Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д27. Азаттық алғаннан кейінгі Пакистан. Бангладеш республикасының құрылуы



1. Азаттық алғаннан кейінгі алғашқы Пакистанның экономикалық және саяси жағдайы. 1958 жылғы төңкеріс.

2. 1970-1990-шы жылдардағы Пакистан.

3. Шығыс Бенгал халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Бангладеш Халық республикасының құрылуы.

Түбек мемлекеттері – Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланканың ағылшын отарлық билігінен құтылғаннан кейінгі дамуы шешімін таппаған әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен этноконфессиялық қақтығыстарға байланысты саяси тұрақсыздық сипатында болды.

1947 ж. 15 тамызда Оңтүстік Азия территориясында Пәкістан мемлекеті құрылып, тәуелсіздігі жарияланды, бірінші генерал-губернаторы болып Мұсылман лигасынын көсемі Мухаммед Али Джинна тағайындалды. Британдық Үндістанның бқліну негізіне алынған діни-кауымдық прицип Пәкістан құрамына мұсылман тұрғындары басымырак тұратын аудандардың енуіне жағдай жасады.

Пәкістанның саяси дамуының маңызды ерекшелігі мемлекеттің исламдануын қалайтын діни-қоғамдық партиялар мен топтардың қоғам өмірінде айтарлықтай орын алуы болып табылады. Пәкістанның 1956 ж. қабылданған бірінші конституциясы елдің мемлекеттік құрылысының федеративтік принципін қайта қалпына келтірді. Пәкістан мемлекеті Батыс және Шығыс Пәкістан провинцияларынан құралған Федеративтік республика болып жарияланды. Мемлекет басшысы болып 5 жылға сайланатын президент саналды. Атқарушы билік Ұлттық жиналыс (парламент) алдында есеп беруші Министрлер кабинеті құзырында.

1969 ж. Пәкістандағы саяси дағдарыстың негізгі себептерінің бірі саяси оппозицияның күшеюі, Шығыс Бенгалияның бөлінуі үшін бұқаралық қозғалыстың өсуі және генерал Яхья ханның билікке келуімен елде әскери жағдай енгізуге байланысты болды. 1971 ж. наурыздың 25-нен 26-на қараған түні Шығыс Бенгалия басып алынды, үкімет әскери шығыс бенгальдық қарулы отрядтарға қарсы әскери қимылдарын бастады. Азаматтық соғыс қызу және ерекше қантөгісті сипат алды. 26 наурыз – соғыстың бірінші күні Бангладеш Халық Республикасы жарияланды. 1971 ж. желтоқсан айының басында қарулы қақтығысқа Үндістан да тартылды. Пәкістан әскерінің Бангладештегі жағдайы қиындаған- дықтан, 16 желтоқсан да Пәкістан шегінуге мәжбүр болды. Бангладеш тәуелсіздігі шын мәнінде іске асты.

Экономикалық дамудың жарлы стратениясы мемлекет секторые құруға, монополияға қарсы заң қабылдауға, сақтандыру ломпаниялары мен жеке банктерді мемлекет меншігіне алуға агралық реформалар жүргізуге, мақтаның экспорттық саудасын жолға қоюға бағытталды. Бұл әскери әкімшіліктің ірі капитал мен жеке секторға көбірек артықшылықтар және мүмкіндіктер берген бағытынан ерекше болды. Сыртқы саясаттары да басқаша болды, Үндістанмен қарым-қатынасты қалпына енлтірді, Бангладешті мойындады, КСРО-мен ынтымақтастыкты кеңейтті. ПХП-ның манызды идеологиялық тұғыры «исламдық социализм» тұжырымы болды. 1973 ж. тамызда жаңа жаңа (үшінші) Конституция қабылданып, ол бойынша Пәкістан парламенттік федеративтік республика деп жарияланды. Ислам мемлекеттік ресми дін ретінде жариялануы ел бұдан былай Пәкістан Ислам Республикасы деп ресми аталуынан көрінді. Биліктің заң шығаруши органдарына ашық және құпия түрде сайлаулар қткізу бекітілді. Мемлекет басшысы президент, парламенттің құпия дауыс беру түріндегі сайлауымен сайланды, бірақ оның билігі бұрынғылармен салыстырғанда шектеулі болды. Ол өз істерін премьер-министрмен ақылдаса отырып шешуге тиіс, оның кеңесі міндетті сипатын иеленді. Президент жарлық- тарын парламенттегі көпшілік фракция жетекшісі ретінде премьер-министр қол қойып бекітуі тиіс болды.

