![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Психологияда алғашында рефлексия ұғымы психикалық процесстердің өмір сүруін түсіндіретін қағида ретінде қарастырылады. Ал, қазіргі кезеңде рефлексия зерттеудің бір тәуелсіз пәні болып отыр (С.Қ.Бердібаева).
Қазіргі шет елдік зертеулерде «рефлексия» ұғымы сирек қолданылады. Әрине, бұл рефлексия жайлы зертеулердің жоқ дегенін білдірмейді. Рефлексивті процесстер көбінесе басқа басқа бір терминдермен суреттеледі, мәселен, «recursive thinking» (рекурсивті ойлау)(Д.Вейс) суреттеледі, «self – referent thought» (өзің туралы ойлану) (А.Бандура). Тағы бір бағыттардағы жұмыстарда рефлексия ұғымы адамның «мен» феномені мәселесі төңірегінде қарастырылады, мұнда рефлексия негізінен «өзіңді тану» «self - awarentss»
(С. Дьювел. Р.Виклунд), өзіңді тексеру (self – control) (Д.Миченбаум), өзіңе зейін қою (self- attention) (А. Фенингстейн) деген мағына беріледі. Рефлексияны нақты экспериментальды зерттеулер әлеуметтік психологияда (У.Джеймс), адамның әлеуметтік мен ұғымында көп зерттелді.
Әлеуметтік белсенділікті зерттеу, жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынасты рефлексияның орнын түсінуді мүмкін етті. Өзара әрекет ситуациясын когнитивті меңгеру құралы ретінде рефлексияның қажеттілігі ассиметриялық ситуакцияларда (оқыту, жетекшілік), конфликтілік ситуацияда, топтық дисскуссияларда туындайды.
Кеңестік психологияда рефлексия мәселесінің дамуы бес сатыда тұрады (И.Н.Семенов). И.Н.Семеновтың пікіоінше, рефлексияның дәстүрлі мәселесі рефлексия психологиясының пәнаралық өзара қатынас сферасын кеңейту, этнографиямен (М.Мұқанов), психосемантикамен (В.В.Столин).
Рефлексияны түсінуге өте көп мәнді үлес қосқан С.Л.Рубинштейн болды. Оның пікірінше, рефлексия адам санасының дамуының белгілі бір деңгей, адам ойша өз өмірінің шегінен шығады және одан тыс позицияға барады. Сондай-ақ рефлексия теориялық ойлау мен өзіндік сана мәчелесіне байланысты экспериментальды зерттеулер аясында көп қаралды (А.З.Зак). Сонымен бірге, интеллектуальды рефлексия мәселесі де эксперимент түрінде зерттелінді.
Ж..Пиаже өзінің соңғы жұмыстарында рефлексия мәселесін арнайы зерттеді. Рефлексия психологияның құрылуы ХХ ғасырда «рефлексия» ұғымының тек психологизациясы ғана емес,оны психикалықты түсіндіруші қағидатен (У.Джеймс,Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн) экспериментальды теориялық зертеуге өтумен (А.З. Зак, И.Н. Семенов т.б.) сипатталады. Ре,флексия психологиясы екі бағытта дамыды – бірі логикалы – математикалық талдау және крнфликтілі қарсыласуды рефлексивті басқаратын интелектуальды процесстер (В.А.Лефевр), екіншісі- ойлаудың шығармашылық процесінің дамуындағы конфликтілі жағдайдағы интелектуальды, жеке бастық рефлексиялардың өзара әрекетін жүйелі- психологиялық зертеулер (И.Н. Семенов, С.Ю.Степанов) сипатталады.
Этногенетикалық ықпалда рефлексияның әлеуметтік өмірдің проблемді эпизодтардағы рефлексияның ролі көрсетіледі, мәселен адамның әрекеті ережелерге көнбегенде, ол өзі өзінің міңез-құлқын басқаша құрастыруға мәжбүр болады. Р.Хареннің пікірінше, рефлексия адамдар арасындағы қарым-қатынаста әлеуметтік әрекеттердің адекваттылығын, толықтылығын қамтамасыз ету үшін негізгі механизм болып табылады.
