Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаңа османдар» қоғамының құрылуы



Түркия қоғамында қами бастаған буржуазиялық элементтер көптеген кедергілерге: самодержавияға, шетел капиталының дамуына, капитуляцияға тап болды. 1870 жылдары бұл жайға қарсы наразылықтар пайда болды. Бұл нарызылықты бүлдіруші зиялы қауым тегі жағынан феодал, бірақ идеология жағынан буржуазиялық болды. Махмуд II реформалары және танзимат зиялы білімге жол ашты, саяси және мәдени өмірдің дамуына жағдай жасады. 1860 жылдарда түрік әдебиеті мен көсемсөздің пайда болуына әкелді. Оның көрнекті өкілдері, түрік ағартушылары болды: Ибрагим Шинаси, Намык Кемаль, Зия-бей және т.б. Олар «Османдық білім бері қоғамын» және «Кітап қоғамын» құрды. Бұл ағартушылық ұйымдардың және Ибрагим Шинаси шығарған «Тасвар иэфкяр» («Выразитель идей») газетінің қызметі қоғамды жаңа ойлармен және ұғымдармен таңытыру болды. Әдеби түрік тілінде жаңа сөздер: «отан», «ұлт», «патриотизм», «төңкеріс» және т.б. пайда болды. Бұл ұлттық сана-сезімінің өсуін көрсетті.

1865 жылы Стамбұлда құпия саяси ұйым құрылды. Оның мақсаты Түркияның конституцияны қабылдау болды. Ұйымға 250 адам қатысты. Олардың арасында драматург Намык Кемаль және тағы да басқа жазушылардың және журналистердің өкілдері болды. Ұйым мүшелері өздерін «жаңа османдар» деп атады. Еуропада бұл қозғалыс «Жаңа Түркия» атауын алды, ао оның мүшелерін «жас түріктер» деп атады.

«Жаңа османдар» Абдул-Азиз сұлтанды (1861 жылы таққа отырды) конституцияны қабылдауға мәжбүр ете аламыз деп үміттенді.

XIX ғасырдың соңында Түркия шетел капиталына тәуелді мемлекетке айналды. Ағылшындар Оңтүстік Аравияның басты аудандарын, француздар – Алжырды басып алды. Египет те ағылшын және француз отаршылдарымен бақыланды. Түркияның халықаралық жағдайы франк-пруссиялық соғыстан кейін одан әрі шиеленісіп кетті. Түрік иеліктері үшін Германия және Австро-Венгрия күреске қосылды.

Дағдарыс әсіресе Балқан түбегінде күшті көрініс алды. Мұнда ұлт-азаттық қозғалыс күшейді. 1875 жылдың жазында Герцоговинада халық көтерілісі жанданды. Ол Боснияға да таралды. Көтеріліс басуына кеткен қосымша шығындар қаражаттық дағдарысқа әкелді. 1875 жылы қазан айында үкімет ел қаржы банкрот кезеңіне түсті деп жариялады.

1856 жылы «Париждік трактатқа» қол қойған мемлекеттер 1875 жылдың қаңтар айында Түркиядан Босния мен Герцоговинада реформалардың өткізілуін талап етті. Сұлтандық үкімет бұл талаптарды орындауға келесті. Мұның бәрі Осман империяда ішкі саяси жағдайды күшейтіп, халықаралық дағдарысқа әкелді.

1876 жылы 22 мамырда Стамбұлда үлкен демонстрация басталды. Бұған мұсылман діни мектептерінің оқушылары, саудагерлер, қолөнершілер, қала кедейлері қатысты. 1876 жылы 30 мамырда Абдул-Азиз тақтан құлатылды. 1876 жылы 31 тамызда Абдул-Хамид II отырды. Желтоқсан айында Стамбұлда Балқандағы реформаларды құру үшін Еуропа елдерінің конференциясы ашылуға тиіс еді. Мұндай жағдайда Абдул-Хамид II конституцияны қабылдауға келісті. 1876 жылы 23 желтоқсанында қабылданған «Мидхат конституциясы» Түркияны конституциялық монархия етіп жариялады. Ол екі палаталы парламент жасауын алдын ала ескерді. Сенат мүшелері өмірбақи болып тағайындалды. Империяның барлық азаматтары, Балқандағы христиан халықпен қоса, османдар деп жарияланды және олар заң алдында бірдей болып есептелді. Мемлекеттік тіл – түрік тілі, ал мемлекеттік дін ислам

Мидхат-паша – атақты түрік мемлекетті қызметкер. Ол либералды помещиктердің жағында болды.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

3. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 5383 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...