Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д26. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран



1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ирандағы демократиялық қозғалыстар. Масадық өкіметі.

2. Ирандағы «Ақ төңкеріс», оның нәтижесі.

3. Шах режимінің дағдарысы. Шиит дін басшыларының рөлі. Аятолла Хомейни.

4. 1979 жылғы төңкеріс. Иран Ислам Республикасының жариялануы, оның ішкі және сыртқы саясаты.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Иран елінің экономикалық жағдайының нашарлауын байқалды. Қалалардағы және ауылдардағы ең қажетті тауарлардың жетіспеуі, қымбатшылықтың өсуі бүқара халықтың жағдайын ауырлатты.

1949-1953 жылдары антиимпериалистік көніл-ой Ағылшын-Иран Мұнай Компаниясы /АИНК/ мемлекеттік меншіктеу қозғалысына қалыптастырды. 1914-1950 жылдар аралығында АИНК Иран елінін 324 млн.тонна мұнай өндірін, оны сатудың арқасында таза 5 млрд.долларға тең пайда болған. Ал Иранға қайтаратын жылдық теңгеру көлемі 8 пайыздан аспаған. АИМК-ты мемлекеттік меншіктеуде мудделі болғандарың қатарында Иран кәсіпкерлері, саудгерлер, ұсақ буржуазия, қолөнершілер және діншілер өкілдері байқалды. Атанған топтардың бірлігі үлттық майдан түрінде құрылды. Бұл саяси ұйым 1940 жылы кузінде қалыптасты. Ұйымның басшылығында атақты саясаткер, патриот, еуропалық заңгерлік білімі бар Мохаммед Мосаддық /1879–1967/ мырза тұрды. АИНК-ны мемлекеттік меншіктеу талабы жалпы халықтың ұранға айналады. 1951 жылы басындағы Иранның көптеген қалалары мен аудандарында халықтың митингілері мен шерулері өткізіліп, АИНК-ның барлық мулкі мемлекетке берілсін деген ұрандар тастанды. 1951 жылы 15 наурызында Иран мәжілісі мұнай өнеркәсібін мемлекеттік меншіктеу заңын қабылдады. Сөйтіп, бес күннен кейін бүл заңды Иран Сенады бекітті.

Иран парламенті тарихи маңызы бар заңды қабылдады. Бұл заң Таяу Шығыстағы ағылшын империалистерінің отаршылдық тірегін жойды.Бұл заңды тезірек іске асыру үшін 1951 жылы 28 наурызда мәжіліс Мохаммед Мосаддықты премьер-министр қызметке сайлап, 1952 жылы 3 тамызында оған 6 айлық мерзімге төтенше өкілеттік қүқығын берді.

Англия мен АҚШ-тың талабына сәйкес көптеген капиталисттік мемлекеттер Иранды экономикалық аластау қысымына алды. Иран мәжілісінде де бірауыздық болмады. Мәжілістің едәуір депутаттар тобы М.Мосаддықтың саясатын қолдаудан бас тарата бастады.

1953 жылы 19 тамызында болған әскери төңкерістің нәтижесінде Мосаддық үкіметі таратылды және жазаға тартылды. Жаңадан келген үкімет әскери – полицейлік тәртіп орнатып, 1953 жылдың соңында Англия мен мәмілюктерлік қатыныстарды қайта орнатып, «халықаралық мұнай консорциумы» атты компания ұйымдастыруға келісті. Бұл компанияның құрамында АҚШ, Франция, Голландия және бурынғы АИНК өкілдеріде бар еді.

АҚШ мамандары елдегі қайшылықтарды жұмсарту жолы реформалық әрекеттерде деп ақыл айтты. Шах және оның қаршауындағы қызметшілер дәстүрлік қатынастарды жаңарту әдістерінің қамын ізденуде болатын. 1962 жылдан бастап Иран шахы Мохаммед Реза Пехлевидің /1949-1979/ бастауымен ірі реформалық әректтер басталды. Бүл реформалар елді жаңалап, оны қазіргі капиталистік әлем қатарына оқылдастыру міндетін қойды. Бұл реформалық әрекеттерді Реза шах Пехлеви «Ақ революция» деп сипаттады. Реформаның мақсаты елді индустриаландыру, жер мәжелесін реттеу, білім және денсаулық сақтау салаларын жаңарту мәселелеріне тірелді. Ал 1963 жылдан бастап Иран әйелдері жергілікті және жоғарғы басқару органдарының сайлауына қатысып дауыс беру құқығын алды.

