Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д12. XVII –XX ғғ. Азия және Африканың Араб елдері



1. Египеттің саяси жағдайы. Мұхамед Әлидің реформалары.

2. Судандағы махдистер көтерілісі және тәуелсіз махдистер мемлекетінің пайда болуы.

1. XVI ғасырда араб елдердің ірі бөлігі түріктерге бағынып, Осман империясының құрамына кірген. Египетте билік мамлюктердің қолында болды. Египетте түрік басқыншылығының орнатуы елдегі қоғамдық құрылысына өзгерістер әкелген жоқ. Египеттің басында түрік сұлтан атынан паша билік етті. Паша Каир қаласында орналасқан. Пашаға билік етуге министрлер диваны және янычарлар мен мамлюктергвардиясы көмектесті.

1798-1801 жж. Египетке Наполеонның экспедициясы болды. Экспедицияның мақсаты – Үндістанда байлы жерлерді басып алу үшін, ал Үндістанға жол араб елдерінде жатты.Наполеон кеткеннен кейін Египетте ағылшындар, мамлюктерден және түріктерден арасында шиеленістер басталды. 1803 жылы Франция көмегімен Египеттен ағылшын әскерлері шығарылды. Амьен бейбітшілік келісіміне сай Египет түрік сұлтанға қайтарылды. 1802-1804 жж. мамлюктер мен Түркияның билік үшін күрестің нәтижесінде Египеттің тарихына Албания корпусының бастығы Мұхаммед Әли келеді.

Мұхаммед Әлидің реформалары:

1. аграрлық реформасы бойынша, жерлердің бәрі мемлекеттік меншікке айналды. Жер қауымдастардың арасында бөлінді және жерді қауым пайдаланды да мемлекетке салық төледі. Діни ұйымдардан жерлері тартып алынғандықтан жер мемлекеттік меншікке айналды. Аграрлық реформа дін басшылар мен мәмлүктер мақсаттарымен бірдей болған жоқ. Реформаның нәтижесінде мәмлүктер бейлер жойылды да олардың привилегиялық орны да жойылды.

2. жер иеленушілік дами бастады. Жаңа ирригациялық жүйелер құрыла бастады.

3. «Сыртқы сауда» монополиясы енгізілді.

4. Әскери реформа. Мақсаты елдің әскери қуатын көтеру. Еуропалықтар, француздар, арқылы Еуропа үлгісі бойынша жаңа әскер құрылды. Әскер Еуропалық әскербасшылар арқылы оқытылды. Жаңа әскер жаңа технологиялық қарулармен қамтамасыз етілді.

5. Әскери реформаның нәтижесінде жаңа өнеркәсіптер құрылды.

6. Еуропа үлгісі арқылы қаржы жүйе және мемлекеттік аппарат орнатылды. Министрліктер құрылды. Мысыр жеті провинцияға бөлінді. Провинцияның басында губернатор отырғызылды. Олар орталық үкіметке бағынышты болды.

7. діни емес мектептер ашылды. әскери училищалар ашылды.

Мұхаммед Әли жүргізген реформалар Мысырдың жоғары деңгейге жетуіне әкелді. Реформалар арқылы Мысыр экономика және мәдениет жағынан дами бастады.

2. Орта ғасырларда қазіргі кездегі Судан территориясында христиандық мемлекеттер пайда болды. Олардың ішінде ең ірі Донгола болып табылады.

XIX ғасырда Судан территориясында феодалдық түрлі ертеотарлық қоғам құрыла бастады. Қоғамның жоғарысында мұсылмандар («түріктер»), левантиялықтар (Суданда сауда жасайтын көрші елдердің тұрғындары) және еуропалықтар.

1881 жылы тамыз айында Аба аралында шериф (Мұхамед пайғамбардың ұрпағы) Мұхаммед Ахмед ибн Абдаллах өзін-өзі Махди (мессия) деп жариялады. Ол қасиетті соғысқа барлық мұсылмандарды шақырды. Олардың ішіне түріктер да кірді.

1883 жылы динка тайпасы көтеріліске шықты, мамырда беджа қатысты.

Махдисттер көтерілісі нәтижесінде Судан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды, оның құрылымы Қоран арқылы жасалды. Суданның астанасы деп Омдурман бекітілді. Махдистер өздерін қайыршылармен немесе дервиштер деп атады. Түріктер мен христиандардың мүліктері мемлекеттік меншігіне айналды.

Махдиден кейін мемлекет басына Абдаллах отырды. Ол тек қана өзінің тайпасына баггара сенді. Сондықтан провинциялардың басында тек қана баггара тайпасынан шыққан адамдар отырғызылды.

1896 жылы наурызда Британдық және Мысырлық онмыңдық экспедициялық корпус мемлекетке шабуыл жасапмахдисттер әскерін жеңіліске ұшырды.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2327 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...