Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д30. Қазіргі кездегі Африка елдері



1. Қазіргі кезеңдегі Африканың саяси картасы. Ерекшеліктері.

2. Қазіргі кездегі Африка елдердің экономикалық дамуы.

1. 1975 жылдың аяғында Испания өз отары Рио де Оро жерін тастап шыққанда екі ел өзара бөліске салды. 2/3 бөлігін Марокко,1/3 бөлігін Мавритания иеленді. Бірақ батыс-сахаралық ұлтшылдарының ПОЛИСАРИО ұйымы құрылып, бұл территория тәуелсіздігі үшін күресті.Олар көрші мемлекеттер – Алжир және Ливия көмегіне сүйене отырып, 1976 ж. Сахара Араб Демократиялық Республикасын жариялады.

ПОЛИСАРИО КСРО-дан (Алжир арқылы) ал Марокко АҚШ пен Франциядан көмек алу нәтижесінде ұзаққа созылған соғыс басталды.

Экономикалық күрделі жағдайға тірелген Мавритания 1979 ж. Рио де Оро жеріндегі өз үлесінен бастартты. Ол территорияға мароккалық әскерлер өз бақылауын орнатты. Алайда соғыс барған сайын тығырыққа тіреп, Марокко бақылауындағы территориялардың шекарасы өң бойына көлемді дуал тұрғызуға, 100-мыңдық армияны ұстап тұруға күнделікті шығындар – 750 мың доллар қаржы жұмсауға мәжбүр болды.

1983 ж. король Хасан П М.Каддафимен келісім жасауы нәтижесінде Ливия ПОЛИСАРИО майданын қолдаудан бастартты. Есесіне Чад ісіне араласпауға уеде берді. Бірақ 1986 ж. Хасан П Ливиямен келісімнің күшін жоюға мәжбур болды. Себебі аталған келісім АҚШ үкіметінің наразылығын туғызды.

Дегенмен 1987 ж. Алжирмен келісімге келіп, ПОЛИСАРИО майданын қаржылық қолдауы тоқтатылды. Оның көсемдері арасында келіспеушілік пайда болды. Осы кезенде барлық саяси жағдай өзгеріп, Шығыс- Батыс қарама-қайшылығы артта қалды және бұл Батыс Сахарадағы қарулы қақтығыстарды шешу үшін қолайлы жағдай туғызды. Алайда бұл территориялардағы халықтардың өз тағдырын өзі шешу туралы референдум ұйымдастыру мүмкін болмай отыр, бірақ бұрынғыдай әскери қақтығыстар жок.

Келесі бір ірі әскери қақтығыс Чад мемлекетінде алғашқы президент Француа Томбал-бай кезінде басталды. Оған 1966 ж. штаб-пәтері Ливияда орналасқан ФРОЛИНА ұйымы қарсы шықты. Францияның әскери араласуымен байланысты Ф.Томбалбай билігі сақталғанымен, 1975 ж. ол қаза тауып, соғыс жалғаса берді.

Осы кезенде француздар кетіп, ФРОЛИНА көсемдері арасындағы келіспеушіліктің нәтижесінде Гукуни Уэддей және Хиссен Хабре бастаған екі топ қалыптасты. Алғашкысы ливиялықтардың қолдауымен 1980 ж. Чад астанасы Нджамена бағытында шабуылға шығын, Гукуни Уэддей билікті басып алды. Оның есесіне Ливияға сый ретінде бай уран қоры бар деп болжанған Ауза жерін беруге уеде етілді.

Соғыс жалғасын тапты. 1986 ж. ливиялықтар Г.Уэддейді қолдаудан бастартқандықтан, 1987 ж. Х.Хабре билікке кілді. Бірақ 1990ж. Ливия Хабренің серіктесі Идрис Дубиді қолдауының нәтижесінде соңғысы билікті қолына алды.

