдеу барысында көптеген параметрлер мен айнымалардың мағынасын қадағалап компьютердің жадында ұстау қажет. Ал осы кей деректерді өндеу үшін біраз уақыт және күш салу керек. Өте күрделі жүйелерді модельдегенде осынша деректермен жұмыс істеу қазіргі компьютерлердің де қолынан келмейтіні анық.

Сондықтан имитациялық модельдеу барысында осы көп деректерді компьютердің жадында сақтау және өңдеу әдістерінің біраз ерекшеліктері болуы тиіс.

Ең басты ерекшелік - имитациялык модельдеудің нәтижелері ең аяғында ғана емес, осы модельдеудің басынан бастап біртіндеп анықтала бастауы керек және әр керсеткіш компьютердің жадының бір ғана бөлшегін алып, оның жаңа мәні бұрынғы мөлшерін түрлендіру арқылы қайтадан осы бөлшекте сақталуы тиісті.

Имитациялық модельдеу кезінде көптеген кездейсоқтықтардың әсерін ескергендіктен оның біраз көрсеткіштері де кездейсоқ шамалармен бейнеленуі мүмкін. Сондықтан, осы кездейсоқ шамалардың мағынасы ретінде математикалык үміттер, дисперсиялар және тағы басқа ықтималдылық сипаттамалары қолданылады.

Осы алты саты, әрине, жалғыз имитациялық модельдеу кезінде ғана емес, басқа да зерттеулерде кездеседі. Алайда, имитациялық модельдеудің кейбір сатылары басқа зерттеулердің осындай сатыларынан біраз айырмашылығымен танылады.

Осындай сатыларға математикалық модель құру, эксперименттерді жоспарлау және оның нәтижелерін өңдеу сатылары жатады. Сондықтан имитациялық модельдеудің осы айырмашылыктарымен танысуды математикалық модель құру сатысының ең басты, яғни бұл модельдерді түрлендіру арқылы модельдеуші алгоритмдерді құру, ерекшелігінен бастайық.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 810 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...