Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д25. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан



1. Үндістанның республика болып жариялануы. 1950 жылғы конституция.

2. Үндістандағы экономикалық дамуы, оның ерекшеліктері.

3. Конгрестік социализм және «аралас экономика» концепциясы. Аграрлық реформалар. Өндірістегі мемлекеттік сектор.

4. «Үнді ұлттық конгресінің» әрекеті.

5. Р. Гандидің демократиялық саясаты.

Маунтбэттен жоспары Үндістанның тәуелсіздігі туралы (1947 ж. 15 тамыз) заң ретінде күшіне енгеннен кейін, бұрынғы отарлар орнына екі доминион қалыптасты – Үнді одағы мен Пәкістан. Оның нкінші мемлекеті екі бөліктен құралды – Үндістанның шғысында (казіргі Бангладеш) және батыста Инд алқабында орналасты. Діни белгілері бойынша бөлінген екі мемлекет үнді-мұсылман қақтығысының шиеленісу, қатал қуғындау мен миллионға жуық адамдардың өмірін қиған қантөгіс соғыстар жағдайнда қалыптасқандығн (кейбір мәліметтер бойыеша, Пенджабтағы қақтығыстар мен ұрыстарда жарты миллион адам қаза болды) айтпағанның өзінде ең басынан бірбіріне жаулықпен қарады. Сонымен қатар князьдіктерге ерікті тандау құқығы берілуінебайланысты жағдай тіпті күрделене түсті. Үндістан территориясындағы уөпшілігі мұслман біркатар князьдардың халықтың басым бөлігі үндістер болса да, князьдік тұрғындарының қалауы бойынша Пәкістанға қосылуға ниет білдіруі қиындықтар туғызып, Үнді одақ үкіметінің қарулы күштерінің араласуына әкелді. Нәтижесінде Үндістан территоричсындағы князьдіктер солтүстік Кашмирмен қоса осы мемлекет құрамына енгізілді. Бірақ Кашмирдің бір бөлігі бөлігі Пәкістан құрамында қала берді.

Қаңды қаұтығыстар миллиондаған босқындар толқынын туындатты. Нәтижесінде ұлттық шовинистік өозғалыстар өрыстеп, оған тоқтау салуға тырысқан М.К.Ганди 1948 ж. қаза тапты.Пәкістан үлесіне Үндістанның тоқыма кәсіпорындарын мақта және кендірмен қамтамасыз ететін бай ауыл шаруашылық аудандары көшті.

1949 ж. конституциялық реформаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп, караша айының соңында Құрылтай жиналысы жаңа Үндістанның конституциясын қабылдады. 1950 ж. қаңтарда заң күшіне енді. Үндістан Республикасы жарияланды, бірақ ол Британ ұлттар ынтымақтастығының мүшесі болып қала беруі метрополиямен бұрынғы байланыстары сақталуына әкелді. Орталық парламент және штаттардыңзаң шығарушы жиналысының бірінші сайлауында(1951-1952) орындардың ¾ бөлігін елдің қазіргн дейінгі билеуші партиясы Үнді ұлттық конгресі (ҮҰК) иеленді. Үкіметті Д.Неру басқарды.

Жаңа үкіметтің алғашқы маңызды реформасы аграрлық саладағы реформа болып табылды. Реформа мазмұны делдалдарды-заминдарларды жою, жерді оны өңдеушілерге, әсіресе жалдаушылырға беру қарастырылды. Тәркіленген жер үшін делдалдар-заминдарлар төлемақы алды. Реформаның нәтижесінде жер жалдаушылар үлесі 70%-дан 12-18%-ға дейін қысқарды және үнді шаруаларының негізгі бөлігі жер иеленушінілерге айналды. Сонымен қатар елдегі қсімқорлар ықпалын төмендетуге бағытталған мемлекеттің қолдауымен кооперативтендіруді дамыту шаралары қолға алынды. 60-70 жж. ағрарлық қайта құрулар «жасыл революция» деп аталған, ауыл шаруашылығы үрдісін жылдам жетілдіруге байланысты жаңа агротехникалық әдістер, тәсілдермен толықтырылды. Осы шаралар демографиялық қарқынды өсімге қарамастан, Үндістанның қазіргі кезде азық-түлік проблемасын негізінен шешуіне септігін тигізді. Бірақ халықтың көп бөлігі кедейшілікте өмір сүретіндіктен, толлыққанды тамақтана алмайды.

