Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д14. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері



1. Либерия – бірінші африкандық конституциялық республика.

2. Сьерра-Леоне, Алтын жағалау, Нигерия, Гамбияны Англияның отарлауы.

1. Қара Африкада американдықтар «қара нәсілді» қоныс аударушылармен құрылған алғаш республика Либерия болып саналады. Мемлекеттің негізінде еуропалық буржуазиялық демократия жатыр. Либерия территориясында XIII-XIV ғғ. Конгба мемлекеті пайда болды, 1515-1530 жж. банди, лома және менде тайпалары өмір сүрді, 1560 жылы Квойя мемлекеті құрылды, ал XVI-XVIII ғғ. қазіргі кездегі кру, басса, мано, дан, гребо деген этникалық топтар құрылды.

Либерияның тууы АҚШ-тағы күреспен байланысты. 1816 жылы 21 желтоқсанда Американдық отаршылдық қоғам құрылды. Бұл қоғамның мақсаты – Африканың батыс жағалауында босатылған қара афро-американдықтардан қоныс құру юлды. Бірінші қонысты Шербро аралында құрды (қазіргі кездегі Сьерра-Леона). 1820 жылы 20 наурызда қоныс аударушылардың бірінші тобы аралға келді. Олардың саны 91 адам болған. Олардың арасынан тек қана 45 адам өмір сүрді.

Келесі топ 1821 жылы желтоқсанда «Алигатор» кемесімен келген. Олар Месурадо мысында орналасты. АҚШ-тың президенті Дж. Монро есімімен қонысты Монровия деп атады. 1823 жылы Монровияда 150 тұрғындар болды. 1824 жылы 20 ақпанда отар «Либерия» («Басы бос адамдардың елі») деп аталды. 1820-1847 жж. арасында отарға АҚШ-тан, Вест-Үндіден, Бразилиядан 4,5 мың қоныс аударушылар келген. Отардың әкімшілік және сауда орталығы Монровия деп саналды. 1839 жылы 1 сәуірде Либериядағы қоныстар Ынтымақтастық құрылды. 1847 жылы 26 шілдеде Ынтымақтастықтың өкілдері тәуелсіздік туралы Декларациясын және Конституциясын қабылдады. Мемлекетте екі партия қүрылды – «Шын вигилердің партиясы» және Республикандық партия. 1847 жылғы сайлауда Дж. Дж. Робертс қаланған Республикалық партия билікке келді. Олар 1869 жылға дейін биліктің басында болды.

Конституция бойынша Либерияда заң билігі Заң шығару жиналыста болды, атқарушы билік екі жылда бір рет сайланған призиденттің қолында, ал сот билігі – Ұлы сотта болды. Бірақ конституцияның баптары мен құқытары тек қана қоныс аударушыларға арналған. Ал Африка тұрғындары бұл заңдардан тыс қалды.

Экономика жағынан Либерия қамыс қант (тростниковый сахар), мақта, пальма майы мен индиго экспортеры болды. Либерияның әкімшілік тобы африкалықтар қауымының жоюяна, африкандықтарды жалдамалы жұмысшыларға айналдыру саясатын ұстады. Мемлекетте күріш, қамыс қант, кофе, мақта, индиго плантациялары құрылды да онда африкандықтар жұмыс істеді. Либерия сауданы Еуропа мен Америкамен жүргізді. XIX ғасырдың ортасына қарай Либерияда сауда кландар пайда болды. Олардың арасындағы ірілер – Шерман, Хилл, Маршалл, Денис, Купер және т.б. Монровияда вервьтер құрылды. Бірақ 1860-шы жылдардан бастап Либерияда экономикалық жағдайы нашарланды. 1850 жылы Либерияда Верманның герман фирмасы орнатылды. Елде германдық «Остафрикандық компания» орнатылды да өз жұмысын жүргізді.

1865 жылы Либерияның территориясы 120,8 шаршы км, тұрғындар саны 100 мың адам болды. Либерияда 1850-1860-шы жылдар экономиканың дамуымен сипатталса, 1870-1890-шы жж. – экономикалық құлдырауымен белгіленді. 1892 жылға қарай Либерия өз территориясының 30 пайзын жоғалтып алды. Бұл территорияны Франция мен Англия тартып алды.

Ішкі саяси жағынан Либерия графстволарға бөлінді. 1869 жылы Либерия тарихында бірінші рет билікке келді де оның көсемі Дж. Ройе Либерия президенті болып табылды.

2. Ұлы Британия экспансиясының базасы деп Гамбия, Сьерра-Леоне, Алтын жағалауы болып саналады. 1763 жылы Батыс африкада Англия бірінші отарды - Сенегамбияны - құрды. Бұл отар тек қана 20 жыл өмір сүрді. Келісімсөздердің нәтижесінде Англия Сенегалды Францияға қайтарды. 1807 жылы Гамбия Англия коронаның отары деп жарияланды. 1808 жылы ағылшындар Сьерра-Лаоне деген короналық отарды құрды. Сьерра-Леоне отарының территориясында ірі флот пен әскери-теңіз база орнатылды.

XIX ғасырдың 70-шы жылдарына дейін Батыс Африкадағы Англияның негізгі мақсаты Нигер мен Вольта өзендеріндегі сауда жолдарын тартып алу болды. Англияның өнеркәсіпшісі Мак-Грегор Лэрдың пікіріңше, «Нигер Батыс Африкаға бақылау жасауға көмектеседі. Сондықтан Британия бекіністер Нигерден Сугаға, одан Тимбо мен Сьерра-Леоне, Гамбияға дейін созылу керек».

1906 жылы Лагос, Опобо, Бенин территориясында проотекторат Оңтүстік Нигерия деген мемлекет орнатылды.

1897 жылы Сокото халифатында (Сокото 15 жартылай тәуелсіз мұсылман эмираттардан құрылған) Нупе мен Илоринді Британия басып алды. 1903 жылы халифат Сокото Британия территориясына кірген.

Гамбия.

1588 жылы Ұлы Британияның королевасы Елизавета I Сенегал мен Гамбиямен сауда жүргізуге патент берді. Ағылшын революция кезеңінде Олтвер Кромвель Гвинея компаниясына Гамбияда жұмыс істеуге рұқсат берді. 1677 жылы Франция Гамбияда өзінің фортын және 8 факторийлер құрады. Өз құқықтарын бекіту үшін Англия XIX ғасырдың басында Банджул аралында Батерст қаласын құрады. 1807 жылы Гамбия Ұлы Британияның «корондық отары» деп жарияланды. Тұрғындар саны – 14 мың, территорияның көлемі – 69 шаршы км. Еуропалықтардың көбін әскери адамдар, саудагерлер, миссионерлер құрды.

Сьерра-Леоне

1787 жылы Гренвильтуан (қазіргі Фритаун) қонысы құрылды. Оны 1790 жылғы құрылған «Бухта Св. Георгия» компаниясы басқарды. Ұлы Британия бұл жерде форт пен ірі әскери-теңіз базасын құрды. 1808 жылы Сьерра-Леоне отары құрылды. 1828 жылы тұрғындардың саны 11 мың болса, XIX ғасырдың ортасында 40 мың болды. 1819 жылы қазіргі кездегі Гастингс, Ватерлоо, Банана қалаларының территориясы, 1824 жылы Бенке, Тассо, Томбо аралдары басылып алынды. 1896 жылы қыркүйекте қазіргі кездегі территориясымен Протектор Сьерра-Леоне құрылды. Ол ағылшын комиссарлар басқаратын бес аудандарға бөлінді.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1873 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...