![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Негізгі ұғымдар: Әдеби-теориялық білім, жанр, әдеби тек, эпос, лирика, көркем туынды, логикалық бірлік.
Әдеби жанр (французша ‑ тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. Біріншісі, әдебиеттердің қалыптасқан тектері эпос, лирика, драма; екіншісі, әдеби туындылардың түрлері ‑ әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр – даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жанрдың түп негізі сақтала отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады. Поэзия ‑ әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында тұрады. Лириканы оқыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.
Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрқайсысының белгілі бір қызметі қалыптасады.
Эпос болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде суреттейді.
Лирика адамның ішкі сезім‑күйін, әр түрлі эмоционалдық жағдайын бейнелейді.
Драма кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, қақтығыстарды әлеуметтік‑психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына ақынның көзқарасын, күйініш‑сүйініш сезімін, толғаныс‑тебіренісін көрсетеді. лириканы талдау оқырманды өнерді эмоциялық‑эстетикалық жағынан түсінуге баулиды.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғатына әр алуан. Эпикалық шығармада қаламгердің өзін қоршаған дүниені көркемдік пен суреттеуміне қатар, өмір шындығын әдеби образға жинақтап, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада өмірдің түрлі құбылыстарынан туындаған ой-сезімдерді ақынның тікелей бейнелеуіне бағытталады. Драмада алғашқы екеуінің мүмкіндіктерін өз бойына біріктіреді. Яғни пьесадағы түрлі кейіпкерлердің мінездері өздерін-өздері тікелей көрсетуі арқылы ашылады.
Әдебиет тектерінің тұрақтылығын былай түсіндіруге болады. Адам нақты бір қоғамдық жағдайларда дамиды, белгілі бір әрекеттер, ойлар мен толғаныстар арқылы өзін-өзі танытады. Эпос, лирика, драма өзара ұштаса отырып, халықтар өмірінің тұтастай дәуірін қамтитын аса күрделі қоғамдық үрдістерді бейнелеуден бастап, бір ғана адамның толғаныс-толқыныстарын көрсетуге дейінгі адам санасы мен өмірді терең де жан-жақты суреттеуге шексіз мүмкіндіктер ашады.
Жанр - даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланыста болса, екінші жағынан әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процесті атқарар роліне алар орнына байланысты. Жнарлық дамудың өзі – тірі поцесс. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады. Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады.
Жанр – нақты тарихи түр. Қазақ эпосы бр кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті, одан келе жанрлық табиғатына мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты.
Дәстүрлі түрде әдеби тектер үшке бөлініп, әрқайсысы сөздің белгілі бір қызметіне сай келеді де, оның эстетикалық ерекшелігін белгілейді.
1. Эпос, болмысты белгілі бір ауқымда, көлемде, уақыт пен кеңістік аясында және оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде қамтиды.
2. Лирика, жеке адаманың ішкі дүниесін, сезімнің қалыптасып, өзгеруімен, мұң-қиялымен, көңіл ауанымен, қайғғы-қуанышымен ашып көрсетеді.
1. Драма, сөздік әрекеттерді эмоционалды ерікті ұмтылысымен, әлеуметтік-психологиялық сипатымен, ішкі еркіндігімен және сыртқы шектеулілігімен, қысқасы екі жақты экспрессивті –сюжеттік қатынастарымен танытады. Сол арқылы әдебиеттің бұл тегі өз бойында лирика мен эпостың сипаттарын ұштастырады. Кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр.
Белинский эпикалық шығарманың ерекшелігі, мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса, эпостағы басты оқиға екенін ескертеді. Бұдан шығатын қорытынды- эпос жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол жасаған оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3 түрге бөлінеді. 1/ шағын көлемді эпикалық түр. 2/ орта көлемді эпикалық түр. 3/ кең көлемді эпикалық түр. Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау 3 түрдің біріне жатады.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттеледі. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді.
Шағын эпикалық шығармалар әдеби тарихның әр кезеңінде әр сипатта болған. Мысалы: ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды – мия, одан кейін – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.
Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айнадыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі туған жері ежелгі Греция.
Эпостың көне түрлерінің бірі – аңыз. Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас фантастикалық қиял.
Бірақ мифтен өзгешелігі – аңыздың негізінде шындыққа жөн асымды, көбіне өмірде болған халық есінде сақталған оқшау оқиғалар жатады. Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі – ертегі. Бұл да миф пен аңызға ұқсас, адам өмірін де, не хайуанат дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық, кейде ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем хикая.
Ертегінің тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан.
Мысал – эпостық шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге келекеге, мазаққа айналдырып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі өткір болады.
Дата публикования: 2014-11-19; Прочитано: 4115 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!