Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Даму туралы түсінік



«Даму» түсінігі осының шеңберінде өзін тану және дамыту талдануы мүмкін ең ортақ түсінік болып табылады. Даму:

- психологияның оның әртүрлі салаларында кеңінен пайдаланылатын және практикалық мектептер мен бағыттардың өкілдері мойындайтын іргелі категориясы;

- объективті бар факт – материядағы, санадағы, қоғамдағы және т.с. сандық және сапалық өзгерістердің табиғи түрде жүзеге асырылатын процесі;

- физикалық, рухани, тұлғалық, зияттық (адамға қатысты алғанда);

- объективтік болмыстың көптеген құбылыстарының қандай да бір түсіндіру процесі (ғылымға: биологияға, психологияға, философияға, педагогикаға және т.б. қатысты);

- әсіресе мұның адам туралы ғылымға қатысы бар, құндылық ретінде қарастырылады. Біз үшін аталған аспект өзін тану және дамыту дың мәнін және мағынасын ашып көрсеткен кезде ерекше маңызға ие болатын болады.

Объективтік үрдіс ретіндегі психикалық даму мәселесін толығырақ қарастырып шығайық. Ұзақ уақыт бойы психологияда, осыған сәйкес даму қарапайым өсу, жетілу, сатылардың күні бұрын белгіленуі ретінде түсінілген, преформизм теориясы үстемдік етті. Тіптен XVII-XVIII ғасырларға дейін балалықтың өмірге дайындық ретінде, ал баланың – тек кіші пішіндегі, жетілмеген және санасыз ересек ретінде қарастырылғандығы кездейсоқ еай. Біртіндеп дамуға психикалық қасиеттердің, процестердің, күйлердің уақыттағы сандық және сапалық өзгерістерінің, қазіргі түрлендірулерде көрініс табатын кері қайтпас процесі ретінде қарай бастау басталды.

Қазіргі таңда психикалық дамудың сан көптеген әртүрлі теориялары мен версиялары бар: натурализм, социоморфизм, культурализм, теологизм, гносеологизм, антропологизм.

Психикалық даму факторларына қатысты бірнеше тұрғы бар.

Биологизаторлық түсініктерге сәйкес, дамуға психикалық дамуға бағдарлама мен вектор беретін биологиялық, туа біткен факторлар себепші болады.

Социологизаторлық бағыт акцентті адам дамуының әлеуметтік түсіндірілуіне жасайды (баланың өмірі мен іс-әрекетін белгілі бір шамада ұйымдастыра отырып, онда ниет етілген қасиеттер мен сапаларды қалыптастыруға болады. Конвергенция (факторлардың үйлесуі) теориясында баланың дамуы ішкі мәліметтердің сыртқы жағдайлармен жақындасуы (өзара әрекеттесуі) нәтижесі ретінде көрсетіледі. Отандық психологияда дамуда жетекші рөльді оқыту мен тәрбиелеу, яғни әлеуметтік факторлар ойнайды, ал биологиялық, туа біткен факторлар қосымша рөль ойнайды деген пікір ең көп таралған болып табылады. Отандық психологияда осы сәтке үнемі назар аударылып келгеніне қарамастан, дамудың ішкі детерминациясы фактін бір теориялардың көбірек дәрежеде, екіншілерінің – азырақ дәрежеде елеп-ескермейтіндігін атап көрсете кетуіміз қажет. Бірақ ішкі белсенділік объективті бар үрдіс ретінде дамуды қарастыруға біз анықтамасы бойынша тіршілік әрекетінің субъектісінсіз жүзеге асырылмайтын өзін тану және дамыту ды қосқан кезде ғана толық көлемде түсініле алады.

Психологияда талқыланып жатқан екінші бір мәселе психикалық дамудың қозғаушы күштері және оның жалпы заңдылықтарын іздестіру мәселесі болып отыр. Отандық ғылымда дамудың қозғаушы күштері болып қарама-қайшылықтар: жүріс-тұрыстың ескі және жаңа түрлері арасындағы, қоршаған адамдар тарапынан қойылатын талаптар мен баланың қолда бар мүмкіндіктері арасындағы және т.с. қарама-қайшылықтар табылатындығы мойындалады.

Психикалық дамудың заңдылықтары ретінде: оның бірқалыпсыздығы, икемділігі, сабақтастығы көрініс табады.

