Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д10. Жаңа кезеңдегі Үндіқытай елдері



1. Дайвьеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайы.

2. Дайвьеттегі Тэйшон шаруалар соғысы. Нгуен империясы.

3. XVII-XX ғасырдың басындағы Кампучияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Анг Дуонганың реформалары.

1. Дайвьет аграрлы ел болды. Шаруалар (вьеттер) общинада – са – тұрып, ауыл шаруашылығымен айналасты.

1535 жылдар бастап Вьетнамдың сауда жолдарына португалдықтар бақылау жасады. XVII ғасырдың 30 жылдарындан голландықтар да отарлауға үлес қосты. Олар Дайвьет территориясында бірнеше сауда факторий құрды. Азаматтық соғыстарда португалдықтар Нгуендердің жағында, ал голландықтар Чинилердің жағында болды. 1672 жылы Вьетнам территориясында ағылшындар ең бірінші факториясын құрды. 18 ғасырда Вьетнамның мемлекеттілігінің құрылуы бітті. Ол осы уақытта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ішінде ең байлы ел болып саналды. Қолөнер мен сауда дамыды. Ал салықтар да көбейіп, шаруалардың жағдайы нашарлады. Сондықтан 1737 жылы көтеріліс басталды. Оның көсемі будда монахы Нгуен Зыонг Хынга болды. 1738 жылы – Тханьхоа провициясында, көсемі – Ле Зуи Мата; 1739 жылы –Намха және Тхайбинь провинцияларында, көсемі – Хоанг Конг Тята.

2. 1771 жылы Вьетнам территориясында тэйшондар көтерілісі басталды. Ол өті ірі көтеріліс болып саналды. Тай-шэн – «Батыс тау» деген сөзден шыққан, ал Орталық Вьетнамда осындай ауыл болды. Тайшон көтерілісі 30 жыл созылды. Көтерілістің нәтижесінде әулеттердің арасындағы жанжалдар бітіп, Вьетнамда орталықтану процесі басталды.

Көтерілістің қозғаушы күштері шаруалар мен қала тұрғындары болды. Олар өздерін шаруалардың қорғаушылары деп атады. Көтерілістің көсемдері – Нгуен Ньяк, Нгуен Хюэ, Нгуен Ли. 1783 жылы тэйшондар Чини территориясына кіріп баса бастады. Оларда Ле деген заңды әулеті таққа отырғызу керек деген ұранмен соғысқа шықты. Сондықтан осы уақытта олардың жағында шенеуніктер, саудагерлер және жер иеленушілер да кірді. 1786 жылы Фу Суан, Тханлонг қалаларын тэйшондар басып алды да осы уақыттан бастап Вьетнам халығы Нгуен Хюэнге «ұлттық каһарман» деген атақ берді. Енді ол Ле Хиен Тонга корольдің жақтастар қатарында болды. Мемлекеттің басында Ле Хиен Тонга формальды король болды, шын айтқанда елдің сұрақтарына тэйшондар шешім берді. Ле Хиен Тонга қайтқаннан кейін таққа Ле Тиеу Тхонг отырды, бірақ ол қытайлықтардан көмек сұрап Қытайға қашты. 1788 жылы 21 желтоқсанда Цин әскерлері астанаға кірді, ал сонда Нгуен Хюэ Куанг Чунг деген вьетнамдықтардың императоры деп өз-өзін жариялады да Тханлонгқа әскерлерді жіберді, жеңілді. Осы уақыттан Қытай Нгуен Хюэ билігін мойындады. Бірақ ол 1792 жылы қайтты, оның мұрагерлері мықты болғн жоқ, сондықтан 1802 жылы Нгуен Фук Ань Зя Лонг императоры деп өз-өзін жариялады. Ол Вьетнамдың жаңа әулеттінің негізін қалаушы болды. Осы әулет 1945 жылға дейін Вьетнамдың тағында отырды.

Мемлекеттің басында император – Хоанг-де (Аспанның баласы), оның қасында Сарай Кеңесі (Ной-как) құрылды. Үкімет 6 министрліктерден (бо) құрылды.

Вьетнамдың әкімшілік құрылымы.

Община (са)

 
 


Тонг

 
 


Хьюн

 
 


Фу


Провинция (чан, содан кейін тини)

Зя Лонг билігінде мемлекет 24 провинциялардан құрылды. Тинилер үш зонада (ки) орналасқан: Бак, Чунг, Нам. Хюэастанасы Чунг зонасында орналасқан.

1812 жылы «Зя Лонгтың кодексі» деген заң жинағы шығарылды. Енді осы құжат мемлекеттің негізгі заңы болып жарияланды.

XIX ғасырдың басында қолөнер, сауда дамыды.

3. XVI ғасырдың басында Камбоджа монархиялық мемлекет болды. Жер монархтың меншігінде болды. Монарх – ол «Преах» (Қасиетті, Священный). Елдің астанасы, елдің негізгі экономикалық және мәдени орталығы – ол Пномпень қаласы болды. Камбоджа –аграрлы ел болды. XVII ғасырдағы ірі қалалар – Пномнень, Ловек, Ангкор болды. Меконг өзен арқылы ішкі сауда өткізілді. Халықтың 98 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысты. Осы жүйе Камбоджада 19 ғасырға дейін әрекет етті.

XVII ғасырдың ортасында Камбоджада діни негізінде жанжалдар басталды. Ислам жақтастарының көсемі король Чан (1642-1659) болды, ал буддистердің көсемі – Преах Батом Реатеа болды. Соғыстың нәтижесінде Преах Батом Реатеа жеңімпаз болып шығып таққа отырды да буддизмді Камбоджаның ресми дініне айналды. 1675 жылы таққа Чей Четта Төртінші отырды. Ол мемлекеттің орталықтандыру процесін бастады.

Камбоджаның әкімшілік құрылымы.

провинция

округтар кхумдар (бірнеше ауылдар)

XVIII ғасырдың екінші жартысынан Камбоджа Вьетнам және Сиам мемлекеттерінің вассалы болды. Король Анг Дуонг өзінің сыртқы және ішкі саясатында осы екі мемлекеттермен жалтару (лавирование) саясатын өткізді. Анг Дуонг ішкі саясатта экономика саласында реформалар өткізді. Ол биліккен уақытта ауыл шаруашылықтың, жол жасау салалырында қайта құру кезеңі басталды, салықтар өзгерді. Жерге жеке меншік жүйесін реттеді. Жер – ол монархтың меншігіне жатады.

Камбоджаның әлеуметтік құрылымы.

Кхмердер – жоғары сословиесі – прэах вонгса – монарх отбасының мүшелері (5-ші атаға дейін), жоғарғы дінбасшылары (преам).

Шенеуніктер (намэн)

Шаруалар (нэак тыа)

1860 жылы Анг Дуонг қайтқаннан кейін таққа оның баласы Нородом отырды. Ол 1904 жылға дейін билік етті. Ол билікте болған кезде Камбоджа Францияның протектораты болып жарияланды.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2781 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...