Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д23. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай



1. Қытайдағы «мәдени төңкеріс» саясаты, оның нәтижелері.

2. ҚКП 11 пленумындағы «жаңа экономикалық реформаларының» жасалуы. Дэн Сяопиннің рөлі.

1. 1958 жылдың басында ҚКП ОК мәжілісінде Мао Цзэдун ішкі саясатта және экономикада жаңа курспен даму керек деді. Экономикалық даму қарпынының (темп) тездетілді да «Коммунисттік қоғамды үш жылдың ішінде құрамыз» деген ұранды ұстады. Мысалы, екінші бесжылдықтың жоспарын бір жылда өткізу, үш жылдың ішінде ауыл шаруашылық өнімін 2,5 есеге, қнеркәсіптің өнімін 6,5 есеге көбейту мақсат қойылды. Елде «зор секіріс» және «халық коммуналар» деген ұранда шығара басталды. 1958 жылдың ортасында мемлекетте бұрынғы кооперативтерден «халық коммуналар» құрула басталды. Ауыл шаруашылықта күріштің өсуіне кедергі жасатын торғайларды жойыла бастады. Бірақ далада өтк көп зиян беретін аыул шаруашылық жәндіктер болды. Сондықтан, «зор секіріс», «халық коммуна» және «жаңа генеральды саясат» деген ұрандар «үш қызыл жалаулар» деген жалпы атауды алды. «Зор секіріс» уақытында Қытайдың экономикалық жағдайы нашарлады да 1959 жылы Мао Цзэдун ҚКП төраға қызметінен өз өтінішімен кетіп осы постты Лю Шаоци ге берілді. 1961 жылдан бастап Қытайда «ауыл шаруашылық саласында өнімді реттеу, нығаю, толықтыру және көтеру» курсымен жұмыс істеділді. Осы курстың басында Лю Шаоци мен Дэн Сяопин болды.

1976 жылдың 9 қыркүйекте Пекин қаласында ҚКП Орталық Комитетінің басшысы Мао Цзэдун қайтыс болды. Ол Қытайды дағдарыс жағдайда қалдырды. Елде 20 млн адам жұмыссыз, ал 100 млн адам аштық қалпында болды. Мао Цзэдунның орнында Хау Гофэн болды. Ол билік басына келген соң, алдымен мәдени революцияның қайраткерлерін және Политбюро мүшелерін ашық сот процесіне берді. 1977 жылы өткен 11 съезде Дэн Сяопин қайтадан премьер-министр болады да ҚКП ОК төрағасының орынбасары болып сайланады. 1978 жылы желтоқсан айында ҚКП ОК үшінші Пленумда Дэн Сяопиннің жаңа бағдарламасы қабылдады. Оның бағдарламасында социализм жағдайында Қытайдың экономикасын нарықтық қарым-қатынастарға көшіру идеялары негізделді. Бағдарламада ел экономикасын дамытудың үш кезеңдік тұжырымдамасы көрсетілді. Реформа алдымен ауыл шаруашылығында басталып, шаруаларға үкімет тарапынан қызу қолдау көрсетілді. Қытайда үлкен масштабтық экономикалық реформаны өткізуді қолдайды. Онда «төрттік модернизация бағдарламасы» жасайды. Ол төрт салада өтеді: ауыл шаруашылықта, өнеркәсіпте, ғылым мен техникада. Ауыл шаруашылығында үш жылдың ішінде тұрақтану қалпына келтірудітапсырма алдарына қойылады. Ауыл өнімдерінің бағасы көтеріле бастайды. Өнеркәсіпте жеке меншікке рұқсат берілді. Ашық аймақтар құрылып, еркін сатуға мүмкіндік алды. Осы өзгерістер көп кешікпей оңды нәтижелерді берді. Алтыншы бесжылдық (1981-1985) уақытында өндіріс саласы шығаратын өнімдер жыл сайын 11 пайызға өстті. 80-шы жылдары ауыл және қала шаруашылықтарының табысы екі есе көтерілді. Бірақ басқа елдерден төмен болды.

