Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д13. XVIII-XX ғғ. басындағы Оңтүстік Африка



1. Қап отары. Қап отарының Голландиядан Англияның қол астына өтуі.

2. Бур мемлекетінің құрылуы.

3. Трансвааль мен Оранжевое мемлекеттері.

4. Оңтүстік Африкада Британ отарлық империясының құрылуы.

1. Оңтүстік Африканың солтүстік шекарасы Замбези өзені, Анголаныі оңтүстік шекарасы болып саналады. Африканың оңтүстігінде еуропалықтар келгенге дейін келесі тайпалар мекенденген: бушмендер (саан), готтентоттар (койкоин), банту тайпалары (коса, зулу, шона, гереро, овамбо, бечуан және т.б.). Зулу тобының тайпалары қазіргі кездегі ОАР Наталь провиницясында және Мозамбикке дейінгі территорияны мекендеген. Лимпопо мен Замбези өзендердің арасында шона тайпалары, Оранжевая өзенінің бойында бечуан тайпалары тұрған. Бұл тайпалардың атауы өз тіліне аударғанда «адам» деген мағынаны береді.

Кап отарын күшпен өз территориясына қосуын Ұлы Британия 1795 жылы жасады. Бірақ 1802 жылғы Франциямен жасасқан Амьен бейбітшілік келісіміне сай Англия Голландияға бұл территорияны қайтарып берген. Франция Голландияны басып алғаннан кейін Англия 1806 жылы Кап отарын өз территориясына қосты. 1814-1815 жж. Вена конгресі Оңтүстік Африканың басып алуын бекітті.

1820 жылы Африканың оңтүстігіне 5 мың ағылшын иммигранттар келген, 1820-1860 жж. – 4 мың ағылшындар, 1860-1865 жж. – 12 мың ағылшындар мен германдықтар. 1825 жылдан бастап Кап отарының ресми тілі ағылшын тіл болып саналды. Риксдалерлер деген ескі ақшаларды ағылшын фунттарға айналды.

2. 1836 жылы Кап отардан 5 мыңнан астам бурлар Оранжевая өзенінен шығып, басқа территорияға барған. Бұл тарихқа Ұлы трек (қоеыс аудару) атауымен кірген. Треккерлер (қоныс аударған адамдар) екі жолмен жылжыды: 1. Оранжевая өзенімен және 2. Наталға, зулустар жерлеріне.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Оңтүстік Африкада бір біріне қарсы тұрған үш күш қалыптасқан:

1. Ағылшын колониализм;

2. Бур жер иеленушілері-отаршылдар;

3. Банту адамдары (африкандықтар).

Ағылшындар өз күшін ең біріншіден коса тайпаларына көрсетті. Бұл халыққа қарсы бағытталған соғыстар «кафр соғысы» (кафрские войны) деп аталды. Олар келесі жылдары болды: 1811 ж., 1817-1818 жж., 1834-1835 жж., 1850-1853 жж., 1858 ж. Коса тайпалары бір біріне бағынбайтын, орталықтанбаған халық болғандықтан Кафр соғыстарының нәтижесінде Кап отырының территориясы кеңейе бастады. Кап отарының территориясы зулсутарға дейін жетті.

Зулустардың басында Дингисвайо, Чака және Дингаан деген көсемдер болған. Зулустардың мтетва тайпасының көсемі Дингисвайо тайпалардың бірігуіне негізін қойды. Одан кейін тайпалардың басында Чака болған. Ол тұрақты армияны құрып, оның саны 30 мың сарбаздан асты.

3. 1838 жылы 16 желтоқсанда зулустар мен бурлар арасында Натал территориясына үшін Инкома өзенінің жағалауында ұрыс басталды. Оның нәтижесінде бурлар жеңіске жетіп, бұл күнді «Дингааг күшні» деп мерекленді. Натал территориясында треккерлер өзінің бірінші республикасын орнатты. Бірақ ағылшындақтар Наталды өз отарына айналды да Кап отарына қосты. Треккерлер басқа территорияны іздеуге мәжбүр болды. Оранжевая мен Вааль өзендердің арасында бурлар 1848 жылы төрт кішкентай мемлекет құрды. Британдықтар бұларды да басып алды. 1851-1852 жж. ағылшындықтар мен басуто арасындағы соғыстың нәтижесінде Англия 1854 жылы бурлардың тәуелзідігін бекіткен Блумфонтейн конвенциясына қолын қойған. Бурлар Оранжевая өзенінің жағалауында Оранжевое Свободное государство орнатты (Оранжевая Республика). 1856 жылғы Сандривер конвенциясына сай Вааль өзенінің қасында тұратын бурларға тәуелсіздік берілген. 1858 жылы төрт мемлекеттер бірігіп, Оңтүстік-Африкалық Республика (Трансвааль Республикасы) Африканың саяси картасына кірді. Оранжевая мемлекеті мен Трансвааль Республикасында азамат деп тек қана «ақ нәсілді» адамдар саналды.

4. 1870 жылдың басында дейін Оңтүстік Африка территориясында төрт мемлекет пайда болды. Олар: Кап отары мен Натал отары, Оранжевая мемлекеті мен Трансвааль Республикасы.

Трек процесі мен республикалар орнату кезеңі бурлардың ұлтшылдығы қалыптасуының негізі қаланған деп санауға болады. Бурлар өздерін голландықтар деп есептеген жоқ, олар өздерін «африканерлер» (африкандықтар) деп санады. Бурларда голландық тілден айырмашылығы бар «африкаанс» тілі пайда болды.

1860-шы жылдарда Оңтүстік Африкада алтын (Замбези мен Лимпопода) мен алмаз (Вааль мен Оранжева өзендерде) табылғаннан кейін бұл жерлерге еуропалықтар көшіп келді. Оранжевая Республика алмаздарды мемлекеттің меншігі деді. Алмаз мен алтындардың табуы Африканың «екінші ашуына» әкелді. Бұл кезеңнен бастап Оңтүстік АФрикада темір жолдар, өнеркәсіптер мен мануфактуралар құрыла бастады. 1877 жылы 12 сәуірде Трансвааль Республикасы Англия территориясына күшпен қосылды.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Африканың оңтүстігіне өз претензияларын Германия айтты. 1876 жылы фон Вебер мен Бремен көпесі Людериц Бисмаркқа бурлар жерінде өз отарын құруға рұқсат сұрады. Қазіргі кездегі Намибия территориясы (Оңтүстік-Батыс АФрика) Германияның отары деп саналды. 1884 жылы Германия Трансваальмен сауда келісімге қолын қойды.

1899-1902 жж. Англия мен бурлар арасында соғыс басталды. Бурлардың жағында 87 мың адам болды, ал ағылшындардың жағында – 448 мың сарбаз. 1902 жылы 31 мамырда Феринихинг қаласында бейбітшілік келісімге қол қойылды. Бұл уақыттан бастап бурлар деген этноним жойылды, олар Британияның азаматтары деп саналды. Ағышын-бур соғысының нәтижесінде Оңтүстік Африка Британ империясының құрамына кірген.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2047 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...