Психологияның әртүрлі мектептері мен бағыттарында ерекше көңіл жас пен жастық кезеңдеу мәселесіне бөлінуде. Отандық психология өкілдеріне сәйкес, әрбір жас кезеңін: «дамудың әлеуметтік жағдайы», «жетекші іс-әрекет», «психологиялық жаңа түзілімдер» түсініктері арқылы сипаттауға болады.

Дамудың әлеуметтік жағдайы түсінігі, отандық психологияның классигі Л.С.Выготскийге сәйкес, субъекттің әлеуметтік шындықпен қатынастарының, оның уайымдауларында көрініс тапқан және басқа адамдармен бірлесе жасалған іс-әрекетте жүзеге асырылатын сыртқы және ішкі жағдайлардың үйлесімінің әрбір жас үшін спецификалы болып келетін жүйесі ретінде анықталады. Ол баланың өмір салтына, осының жағдайында жаңа қасиеттер мен сапалар алынатын, психикалық жаңа түзілімдер пайда болатын әлеуметтік болмысқа негізделеді.

Жетекші іс-әрекет түсінігін А.Н.Леонтьев алға тартқан болатын және әрбір жас кезеңінде, осының шеңберінде психика, негізгі жаңа түзілімдер қалыптасатын өзінің жетекші іс-әрекеті бар дегенді білдіреді.

Психологиялық жаңа түзілімдер – бұл тұлғаның аталған жаста ие болатын және оны басқа жас кезеңдерінен ерекше ететін психологиялық ерекшеліктері. Мысалы, мектеп жасына дейінгі жастың ең маңызды жаңа түзілімі мотивтерді теңдесе байланыстыру, төменгі мектеп жасының ең маңызды жаңа түзілімі - жүріс-тұрыстың еркіндігі, жасөспірім жастың ең маңызды жаңа түзілімі – ересектік сезімі және т.с. болып табылады.

Осы түсініктерді пайдаланудың негізінде Д.Б.Эльконин психикалық дамудың отандық психологиядағы ең танымал кезеңденуін жасап шығарған болатын.

Д.Б.Эльконин бүкіл балалық шақты үш үлкен дәуірге бөледі: ерте балалық, балалық және кеш балалық. Әрбір дәуірде екі кезеңнен, ал әр кезеңде – екі фазадан бөліп көрсетіледі. Әр кезең үшін өзінің жетекші іс-әрекеті тән: нәрестелік жас (0-1 жас) - тікелей-эмоциялық қатынас; ерте балалық (1-2 жас) - заттық-манипулятивтік іс-әрекет; мектеп жасына дейінгі балалық (3-7 жас) - сюжеттік-рольдік ойын; төменгі мектеп жасы (7-10 жас) – оқу іс-әрекеті; жасөспірім жас (10-15 жас) - қарым-қатынас; ерте жастық шақ (15-17 жас) - оқу-кәсіптік іс-әрекет. Онымен қоймай, жетекші іс-әрекеттердің барлық типтері: «бала – қоғамдық ересек» (тікелей-эмоциялық қатынас жасау, рөльдік ойын, қарым-қатынас жасау) және «бала – қоғамдық зат» (заттық-манипуляциялық іс-әрекет, оқу және оқу-кәсіптік) қағидаі бойынша екі үлкен топқа бөлінген болатын. Әр кезеңнің шеңберіндегі даму тұрақты ретінде сипатталады, ал кезеңнен кезеңге және дәуірден дәуірге өтпелі кездер – дағдарысты, өтпелі ретінде сипатталады.