Дэн Сяопинның бағдарламасы Қытайды социализмжағдайында елдің экономикасын дамытудың үш кезендік тұжырмдамасынегізделген. Бірінші кезең – 1990 жылдарға дейін. Мемлекеттің тұрғындарын киімдермен, азық-түлікпен толық қамтамсыз етті. Карточкалық жүйе жойылды. Екінші кезең – 1990-2000 жылдар. Халықтың жағдайы орта деңгейге жетеді дейді. 1998 жылдың басында Ли Пэннің орнына өзінің «Үшке – үш» формуласы, яғни үш жылда – үш реформа өткіземін деп келген ел Мемлекеттік Кеңесінің жаңа Премьері Чжу Жунцзи белгіленген мақсаттардың орындалуына тың серпін берді. Ақырғы кезең - ол 2049 жылға дейін созылады. Осы уақытқа дейін Қытай орташа өрлеп жатқан мемлекетте, жоғары дамыған социалистік державаға айналады деп Дэн Сяопин ойлады. Осы алға қойған мақсаттарды жету үшін 80-жылдардың аяғында коррупциямен күрес басталды. Дао Сяопиннің 80 жылдарында өткізген экономикалық реформалардың нәтижесінде елдің экономикасы тез дами бастады. Дэн Сяопин мемлекеттің шетелдермен байланысын жан-жақты кеңейтумәселесін көтерді. Қытайдың тұтастығын қалпына келтіру үшін ол нақты жағдайды ескере отырып, «бір мемлекет – екі құрылым» деген тұжырымды ұсынды. 1992 жылы 14 съезде социалистік экономикалық нарықты саламыз деген болатын.

2002 жылы Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитетінің бас хатшысы болған Ху Цзиньтао 2003 жылғы наурызда ҚХР Төрағасы болып сайланды. (Ху Цзиньтао 1942 жылы Қытайдың Шығыс өлкесіндегі Аньхой провинциясында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1965 жылы Пекин политехника университетін су инженері мамандығы бойынша бітірген. Партияға 1964 жылы «мәдени революция» кезінде қабылданған. Еңбек жолын Цинхуа университетінің гидротехникалық факультетінің саяси ұйымдастырушысы болып бастаған. 1980-1984 жылдары Қытайдың Коммунистік жастар одағында комитет хатшысы, бірінші хатшысы болған. 1992 жылы ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросы Тұрақты комитетінің қосымша ҚКП ОК жанындағы партия мектебінің директоры міндетін атқарды. 1998 жылдан ҚКП Төрағасының орынбасары, 1999-2002 жылдары ҚКП Оталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары, ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған). Ху Цзиньтао 2004 жылы қыркүйектен ҚХР Орталық әскери кеңесіңін төрағасы болды. Ху Цзиньтао – Қытай тарихында партиялық билік пен мемлекеттік билікті бір қолға шоғырландырған Мао Цзэдуннан кейінгі екінші тұлға. Әскери кеңестің төрағасы елдің Жоғарғы бас қолбасшысы саналады.

Қытай билігінің бірінші буына Мао Цзэдун дәурінде ҚХР құрылып, партия билігі орнатылды. Жұмысшы – шаруа табы алдыңғы авангардқа айналды. Екінші билік – Дэн Сяопин билігінде экономикалық ірі секірістер жасалып, Қытай дәстүріне сай, социалистік құрылыстың жаңа тұрпатты дамытылған моделі қалыптасты. Қоғам өмірінің барлық саласы модернизацияланып, ол табысты аяқталды. Үшінші билік – Цзян Цзэминь тұсында Қытайдың сыртқы саясатта беделі артты. Қытай сыртқы саясатта өзге блоктарға қосылмау саясатын ұстанып, әлемдік гегемонизмге ұмтылушыларды сынауға жол ашты. Билік партиясы қатарына орта және ірі бизнесөкілдерінің топтасуына сынауға ықпал жасады, төртінші билік - Ху Цзиньтао.

