Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д9. XVII-XX ғасырдың басындағы оңтүстік-шығыс Азия елдері



1. Индонезия – Нидералдық Үндістан. Голландықтарға дейінгі Индонезия. Ява мемлекеті.

2. Голландиялық отарлаушылардың саясаты. Индонезиядағы голландықтардың оратлау саясатының ерекшеліктері.

3. Филиппиндер мемлекетінің дамуы. Мұсылмандық оңтүстік – «Моро елі».

1. XVI ғасырда Индонезия архипелагындағы тұрғындар саны үш миллионнан астам болды. Архипелаг тұрғындары өз дамуында әр түрлі даму сатыда болған. Борнео, Суматра, Целебесе аралдарының тұрғындары мемлекетке дейінгі сатыда болған. Оларда матриархат элементтері көрінді. Ал Ява мен Суматра аралдарында алғашқы мемлекеттер пайда болды.

XIV ғасырдан бастап архипелагта исламизация үрдісі басталды да жаңа кезеңнің басында мұсылмандар билік ететін князьдіктер қалыптаса бастады. Бұл уақыттан бастап архипелагтың еуропалықтармен отарлау процесі басталды.

XVI ғасырда архипелагта ең ірі арал Ява болып саналды. Орта ғасырлық Маджапахит мемлекеті құлағаннан кейін Ява территориясы бірнеше князьдіктерге бөліне бастады. Князьдіктердің басында мұсылмандар тұрды. Аралда сауда өрісінде Португалия үлкен рөл атқара бастады.

Индонезия архипелагындағы ірі мемлекеттер (XVI ғасырдың соңында):

Батнам сұлтанаты: Ява және Суматра князьдіктері кірді;

Аче сұлтанаты: Суматра аралының солтүстігінде орналасты;

Джохор сұлтанаты: Суматра аралының оңтүстігінде орналасты.

Бұл князьдіктердің арасында территория үшін күрес болды.

1602 жылы голландық Ост-Үнді компания құрылды. 1609 жылы голландықтар португалдықтарды қуып, өз отарын құра бастады. Ал ағылшын Ост-Үнді компания тек қана Молукка, Сулавеси, Ява, Суматра және Сиам аралында өз факторияларын құрды.

2. XVII ғасырдың ортасында Ява аралында ең ірі Матарам сұлтанаты болып қалыптасты. Ол Ява аралының орталық және шығыс бөлігін қамтыды. Мемлекеттің басында сусухунан отырды.

Бұл кезеңде Суматра аралынының солтүстігінде Аче княздігі, шығыста Тидор мен Тернате князьдітері орналасты. Цебесе аралығында Гова мемлекеті пайда болды.

1677 жылы голландық Ост-Үнді компаниясымен Матарам басшысы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша голландықтар Матарам территориясында шектеусіз сауда жүргізуге рұқсат алды. Келісімге қол қойғаннан кейін Матарам территориясына голландықтар көтерілістерді басып алып бұрынғы әулетті билікке орнатты.

Голландықтардың келесі отарлау объектісі Бантам князьдігі болды. 1684 жылы голландықтармен келісімге қол қойылды. Голлнадықтар отарлау саясатын жүргізе бастады.

XVII-XVIII ғғ. Ява аралында голландықтарға қарсы көтерілістер басталды. Бірақ көтерілісшілер өз мақсатына жеткен жоқ. Индонезия голландықтардың отарына айналдыра бастады.

1873-1913 жж., Аче соғысы болды.

Қорыта айтқанда, Индонезия архипелагы келесі жоспар бойынша бөлінде:

Ұлы Британияға – Саравак және Британдық Солтүстік Борнео,

Португалияға – Тимор аралы,

Жаңа Гвинеяға - Ұлы Британия мен Германия арасында бөлінген.

3. XV-XVI ғғ. Португалия мен Испания арасында Оңтүстік-Шығыс Азияға теңіз сауда жолын бақылауға күрес болды. 1493 жылы Рим Папасы өзінің булласы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия территориясын Испанияға берді. 1521 жылы Филиппин аралдарына Магеллан экспедициясы жіберілді.

Ең алғашқы Филиппин аралдары Әулетті Лазарь деп аталған. Бұл атау Филипп Екінші король есімімен байланысты.

1570 жылдан бастап испандықтар аралға жабуыл жасап Лусон аралын Испания қол астына айналдырды. Испандықтар ең біріншіден Манила қаласын құрды. Бұл отардың негізгі әкімшілік орталығы болып саналды.

Отаршылдық саясатына қарсы Филиппин аралының тұрғындары шықты. Оларды испандықтар «моро» деп атады (испандық «мавр»).

Отардың басында губернатор отырған.

XVII ғасырдан бастап жергілікті тұрғындардан помещиктер әлеуметтік тобы құрыла бастады. Олар касиктер атауға ие болды.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Филиппин дамуындағы негізгі ерекшелік буржуазиялық реформаларды енгізу керек ұранды ұстаған оппозициялық қозғалыстың қызметі болып табылады. Маналада екі заңсыз ұйым құрылған. Бұл ұйымға жер иеленушілер, ұлттық буржуазия, интеллигенция, дін басшылары және студенттер кірген. Олардың пікіріңше, Филиппин территориясында испандық провицияны құрып, метрополия заңдарын енгізу керек. Бұл қозғалыстың ірі қайраткері Хосе Рисаль (1861-1896) болды. Ол испандық отаршылдықтан құтылу керек деген. 1889 жылы оппозиционерлер өздерінің «Ла Солидаридад» деген баспа органын құрды. Бірақ ол өлтірілді.

1897 жылы 22 наурызда Филиппин республикасы жарияланды. Республика басында Э. Агинальдо бекітілді. Бірақ Катупунан (халықтар ұлдарының жоғарғы одағы) оны заңсыз деп бпекіткен жоқ. 1897 жылы 1 қарашада Филиппин Республикасының Уақытша Конституциясы бекітілді. Қарашаның ортасында Испаниямен әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойылды. 1898 жылы 12 маусымда екінші рет Филиппин Республикасы жарияланды. 23 мамырда оның үкіметі бекітілді. 1899 жылы 1 қаңтарда Конституция жарияланды. Агинальдо Филиппин Республикасының Президенты болып тағайындалды.

1899 жылы 21 желтоқсанда АҚШ Филиппиндерді өз территориясы деп жариялады және өз әскерлерін Манила аймағында соғысуға жіберді. Соғыстың соңында Филиппиндер АҚШ қол астына кірді.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2857 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...