Шаруалар жер салығын бөліп-бөліп кешеулдетіп төлейтін болды. Мемлекет алдын ала помещиктін жер иелеріне 70-млрд риал қаржы төлеп, 15-20 жылдардың шамасында жер алған шаруалар қоныстарынан жердің құнын қайтарып алатын болды. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды өткізетін шахтың жақтастарын «технократтар» деп атады. Технократтармен Иранды феодалды елден экономикасы дамыған елге шығару үшін, оның модернизациялауы тарихта «Ақ революция» немесе «шах пен халықтың революциясы» деген атаққа ие болды. 10-12 жылға созылған «Ақ революцияның» агрларлық шаралары 55 мың ауылдарды, 22 мың хуторларды қамтып 3,1 млн шаруалар қоныстарына /12 млн. астам ауыл тұрғындарина/ жер берді. 1960-1970 жылдары аграрлық реформа Иран ауылдарындағы дәстүрлі негіздерді тубегейлі өзгертіп, ауылшаруашылық саласындағы капиталистік қатынастар дамуының тамырын салды. Ауылдық жерлердегі ірі помещиктік иеліктің негізі жойылды, ұсақ және шығын жер иелік көбірек орнатылды. Аграрлық реформаның айтарлықтай кемшіліктері де байқалды. Жер реформасының ережесі бойынша су қорлары жеке меншіктің келігінде қалып реформаға қатыстырылмады. Ирандағы 18 млн. га шаруашылыққа жарамды жерлердің 11 млн-нан астамы су қоры болмағандықтан іске жарамады. Дағдарыстың қосымына түскен ұсақ және шамалы жер иелері жерлерін бұрынғы қожаларына сатып, туып-өскен жерінен Иран қалаларына кете бастады. Ұлттық байлықтың негізгі қорлара шах және сонымен байланысқан жаңа өнеркәсіптің және банктік буржуазия топтары шахтың тірегі болды. Орасан зар көлемді қаржылар армияға, полицияға т.б.жұмсалды.

Бірақ осы реформаларға қарсы дінбасшылар шықты. Олардың басында аятолла Хомейни болды.

Елдегі дағдарыстардың қайшылықтары Иран қоғамындағы революциялық жағдайды дайындады. Революциялық әрекеттер 1978 жылы қаңтарда Кум қаласында оқиғалары басталды. Кум қаласы шейіттік діншілдердің орталығы болды. Полиция көшеге шыққан ереуілшілдерге қарсы оқ атты. Кум қаласындағы бұқара қозғалыстарына 9ласты.

Революциялық қөзғалыстың басшылығында діншілдердің шиіттік тобы тұрды. Діншілдер халыққа жағымды ұрандарды ұсына білді:

- шах тәртібін жоюды;

- байлар мен кедейлер арасындағы терең алшақтықты жұмсар туды;

- елден шетел капитанын, әсіресе АҚШ капиталын шығару.

Осының әсерінен 1979 жылы 12 қаңтарында шах елден кетті. Ал 1979 жылы 1 ақпанда Р.М.Хомейни /1902 – 1989/ әмиграциядан оралып келді. Р.М.Хомейни сүйеттіп діншілдердің көрнекті жетекшілерінің бірі болатын. Ол 1979 жылы 1 сәуірінде Иран Исламдық Республикасы деп жарияланды. Сонымен бірге Конституцияда исламдық басқару тәртібі – веялаят-е факих - енгізіледі деп халыққа ескергілді. Сондықтан абсолюттік билік Аллахтың қолында. Сөйтіп, Иранда барлық республикалық билік жүйесінің үстінен, президент билігін қосқанда, діншілдік қағидаларының ұйымдасқан сайланбайтын мекеменің рөлі ерекше. Әсіресе ең жоғарғы мәртобелі 12 дін қызметшілерінен құрылған «Бақылау кеңесі» атты орган. Осы қенесті «Рахбар» атты жетекші басқарады. «Рахбар» дегеніміз Аллахтың еркін білдіреді деген мағынада айтылды. Бұл ұыйм «Рахбар» президентті қызметтен босатуға, ислам мөлшеріне шақ келмейтін парламент заңдарының күшін тоқтатуға шамасы болды. Осы «Рахбар» қызметін ең алғашқы болып атқарған Р.М.Хомейни болды.