Саясаткерлер 21 ғасырды Қытай ғасыры деп атап, оның ұлы держава ретінде шарықтау біигіне жететін сараптауда.

Қытайдың Дэн Сяопин реформасы нәтижесінде экономикалық әлеуеті өсті. Соның арқасында ҚКП қасаң догма шеңберін бұзып, тыңнан жол салды. Қоғам дамуының барлық буынында батыл өзгерістер жүргізіп, Батыстың нарық экономикасын қытайлық құндылықтарға үйлестіріп дамыта білді. Алайда, Қытайдың өз экономикалық моделінің даму ерекшеліктері сақтап қалды. Міне, төртінші билікке ішкі саясаттағы осы дәстүрді сақтап, Дэн сяопиннің өсиетін жүзеге асыру жүктеліп отыр.

Бас хатшылыққа Ху Цзиньтаоның келуі Орталық комитетке кадр іріктеу және лауазымы жоғары шенеуніктерді тәрбиелеу мәселесімен айналысуы себеп болған сынайлы. Ху Цзиньтао Орталық комитетке келген күннен мемлекеттік қызметшілердің міндетті түрде нарықтық экономика курсынан өтуі қажеттігін қатаң талап еткен. өзінің өмірлік көзқарасында «Батылдық, нақтылық, шешім қабылдар кездегі жауапкершілікті сезіне біліп, тәуекелге баруды» басшылыққа алад.

Жалпы, Цзянь Цзэминь билігі тұсында елдің тұрақтылығы артып, экономикалық даму қарқыны алға жылжыды. Негізгі стратегиялық саяси және экономикалық басымдық ретінде Дэн Сяопин өсиеті алынды. Жаңа басшылық осы саясатты әрі қарай жалғастыруы тиіс.

Қазір әлемдік саясат Ху Цзиньтаоның әрбір іс-қимылынбақылап отыр. Елдің ең бірінші мақсаты – ел экономикасын көтеру. 2020 жылы елдің ішкі жалпы өнімі төрт есе өсуі тиіс. Қытай коррупцияға қарсы ымырасыз күрес майданын ашып отыр.

Қытай коммунистік партиясы жаңа жағдайда жұмыс істеу бағытында партия жарғысына бірқатар өзгерістер енгізді. әлемдегі коммунистік партияның негізін сақтап қалған Қытай ғаламдық интеграциялық дамудың жаңа жолна түсті.

2. Қытайдың сыртқы саясаттағы «радары» бүгінде Орта Азия мемлекеттеріне қарай бұрылған. Азия мен Еуропада шектесіп жатқан алты мемлекеттің бастамасымен дүниеге келген Шанхай ынтымқтастығы ұйымы толыққанды қалыптасып отыр.

Қытай Қазақстанды стратегиялық маңызы бар мемлекет деп таниды. Себебі Қытай Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға тауар тасымалдауға мүдделі. Қытайға әлемдік мұхит ауқымынан тыс жатқан мұнай-газ көзі қажет. өйткені, ондағы шикізат өндірісі көздері мен оны тасылмалдау жолдарын жуық арада АҚШ пен Батыс бақылауында ұстайды. Осындай жағдайда Қытайдың экономикалық қауіпсіздігі оларға тәуелді болады. Қытай үшін бұдан құтылкдың жолын табудың аудай қажет екені анық. 1993 жылдан бері Қытай – мұнай импертына тәуелді ел. Қазір ол өзіне қажет мұнайдың 33-35 пайызын сырттан тасиды. Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы Актөбедегі мемлекеттік мұнай пакетінің 60 пайыздық акциясын сатып алып, өзінің трансұлттық қызмет атқару ауқымын кеңейте түсті. Қазір Атасудан – Алашанькоуға дейін мұнай құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Әдебиет:

4. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

5. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

6. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3553 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...