Жеке адамдардың өзіндік сана- сезім психологиясында адамдардың өзара қарым-қатынас, сонымен қатар өзіндік сан- сезімнің психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дай-дамайлы.
Жеке адамдардың өзіндік сана- сезім психологиясының негізгі бағыт-бағдары:
«Мен» - «Басқа» жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
1. «Топ» - «Мен» жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену – даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
2. «Мен» - «Топ». Жеке адамның өзіндік сана- сезімі әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
Сонымен, жеке адамдардың өзіндік сана- сезім психологиясының негізгі мәселесі – адами қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның өзіндік сана- сезімінің қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
Рефлексия* - кері қарай бұрылу, яғни адамның өз әрекеттерінің, ойларының басына бірнеше мәрте бұрылу қабілеттілігі, сырттан бақылаушының орнына тұра білу, өзіңнің не істеп жатқаныңды, қалай танып-білетініңді, оның ішінде өзіңді қалай танып-білетініңді ойлана білу. Басқаша айтар болсақ, рефлексия – бұл субъектілерді қосарлана, айнадағыдай өзара көрсету механизмі. Осы субъектілер адамдар да (басқамен сәйкестене отырып, адам өзіне оның көзімен қарайды), әртүрлі мендер де: Мен-танушы, Мен-танылушы, бір мезгілде Мен-танушыны және Мен-танылушыны бақылайтын Мен-бақылаушы болуы мүмкін.
Рефлексияның мәнісі А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» атты өлең шумағынан жолдарында көрсетілген:
«Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қаырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл...». Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Көркем әдебиет пен поэзияда кейіпкерлер өзгелер үшін ойлайтын немесе өздері үшін ойлайтын рефлексиялық бейнелерге бай болып келеді. Бұл өз өзіңмен шахмат ойнаудың немесе екі үстел әдістемесін пайдалана отырып, өзіңмен өзің әңніме айтқанын (Адам бір орындыққа отырып алып, екінші орындықта отырған-мыс дәл өзін, мысалға, шабуыл жасай, айыптай, ұялта немесе мақтай бастайды) дәл өзі. Рефлексия, рефлексиялық ойлау дегеннің не екенін көрнекірек көрсету үшін, психологтар рефлексиялық ойлауды диагностикалау үшін қолданатын «Үш дана туралы» мысалға жүгінейік.
Т а п с ы р м а. Жол бойында үш дана отырып, олардың қайсысы даналырақ екені туралы дауласып жатыр. Осы кезде бір адам өтіп бара жатыр екен, әлгілер дауды шешуге көмектесуіне өтініш жасады. «Жақсы, - деді өтіп бара жатқан адам. – Міне, менің қалпағымда бес қалпақ бар: екеуі ақ және үшеуі қара. Мен әрқайсыңа байқатпай бір қалпақтан кигіземін де, оның басындағы қалпақтың қандай түсте екенін бірінші болып аңғарған адам араларыңдағы ең дана болады. Көздеріңді жұмыңдар!». Осы сөзбен өтіп бара жатқан адам әр данаға қара қалпақтан кигізіп, екі ақ қалпақты қабына жасырып қойды. «Көздеріңді ашыңдар! Өзінің басында қандай – ақ немесе қара қалпақ екенін кім бірінші аңғарады?» Даналар бір біріне қарап, көп отырып қалды. Ақырында олардың бірі сенімді дауыспен айтып салды:
«Менің басымда – қара қалпақ!». Ол қалай біліп қойды?
Осы тапсырманы өз беттеріңізбен шешіп көріңіздер.
Ал енді Сіздің шешіміңізді тапсырманың шындығында қалай шешілетіндігімен салыстырып көрейік.
Алғашқы дана қалған екі дананың басында қара қалпақ киілгенін көреді. Дәл осыны өздерінің орындарынан қалған екі дана да көріп отыр. Бірінші дананың айқыдама көзқарасынан ой жүгіртейік:
- Менің көршілерімнің бастарында қара қалпақ киілген. Менің басымда қандай қалпақ? Әлде ақ, әлде қара. Айталық, менің басымда ақ қалпақ делік. Сонда екінші дана өзінің алдынан бір ақ қалпақ пен бір қара қалпақты көруі керек. Сонда бұл жағдайда екінші дана қалай ой жүгіртуі керек?