Үндістан экономикасындағы мемлекет үлесі басқа да отарлық жағдайдан құтылған Шығыс елдері сияқты бесжылдық жоспарларды іскн асырубарысында куатты өнеркәсіп құрылысының есебінен қарқынды көтерілді. Мемлекет ең көп еңбекті қажет ететін металлургия, химия, ядролық энергетика сиякты қымбат бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды өзіне алды. Бірақ Үндістан үкіметі өзінің алғашқы қадамдарынан-ақ экономикадағы жеке меншік капиталистік секторды қолдауға нақты бағыт алып, оныөнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында да іске асырды. «Жасыл революция» сияқты қайта құрулардан бастап 60-жылдары ортсында тиімді агротехниканы пайдаланушы ауқатты және бай фермерлерді жан-жақты қолдады. Экономикаға капиталистік тәсілдерді белсенді еңгізу және тауар өндірушілердің бәсекелестігі негізінде еркін нарыққа бағыт алу елдің экономикалық мүмкіндіктерін біртіндеп маңызды деңгейге көтеруге жағдай туғызды. Қазіргі Үндістан өзінің металлургиясы (КСРО көмегімен маңызды бөлігі салынған), энергетикалық дамыған базалары, жан-жақты өндеуші өнеркәсібі, қажетті инфрақұрылымы бар ел болып табылады. Мемлекет саясаты барлық дамудын, сонын ішінде шетел капиталы мен түрлі трансұлттық корпорацияларды тарту арқылы мүмкіндік- терін қолдануды жан-жақты ынталандыруға келіп саяды. Елдің ішкі ұлттық өнімдегі мемлекеттіқ сектордың жалпы үлесі қазіргі кезде 20%-ға жуық мөлшерді құрайды.

2004 жылдың сәуыр-мамыр айларында парламентке сайлау өткізілді.Ұлттық-демократиялық одақ коалициялық үкімет құрып (1999 ж. 24 партияның 9 ғана бірікті), өз қайраткерлігі негізіне сайлау алды науканы кезінде Ұлттық конгресс ұсынған 6 басым бағыттарды бағдарламаларына енгізді: қоғамда әлеуметтік бірлік пен үйлесімді қамтамасыз ету; экономикалық өсу қарқынын күшейту (жыл сайын 10 млн. жұмыс орнын ашу): шаруалар мен жұмысшылардың тұрмыс деңгейін көтеру; шебер мамандар мен кәсіпкерлердің шығармашылық куатын пайдалану; әлсіз топтар үшін тендік мүмкіндіктерін қамтамасыз еті; саяси және экономикалық қмірге әйелдердің қатысуын ұлғайтуға атсалысу.

Премьер-министр болып Манмохон Сингх сайланды. (Соня Ганди ұкіметті басқарудан бастартты).

Үндістанның сыртқы саясаты Азиядағы күштердің геосаяст құрылымына байланасты. КСРО-мен одақ пен ынтымақтастық Үндістан мемлекеттік экономикасының нығаюына ықпал етті (заманға сай кәсіпорындар құрылысы) және достық, бейбітшілік, ынтымақтастық туралы бірқатар манызды құжаттарға, сонымен бірге 1986 ж. Дели декларациясына қол қойды. КСРО-ның ыдырауымен оның орнын Ресей басты. Қазіргі танда Үндістан басқа да елдермен ыетымқтастықтағы ұлы державалар қатарындағы мемлекет. Оңтүстік Азия елдерінің аймақтық топтарының мүшесі, қарусыздану ісінде түрлі үндеулер мен бастамалар көтеріп, әдідетті халықаралық экономикалық тәртіп үшін күресте белсенділік танытуда.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

3. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 6575 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...