Ал 1997 жылы сайлауда М. Хатами тұрғындардың 70о/о-ның көнілін тауып үлкен жеңіске жетті.

Қазіргі Иран ислам республикасының билігі Мохаммад Хатами басқарып түр. 2001 жылы маусым айында Иранда 1979 жылғы Ислам Революциясынан бергі есеп бойынша сегізінші рет еркін сайлау өткізілді. Осының алдындағы 1997 жылғы өткізілген сайлауда М. Хатамиге сайлаушылардың 70 пайзы дауыс берсе соңғы өткізілген сайлауда ол өзін қолдаушылардың 80 пайызының дауысына ие болған болатын.

Иранда президент – жоғары рухани басшыдан кейінгі мемлекеттегі екінші тұлға. Президент атқарушы биліктің барлық жұмыстарына жетекшілік жасайды. Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын белгілеуде шешім рухани басшының рұқсатымен шешім алады.

Оның теңсіздік, аласапыран, қақтығысқа толы болған 20-ғасырдың бітуге таянғанын, жаңа ғасырда бүкіл әлемде баянды бейбітшілік болуын тілеп, американдықтарды еркіндік, әділеттілек, іс-қимыл жасап, бейбіт қатар өмір сүруге шақыруы, оларға үндеу тастауы кезінде бүкіл дүниежузінде парасаттылықпен қабылданды.

М.Хатами исламның елге, дінге дұшпандығы жоқтығына: «Коммунизм жойылған соң кейбір орталар исламды жаңа дұшпан ретінде көре бастады. Бұлар демократия, даму жолындағы басқа да бүкіл адамзат мәдениет нәтіжелерін қолданып жүрген исламды қорлауды»,- деп өз пайымдауын орынды жеткізе білді. «Ситуп хол» университетінде сөз сөйлеп, былай деген болатын: «Соғыс шаршаған әлем бейбітшілікке мүқтаж, бейбітшілік әділеттік негізінде орнығады...

Модернизм адамзатқа көптеген табыс алып келді, бірақ аллани естен шығарды. Осы ғапыл қалу кесірінен соғыс, жауыздық, террор кең қанат жайып келеді.Шынайы бейбітшілік жан мен жаһанның негізі. Бүгінгі таңда адамзаты алалау, мейірімсіздік, қырып – жою шаршатып отыр, сондықтан қазіргі әлем илаһи діндердің негіздерінің логикасына мұқтаж. Бүгінде мәдениет пен өркениеттердің диалогын сөз еткенімізге, оларды ымыраға келтіретін махаббат тлеі және парасат екеніш ұмытпаған абзал.

Иран халықаралық атом әнергетикасы жоніндегі агенттікке / МАГАТЭ/ отініш білдіріп, өз еліндегі атом ғылыми орталығында зерттеулер жүргізуге комек беруді де сүраған.

Президент М. Хатами өз хатында ядролық технологияны атом қаруын өндіру мақсатында пайдалануга, батыстың тәуелсіз қарусыздануди желеу етін, қасым жасауына қарсы екенін, атом қуытын бейбіт мақсатқа пайдалануға шек қойшимауы тите деп мәлімдеген. Оның осы мәлімдемесі Алмания мен Франция сияқты ықпалды мемелекеттер мен АҚШ саясатын қолдаудан тынбайтын Ұлыбртанияны да Иран жағына оң көзқарас танытуларына әкеліп соқтарған.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

3. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4668 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...