Шетелдік кезеңдестіруден ең кең танымалдыққа Э.Эрикссонның (американдық психолог) кезеңдеуі ие болды. Біз қарастырып отырған өзін тану және дамыту мәселесі тұрғысынан алғанда ол ерекше қызығушылық тудырады, өйткені мұнда енді назар көбірек дәрежеде сыртқы емес, ішкі факторларға бекітіліп, дамудың бір емес, екі – жағымды және негативті линиясы көрініс табады. Онымен қоймай, балалықты ғана емес, адамның бүкіл дамуын кезеңдестіруді беруге әрекет жасалуда. Баптарды (олардың ұзын саны 8) бөліп көрсету үшін негіз болып біз алдыңғы тарауда сөз еткен сәйкестікті дамыту табылады, олардың әрқайсысында адам: қандай жолмен жүру керек – сәйкестіктің жаңа түріне ие болу жолымен бе, әлде оны жоғалту жолымен бе деген тапсырманы шешкендей болады. Э.Эрикссонның өзінің тұжырымдамасында сатыларды қатаң бекітпей, олар бірінен кейін бірі жүретіндей формальды уақыт үзіктеріне ұқсас болуға тиіс деп есептемеу факті қызықты болып табылады. Сондықтан әрбір саты алдындағы сатыны қоса енгізгендей, оған жанасқандай болады, сондықтан «жастың басы» - айтарлықтай шартты түсінік, бір де бір жас келесі жас басталған кезде аяқталмайды, түгесіліп-таусылмайды. Біз әр сатыдағы дамудың тек ақырғы нәтижелерін ғана келтіреміз.

Бірінші саты - нәрестелік (0-1, 1-1,5 жас). Бұл кезеңде қолайлы аяқталған кезде қоршаған әлемге базалық сенім, үмітке қол жеткізіледі; қолайсыз аяқталған кезде – сенімсіздік, қарым-қатынас пен іс-әрекеттен басын аулақ ұстауға қол жетеді.

Екінші саты – ерте жас (1,5-4 жас). Бала өзінің автономиясын құру және ұстап қалу міндетін шешеді. Әлде автономия, ерік-жігер, әлде күмән, ұят пайда болады.

Үшінші саты - балалық (4-6 жас). Бастамашылдыққа қабілеттілік немесе кінәлілік сезімі, мақсатты бағытталған іс-әрекетке қабілеттілік немесе енжарлық, тежелгендік дами түседі.

Төртінші саты – мектеп жасы (6-11 жас). Балада еңбексүйгіштіктің және еңбек құралдарымен жұмыс істей білудің қалыптасуы байқалады, олай болмаған жағдайда инерттілік, құзыретті еместік сезімі, өзінің толыққанды еместік сезімі дамиды.

Бесінші саты – есейгендік (11-20 жас). Адамның алдында өзін-өзі тану және өмірдегі өз орнын тану міндеті пайда болады, сәйкестік сезімі дамиды, әлде оның ығысу процесі жүреді, осыған орай ұялшақтық немесе негативизм пайда болады.

Алтыншы саты – жастық (21-25 жас). Қалыптасқан немесе қалыптаспаған сәйкестіктің негізінде енді ересектердің міндеттерін шешуге көшу, осының салдары ретінде – сырластық пен оқшаулану арасынан таңдау жасау.

Жетінші саты – кемелдік (25-50-60 жас). Мақсаты - өзін тану және дамыту мен және өз творчествосымен байланысты міндеттерді шешу. Нәтижесі - өнімділік пен тұралап қалу, өзін-өзі сіңіру арасындағы қарама-қайшылықты жеңіп шығу; жағымды жаңа түзілімдер болып қамқорлық, қайырымдылық, негативті болып – қабыл алынбау табылады.

Сегізінші саты – қарттық (60 жастан жоғары). Сәйкестіктің жаңа түріне қол жеткізумен сипатталады, әлде тұтастықтың, әмбебаптықтың пайдасына, әлде күдер үзудің, жиіркенудің пайдасына таңдау жасалады. Оңды жетістік болып даналық, теріс жетістік болып – жек көрушілік, оның ішінде өзін жек көру табылады.

Сонымен, объективтік үрдіс ретіндегі дамудың не екенін қысқаша еске түсірдік, психологияда қойылатын негізгі проблематиканы айқындадық. Осы мәселелер туралы толығырақ мәліметтерді жас психологиясы,. Даму психологиясы бойынша кез келген оқулықтан оқып шығуымызға болады. Бұл жерде келесідей маңызы бар фактіні атай кетейік – психологиялық дамуды зерттеу әрқашан да психологияның басым міндеті болып қалады, бірақ бүкіл алуан түрлілігін және спецификасын түсіну үшін даму процесіне тек сырттан ғана емес, ішінен де «қарап шығу» маңызды, бұл алдыңғы орынға тұлғаның өзін тану және дамыту ымен байланысты сан көптеген мәселелерді шығарады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 5728 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.09 с)...