Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д15. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері



1. Сенегал, Піл сүйегі жағалауы, Дагомеяны француз отарлауы.

2. Француздық Батыс Африка және Француздық Экваториалдық Африка отарларының құрылуы.

1. Сенегал территориясында бірінші факторийлер XVII ғасырда пайда болды. XIX ғасырдың 40-шы жылдары Піл Сүйегінің Жағалауында, Құлдар Жағалауында (Невольничий Берег) француз әскерлері кірген. Себебі – бұл жерлерде Нант, Марсель мен Бордодан келген құлсатушылармен және алтын, пальма майын сатып алуымен айналасты.1849 жылы Либревиль қонысы құрылған.

Сенегал

XIX ғасырдың ортасында Сенегал Батыс Африкадағы Францияның жалғыз отары болды. Отарда 50 мың адам тұрды. Отардың астанасы Сен-Луи қаласында 12 мың тұрғын болды. XIX ғасырдың ортасынан Франция колониалдық саясатын агрессивтік түрде жүргізе бастады.

Сенегал француздардың жоспарында волоф, тукулер, мандинго тайпаларын бағынуға жақсы плацдарм ретінде пайдаланды. Сондықтан Сенегалды бағындырып Африканың басқа территориясын отарлау үрдісі басталды.

Дагомея

XIX ғасырдың 90 жылдардан бастап француздар аймақтағы әскер саны көбейтуге мақсат қойды. 80-ші жылдары 4 мың сарбаз болса, 90-шы жылдары 8 мың сарбаз болды. 1894 жылы француз губернаторы басқаратын «Дагомея отары мен тәуелді территориясы» құрылды.

Сондықтан XIX ғасырдың 80-90-шы жылдары Сенегал, Француз Гвинея, Піл Сүйегінің Жағалауы, Франциялық Конго, Дагомея, Франциялық Судан (Мали), Убанги-Шари-Чад деген Франция отарлары орнатылды.

2. Батыс Суданның ішкі аудандарына Франция отаршылдық экспансия саясатын XIX ғасырдың екінші жартысында бастады. Бұл территория тұрғындары отаршылдықтарға қарсы шықты. Бірнеше жыл бойы Хадж Омар басқаратын тукулер мемлекетімен соғысты. Француздарға қарсы Уасулу-Самори мемлекеттік құрылым шықты. Бірақ XX ғасырдың басында қазіргі кездегі Мали территориясы француздардың қол астында болды.

1890 жылы Сенегал және Нигер өзендердің орта бойында Франциялық Судан деген мемлекет құрылды, оның астанасы Каес бекітілді. Екі жылдан кейін Франциялық Судан отар статусын алды. 1895 жылы Франциялық Судан Франциялық Батыс Африка отарлар федерациясына кірді. Бұл федерацияға Франциялық Гвинея, Піл Сүйек жағалауы, Дагомея, Сенегал.

Басқа Еуропа елдеріне қарағанда Франция өз отарларында экономикалық саясатты мемлекеттік сектор арқылы жүргізді. Бұл арқылы ірі құрылыстар жүргізілді. Мысалы, ең бірінші Дакар- Сен-Луи темір жолы құрылды. «Мессажери маритим» сияқты көліктік компаниялар өз қолында Франция және Батыс Африка арасындағы байланыс жолдарын ұстады.

Франциялық Конгода 1899 жылдан бастап Бельгия капиталы арқылы франция өнеркәсіпшілердің концессиялық қоғамдар үлкен рөл атқарды. Төрт ондықтан астам компаниялар осы жерде отыз жыл бойы саудамен айналысуға рұқсат алды.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.

VII семестр





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2074 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...