Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д11. XVII –XX ғғ. Азия және Африканың Араб елдері



1. Ирак және Левант елдері және оның Осман езгісінен құтылу жолындағы күресі.

2. Аравия Осман империясының билігінде. Мұхаммед ибн Абу аль-Ваххаб және оның ілімі. Саудттер мемлекетінің құрылуы.

1. Иракта жер меншіктің және жер иелігінің келесі категориялар пайда болды:

Мири – мемлекет салық жинайтын жерлер;

Хасса – жоғары мемлекеттік шенеуніктерге шартты түрде берілетін жерлер;

Мульк – жеке меншікте болған жерлер;

Тимарлар мен зеаметтер – олар сарбаздарды береді;

Тайпалардың меншігі;

Вакф – діни ұйымдарға бір уақытқа берген жер.

Османдар Ирак территориясында эманет жүйесін орнатты: салықтарды тек қана эминдер жинады, ал оларға мемлекет жал ақысын берді.

Ирак тайпалары шаруашлық қызметі жағынан келесі топтарға бөлінді:

1. бедуиндер – олар тек қана түйе мен аттар, қойларды жайды;

2. қой жайлаушылар;

3. буйволдар жайлаушылар.

Жаңа кезеңнің соңына қарай Оңтүстік Иракта финикилер плантациялар көбейді де финикилер жалғыз экспортқа шығаратын тауарлы ауыл шаруашылық өнімге айналды.

Жаңа кезеңдегі Иран таррихын Адамов А. үш кезеңге бөлді:

1. 1534-1704 жж., бұл кезеңде Иракқа Порта басқару аппаратын және экономикалық моделін енгізеді және тура әскери экспансияны жасайды. 1704 жылы Ирак паша орнына Ахмед II (1703-1730) Эйюб Хасан-пашаны бекітті. Ол Албаниядан шыққан, Стамбулда білім алған тарихи тұлға. Бұл уақыттан бастап Иракты саяси басқаруы өзгерді. Эйюб Хасан-паша билікте 20 жыл тұрды да өзінің әулетін орнатты.

2. 1704-1831 жж., Түркия үкіметінің күші әлсірей бастады, Бұл уақыттан бастап Багдад пашасы Солтүстік пен Оңтүстік Иракты, Месопотамияны, Оңтүстік Курдистанды бірігіп, Түркиядан тәуелсіз саясатты жүргізді. Эйюб Хасан-паша және оның баласы Ахмед-паша мамлюктер гвардиясын қайта құрды. 1831 жылы Иракта ұрпақтық билік жойылды, пашаларды Стамбул бекітті.

3. 1831-1918 жж., Ирактағы түріктердің басқыншылығы қайта орнатылды және шетел капиталы енгізіле басталды. 1839 жылғы жарияланған танзимат реформалары ақырын таратылды. Багдад вилайеттің басшысы болып 1869 жылы Ахмед Мидхат-паша бекітілді. Ол Иракта танзимат реформалын өткізуге талап етті. Мидхат-паша (1822-1883) – Осман типериясының ірі мемлекеттік қызметкері, түріктердің конституциялық қозғалыстың көсемі, 1876 жылғы Осман конституциясының авторы. Мидхат-паша Иракта жаңа соттар, қалаларда қалалық кеңестер («баладия») және жаңа мектептер құрды. Оның басқаруында 1870 жылы алғаш рет модернизациялық бағдарламамен оқийтын балаларға орта мектебін, 1872 жылы әскери училищені, бірінші аурухананы ашты. 1869 жылы Багдадта араб және перс тілдерінде басылған бірінші ресми газета шықты. Ол Басрды Стамбул мен Лондонмен байланыстыратын су жолын, Багдад-Казымейн темір жолын құрды.

Ирак үшін Англия, Франция және Германия шиеленіске түсті. 1880-шы жылдардың соңында Багдад темір жолын құру мақсатымен немістер ірі транспорт компаниясын құрды. Ирактың имперты мен экспортында бірінші орынды Англия алған.

2. Саудидтер мемлекеті Аравияда мұсылмандар-ваххабисттер қозғалысының нәтижесінде XVIII ғасырда пайда болды. Саудидтер территориясына Неджд, Хиджаз, Эль-Хаса жерлер кірген. Бұл кезеңде Аравияның тұрғындары көп тайпалардан құрылған. Олар бір біріне бағынбады да батыраңқылық соғыс жүргізді. Көшпенділік тайпалардың басында шейхтар тұрды, ал қалалар мен жер шаруашылық аудандарда шерифтер, сейидтер болды.