Чад мемлекетінде тұрақсыздық жағдай сақталды. Себебі бұл елге қалайда ықпал жасауға тырысқан Ливия, Франция, АҚШ, Израиль елдері оның ішкі ісіне үнемі араласуы жағдайды күрделендірді. Алайда Чад мемлекетіндегі әскери қарамақайшылық ұлғайды, Ауза жерінде уран жоқ болып шықты. Сөйтіп 1989 ж. Ауза сызығына қатысты Чад және Ливия арасындағы дау Халықаралық сотқа берілді.

1990 ж. Батыс Африкадағы Либерияда басталған азамат соғысы кезеңінде және оның көрші Сьерра-Леоне республикасына таралуы мүмкін кезеңде африкалық 5 мемлекет біріккен карулы күштерін құрды (ЭКОМОГ). Бұл күштер өзара қақтығыстарға нүкте қоюы қажет болды.Құрамында негізінен нигериялықтар мен ганалықтар енген 5 мың әскер Либерияға аттандырылды. Көп күш жұмсаудың нәтижесінде 1995 ж. елде биліктің ара-жігін айыру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл басқа державалардың араласуынсыз алғаш рет африкалықтардың қақтығысты табысты шешуге әрекеттері болып табылды. Бірақ 1978 ж. Заирде француз және бельгиялық десанттарын Марокко, Сенагал, Піл сүйегі жағалауы, Того және Габон елдерінің аралас әскерлерімен алмастырылған еді.

Шығыс Африкадағы Менгисту Хайле Мариам режимін КСРО-ның қолдауы көрші – Сомали мемлекетінде дағдарысқа әкелді. 1982 ж.басталған құрғақшылық, аштық және аурулар мемлекеттің ыдырауын тездетті. Сомалиде 1980жж. 20-ға жуық халықаралық ұйымдар жұмыс істегеніне карамастан, жағдай тұрақсыз және дұрыс ұйымдастырылмады.

1991 ж. Сомали президенті Сиад Баре биліктен тайдырылып, елде тәртіпсіздік орнады. 1992 ж. Сомалиге Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі боиынша БҰҰ Күштері бейбітшілік орнату мақсатында аттандырылды. Осы кезенде ел жауласуши әулеттерге бөлініп кетуі, оларды қарусыздандыру кажеттігін туғызды.

2. Мозамбикте бейбітшілік орнауы нәтижесінде өндіріс өнеркәсібі өсіп, 90-жылдардың аяғына қарай жылына 10% қарқынмен дамыды. Алайда 1999 ж. желтоқсанда жаңа сайлау өткізіліп, Мозамбик ұлттық қарсыласу күштерінің ыкпалы өсе түскендігі байқалды. Бірақ ол көпшілік дауыска ие бола алмады. Сөйтіп сайлау барысы билеуші партия Мозамбик азат ету майданы мен Мозамбик ұлттық қарсыласу күштері, әсіресе олардың көсемдері Жоаким Чиссано және Альфонсу Длакомо арасында қарама-қайшылықты шиеленістірді.

Қазіргі кезенде Мозамбик үлттық қарсыласу күштері өз позициясын Мозамбиктің солтүстік және оңтүстік бөлігінде көбірек сақтады, бірақ ел біртіндеп ұзақ соғыстан кейін қатарға қосылып келеді.

Анголада 80-жж. азамат соғысы жалғасып, АҚШ УНИТА-ны қолдап, Ж.Савимбиге маңызды көмек көрсетсе, КСРО 1979 ж. А.Нето өлген соң билікке келген президент Эдуард душ Сантуш үкіметін қолдады. Соғысқа Куба және Оңтустік Африка қарулы күштері де тартылды. Келіссөздер нәтижесінде 1988ж. кубалық және оңтүстік африкалық әскерлерді шығару шығару туралы бітімге қол қойылды.

1991 ж. Португалия, АҚШ және КСРО делдалдығымен Бисесск келісіміне қол қойылды. Келісім нәтижесінде Анголада белгілі бір уақытқа азамат соғысы тоқтатылды. 1991 ж. наурызда саяси партиялар туралы заң қабылданды. Елде 100-ге жуық партиялар құрылды. Конституцияда көп партиялық демократия принципі бекітілді.