Бірақ 70-жылдардың екінші жартысында ПХП-да фракциялық күрес күрт шиеленісіп, нәтижесінде елдің саяси өмірін өиындатты. Оппозициялық топтар Үндістанмен келісімді мойындауға, Бангладешті тануға қарсы шығып, экономикада радикалды өзгерістер жасауды талап етті. Саяси тұрақсыздық жағдайында 1977 ж. 5 шілдеде әскери төңкеріс іске асып, үшінші рет елде әскери тәртіп орнатылды, оның басында Зия Уль-хака тұрды. Пәкістан халық партиясы қуғында ұшырады.Жетекшілерінің басым көпшілігі түрмеге қамалды, ал партия жетекшісі З.А. Бхутто мемлекетке сатқындық жасады деген айын тағылып, 1979 ж. 4 сәуірде өлім жазасына кесілді.

Зия Уль-хаканың орнатқан әскери тәртібі Пәкістанның ішкі және сыртқы саяси бағыттарын едәуір өзгертті. Жеке мншік капиталға бұрынғы мемлекет меншігіне алынған өнеркәсіп орындары қайтарылды, мемлекеттік секторға берілген салаларға жеке үлес қосуға рұқсат етілді. Елде тқтенше жағдайлар енгізіліп, әскери трибуналдар құрылды. 1978 ж. 13 қыркүйекте Зия Уль-хака Президент болып тағайындалды және Бас әскери әкімшілік қызметін қоса атқарды.

1982 ж. қаңтарға Ұлттық жиналыс орнына Федеративті консультативтік кеңес құрылды. 1985 ж. Зия Уль-хака конституцияны бастан аяқ өзгертіп, өзін премьер-министрді орнынан алу және тағайындау, әскери қолбасшы, жоғарғы сот билігі құқықьарымен қамтамасыз етті. Сөйтіп парламенттік басқару жүйесінен президенттіқ басқаруға көшті.

Үкімет басына ПХП келді. Премьер-министр болып З.А.Бхуттонын қызы Беназир Бхутто тағайындалды. Сайлаулар 4 айдан кейін Зия Уль-хаканың 1988 ж. тамызда әуе апатынан қаза табуынан соң өткізілді. Сайлау нәтижелерімен, құрылған азаматтық үкіметпен келісе отырып, әскерилер және басқа да оңшыл мұсылман партиялары әкімшелек аппараттарда, парламент пен басқа да органдарда өздерінің күшті ұстанымдарын сақтап қала берде. Олардың көшбасшысы ретінде Гулям Исхак хан отырды. Мұндай жағдайда Б.Бхутто үкіметінің қолы байлаулы болды. Ішкі жағдайдың күрделілігі және Үндістанмен Кашмир мәселесіне байланысты шиеленісті пайдалана отырып, президент 1990 ж. тамызда парламентті таратып, төтенше жағдай жариялады. Б.Бхутто үкіметін қабілетсіздігіне, парақоллық және басқа да асыра пайдаланушылықтарға байланысты айыптар тағып, биліктен алыстатты. «Президенттік төңкеріске» армия белсенді қатысты. 1993 ж. сәуірде Гулям Исхак хан Пәкістанның жаңа премьер-министрі Наваз Шарифті орнынан тайдырды, мұндай жағдайлар елдің саяси қміріндегі жиі болып тұратын үрдіске айналды. 1990 жыл- ғыдай мұндай қзгерістер себебі конституциядағы президенттің ерекше құқықтарые шектеуге ұмтылумен байланысты болды. Әскери тәртіптер орнына 80-90 жж. қиылысында азаматтық үлгідегі, қатаң президенттік басқару келді, біраө олар әскери күштердің толық қолдауымен қамтамасыз етілді. 1990 ж.билік басына Б.Бхуттоның келуы авторитаризмге деген жалпв тенденцияны бұзбады.