Аравияның шығыс жағалауында ағылшындар, голландықтар және португалдықтар өз базаларын құрғандықтан Аравияда колонизаторларға қарсы қозғалыстар пайда бола бастады. Йеменде зейдит имамдар басқарған қозғалыс XVII ғасырда түріктерді қуып, билікті өз қолдарына алды. Ішкі Аравияда, Неджде, Неджд князьдігін біріктіру үшін, арабтар тайпаларының бірігуі үшін, орталықтанған мемлекетті құру үшін ваххабисттер қозғалысы қалыптасты.

Ваххабиттер ілімінің негізін қалаушысы Неджддегі богослов Мұхаммед ибн Абдальваххаб болды. Ол бану тамим тайпадын 1703 жылы Уяйнда дүниеге келген. Ол Мекка, Медина, Багдад және Дамаск қалалрына саяхат жасап, құдай туралы ілімді оқыды да діни пікір таластарға қатысты. 1740-шы жылдары ол Недждге оралып, жаңа діни ілімді насихаттады. Бұл кезеңде Аравияда мұсылман діни болғандықтан, әрбір тайпаларда өздерінің фетиштері мен дәстүрлері болды. Бұл алауан түрлі діни бағыттар саяси орталықтануына көп зиян әкелді. Мұхаммед ибн Абдальваххаб жаңа доктринаны – таухид («бірігуі») берді. Мұхаммед ибн Абдальваххабтың мақсаты – арабтардың арасында «таза» исламды орнату.

Ваххабиттердің ілімінде имандылық (мораль) сұрақтарына ккөп назар аударылды. Арабтарға шарап ішуге, темекі тартуға, ән салуға және музыкалдық инструменттерде ойнауға рұқсат берілмеді. Ваххабиттерді «қуыс пуритандары» деп атады. Еуропада «ваххабиттер» атауы 1814-1815 ж. Аравиға саяхат жасаушы И. Букхардт таратты. Бұл ілімнің жақтаушылары өздерін «мұсылмандар», «ваххабиттер» деп аталды. Ваххабиттер перстер-шииттерге, Осман сұлтанадр-лжехалифтарға, түрік пашаларға қарсы шыққан.

Бірігу қозғалысының басында 1744 жылы Мұхаммед ибн Абдальваххабпен одақ құрған және ваххбиттер ілімін қабылдаған эмир Мұхаммел ибн Сауд (1765 жылы өлген) мен оның баласы Абдальазиз (1765-1803) тұрды. 1786 жылы Недждде ваххабизмде негізделген ірі теоркратиялық мемлекет құрылды да Неджде Саудидтер әулетінің билігі орнатылды. Бірақ ваххабиттер әкімшілік құрылымды орнатпағандықтан оның жағдайы берік болған жоқ. 1793 жылы ваххабиттер аль-Хасаны өз территориясына күшпен кіргізді. Абдальазизден кейін билікке эмир Сауд (1803-1814) келді. Ол Аравияны қамтитын ірі мемлекет құрды. 1803 жылы ол Кувейт пен Бахрейнді басып алды. 1804 жылы Мекка, 1806 жылы Мединаны басып алды. Бұл кезеңде Сауд мемлекетіне Қызыл теңізден Персия бұзағына дейінгі территория кірген: Неджд, Шаммар, Хиджаз, Джауф, Аль-Хаса, Кувейт, Бахрейн, Оман, Йемен Асириялық Тихама, Сирия, Ирак. 1813-1815 жж. Аравияға Египет басшысы Мұхамед Әли шабуылмен кірген. Оның мақсаты - өзінің араб-мұсылман империясын құру. 1815 жылы Египет пен Аравия арасында бейбітшілік келісісге қол қойылды. Бұл келісімге сай Хиджаз Египеттің қол астында болады. 1818-1840 жж. Египет екінші рет Аравияға шабуыл жасады да ваххабиттер мемлекеті жойылды. Бірақ 1843 жылы Саудидтер өз билігін қайтарды. Олар 1865 жылға (Фейсал эмирдің өлуімен) дейін билікте болды. 1870 жылы Рияд эмираты көп мемлекеттерге бөлінді. Бұл мемлекеттердің ең күштісі Шаммар эмираты болды. Оның астанасы Хаиль қаласы. Эмиратта Рашидидтер әулеті XIX ғасырдың 30-шы жж. өз билігін күшейту мақсатымен Недждге номиналды түрде бағынды. Шаммар эмирі Абдаллах (1834-1847) және оның баласы Талал (1847-1868) сауда мен қолөнердің дамуына көп назар аударды. 1871-1897 жж. Мұхаммед Ааль Рашид биліктің басында болған. 1880 жылы КУвейтте тұратын, Абдальазиз деген Фейсал эмирдің немересі XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында Сауд Аравия корольдігін құруына әкелетін саяси күресті басқарды.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2435 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...