1991 ж. қыркүйекте БҰҰ бақылауымен Анголада парламенттік және президенттік сайлау өткізілді. Парламентте Анголаны азат ету үшін халық қозғалысы – 129 орынға, УНИТА 70 орынға ие болды. Президент сайлауында Эдуард душ Сантуш 49,5 % дауыс, ал Ж. Савимби 40 % дауыска ие болғандықтан, сайлудың екінші турын өткізу қажеттігі туындады. Бірақ Савимби сайлау нәтижелерін мойындаудан бастартып, азамат соғысын қайта жандандырды. Тек 1994 ж. қазанда азамат соғысын тоқтату және бейбіт келіссөздерді жаңғырту туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі кезенде африкааралық бейбітшілік орнату күштерін кұру туралы мәселе күн тәртібінде тұр. АҚШ, мысалы, Сенегал және Уганда қарулы күштерінен бір-бір батальон дайындады, ал Гана, Малави, Мали, Тунис және Эфиопия батальондары дайындалуда.

Бұл жағдай әскери қарама-қайшылық деңгейін төмендетіп, әскери шығындарды қыскартуға көмеғін тигізуі мүмкін. Африкалық мемлекеттер, әсіресі экономикалық және саяси тұрғыда тұрақсыз елдер жылына әскери кажеттіліктерге 15 млрд.доллардан астам қаржы жұмсайды. Африканың 12 мемлекеті әскери мақсатта ішкі ұлттық өнімнің 5 % жұмсаса, тіпті бірқатар елдер (Ангола, Марокко, Кабо-Верде) 12 %-ке дейін шығындауы НАТО-ға мүше елдермен салыстырғанда бірнеше есе артық..

Африкалық бір сарбазды қамтамасыз етуге кажетті қаражат 364 жай азаматтардың емделуіне, әлеуметтік қамсыздандырылуына және білім алуына жұмсалатын қаржымен тең келеді. Аса көлемді әскери шығындар халықаралық қақтығыстар қауіпін туғызып ғана қоймай, оңсыз да шектнулі Африканың қорларына зияның тигізуде.

Қорыта айтқанда, Африканың 40-жылдық иәуелсіз дамуы уақытында афропессимизм, яғни тәуелсіздік нәтижесіне көңілі толмады. Соңғы жылдардағы бірқатар онды өзгерістерге қарамастан (қайта жаңғырған экономикалық өсу, халықаралық қақтығыстар санының азаюы), қазіргі кезде қамкорлықмандаттық жүйесін жаңғыртудың турлі жолдары қарастырылуда.

Алайда басқа да ұстанымдар бар, соның шінде, «африкалық ренессанс» тұжырымының авторы қазіргі ОАР-ның президенті Табо Мбеки пікірі бойынша,континенттің қайта өрлеуінен көреді. 2000 ж. Лом қласында (Того астанасы) Африкалық одақ кұру туралы пактіге қол қойылды. Бұл ұйым біртіндеп Африканың бірлігі ұйымын ауыстыруды көздеген. Африкалық одақ кұру ауқымды күш жұмсалып, 2002 ж. ол кұрылды. Төрағасы ретінде ОАР-ның президенті Табо Мбеки сайланды. Сөйтіп африкалық мемлекеттердің тәуелсіздігі үшін көп істер атқарған Африканың бірлігі ұйымы қызметін тоқтатты. Бұл істерден қантай шығатынын алдағы уақыт кқрсетеді.

Қалай болғанда да Африка төтенше жағдайда қалып отыр: тұрғындардың жан басына шаққандағы табысы әлемде ең сонғы орында, балалар өлімінің ең жоғарылығы, СПИД-тің таралу қарқынының үрей туғызарлығы, жұмыссыздық т.б. Сондықтан Африка халықаралық көмекке мұқтаж.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

3. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1957 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.019 с)...