Бангладеш республикасы 1971 жылы пайда болды. Бұл шығыс Пакистаннан шыққан провинция еді. Мемлекеттік тарихи тұруы әртүрлі қанды оқиғаларға мәлім. 1971 жылы 26 наурызда бірінші Конституция жазылды. Ел президенті болып Муджибур Рахман тағайындалды. Бірақ президенттік мүмкіндіктері жария етілмеді. 1971 жылы қыркүйекте “Азаматты халық әскері” құрылды. Бангладеш Халық Республикасы өмірге келісімен Авами Лиг жетекшілік ете бастады. Муджибур Рахман 1972 жылы 10 қаңтарда Пакистан абақтысынан босатылып елге қайтты.

1972 ж. 12 қаңтарда уақытша Конституция жария етілді. Мемлекет басшысы болып Муджибур Рахман тағайындалды.

1972 ж. 4 қарашада жаңа конституция бойынша Бангладеш көп партиялы болатын. Партиялардың көптігі мемлекетке кері әсерін тигізіп отырды. Мемлекет дағдарысқа келіп тірелді. 1972 жылы 6 желтоқсанда Конституция қабылданып, мемлекет құрылысы, азаматтар құқықтары, ел мақсаты анықталды. Парламенттік басқару тіртібі бекітілді. 1973 жылы наурызда Муджибур Рахман тағы да үкімет құрды. Саяси-әлеуметтік жағдай өте нашар халде болғандықтан, оның бірден шешу мүмкін де емес еді. 1972 жылы қатты қуаңшылықтан ел ашаршылыққа тап болды. Келесі жылы әлемдегі энергетикалық дағдарыстан отын құны бірнеше рет асып түсті. Астық пен мұнай сатып алуға мемлекеттік қазынаның шамасы жетпей, Бангладеш Халық Республикасы қарызға батты. Азық – түлік, күнделікті бұйымдар қымбаттап, құнсыздану жайлады. Парақорлық пен қылмыс күшейіп, үкімет оргондары жұрт алдында беделінен айрылыды. Қалаларда, ауылдық жерде қолында қаруы бар топтар қарақшылықпен шұғылданып, мыңдаған адамдар олардың қолынан қаза тапты. 1974 жылы көптеген заңдар қабылданды. 1974 жылы президент Махаммедулла елді тәртіп орнату үшін жаңа заңдар қабылдады. 1975 жылы қаңтарда бір партиялық жүйе орнатты. Монсур Али партияның хатшы болып тағайындалды. Муджибур Рахман жүргізген саясат адам кешені көптеген саясаткерлерін алыстатты. 1975 жылы тамызда елде төңкеріс орын алды. Елді уақытша Кхаждакер Муштак Ахмед қолына алды. Қараша айында ел тағыда дағдырысқа ұшырады. 1975 жылы қараша айында басқару келген әскери тәртіп елде өзгерістер әкелді.

1980 жылдардың басында ел жаңа дағдарысты басынан кешті. З. Рахман қаза тауып, үкімет басына жаңа президент келді. Генерал Х.М. Эршад бастаған өкіметелде қатаң тәртіп орната бастады. Әйтсе де оған да елдің тыныштығын сақтап тұру мүмкін болмады. Бірақ 1981 жылы 30 мамырда Зиаур қаласында тапты. Оның орнын Абдус Саттар басты. 20 наурызда 1982жылы Бангладеште қайтадан әскери төңкеріс орын алды. Президент болып Эрилад тағайындалды. 1985 жылы наурызда Эриланд 18 бөлімнен тұратын бағдарлама ұсынды. 1990 жылы Эриланд орнынан кетті, бұл кету оның елде қажеттіліктерін көрсетті. Кейін оны қамауға алып, сотқа тартты. Сайлауда жеңіске жеткен Бангладеш Ұлттық партияның жетекшісі Бегум Халида Зия Рахман үкімет басына келіп, бес жыл билік жүргізді. 1996 жылы маусымда болған сайлауда Авами Лиг жеңіске жетіп, үкіметті М. Рахманның қызы Халида Вазид басқарды. Қазіргі уақытта Бангладеш унитарлық республика. 1996 жылдан бері президенті Шахабудди Сехмед. Елде 100 астам партия бар. Тәуелсіздік алғаннан бері елде 13 президент ауысты. Қиыншылықтарға қарамай Бангладеш басқа мемлекеттерге сыйлаумен қарайды.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

3. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2215 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...