Екінші дана үшін ой жүгірту: Менің алдымда бір ақ және бір қара қалпақ. Менің басымда қандай қалпақ? Айталық, ақ дейік...
Бірақ онда үшінші дана оның басында қара қалпақ екенін бірден аңғаруға тиіс. Бірақ ол үндемей отыр. Демек, менің басымда ақ емес, қара қалпақ болуы тиіс.
Бірақ екінші дана осы қорытындыны жасамайды, ол да аузына су алғандай үндемейді! Демек, менің басымда ақ емес, қара қалпақ деген сөз! Осылайша, тапсырманы шешіп шығу үшін біртіндеп өзі үшін, екінші дана үшін және үшінші дана үшін ой жүгірту керек. Рефлексиялық ой жүгірту дегеніміз осы. Бірақ тапсырманың тағы да шешімдері бар, енді келтірілген ой салуға сүйене отырып, оларды өз беттеріңізше тауып көріңіздер.
*Рефлексия (лат. reflexy) – өзінің ішкі күйі туралы ой жүгірту, өзін-өзі талдау.
Рефлексия түсінігін көрсетіп шығып, өзіміздің мәселемізге қайтып оралайық, атап айтқанда, рефлексияны өзін-өзі тану механизмі ретінде қарастырайық.
Ең алдымен, рефлексияның механизм ретінде сәйкестендіруге қарағанда анағұрлым кешірек қалыптасатындығын атай кетуіміз керек. Егер сәйкестендіруге бала ерте жасынан қабілетін көрсетсе, рефлексияның бастамасы тек мектепке дейінгі балада пайда болады, ал тұлғаның жаңа түзілімі ретінде ол төменгі сынып оқушыларында дамиды. Ересек адамдардың өздерінде де кей кездері рефлексияға деген қабілет айтарлықтай төмен деңгейде қалады. Қоршаған әлемді танудың, оның ішінде өзін-өзі танудың кейбір қиындықтары осымен түсіндіріледі.
Дәстүрлі түрде психологияда рефлексияның бірнеше түрлерін ажыратады:
коммуникативтік – оның объектісі болып басқа адамның ішкі әлемі және оның әрекеттеріеің себептері туралы түсініктер табылады. Мұнда рефлексия басқа адамды тану механизмі болып көрініс табады;
тұлғалық – таным нысаны болып танушы тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен сапалары, жүріс-тұрыс сипаттамалары, басқаға қатынас жүйесі табылады;
зияттық – алуан түрлі міндеттерді шешу ьарысында, шешудің әртүрлі тәсілдерін талдау, ұтымдырақ шешімдер табу, тапсырманың шарттарына бірнеше мәрте қайтып оралу қабілеттілігінен көрінісін табады.
Егер рефлексиялық механизмнің жұмыс істеу реттілігін бөліп көрсетуге әрекет жасап көрсек, отандық зерттеуші А.А.Тюков көрсетіп отырғанныдай, мұндай кезеңдер Алтау болады.
1. Рефлексивтен шығу – басқа тәсілдермен және амалдармен басқа адамды және өз өзіңді тану мүмкін болмағанда жүзеге асырылады.
2. Интенционалдылық (интенция – бағытталғандық) – рефлексиялау объектіне бағытталғандық, оны басқа объекттердің арасынан бөліп алу.
3. Бастапқы категориялау – осылардың көмегімен рефлексиялау жүзеге асырылатын бастапқы амал-тәсілдерді таңдап алу.
4. Рефлексиялық амал-тәсілдер жүйесін құрастыру – таңдап алынған бастапқы амал-тәсілдер қандай да бір жүйеге біріктіріледі, бұл рефлексиялық талдауды мақсатты бағыттай және негізді түрде тексеруге мүмкіндік береді.
5. Рефлексиялық мазмұнды сызбалау – әртүрлі белгілік құралдарды: бейнелерді, символдарды, сызбаларды тілдік конструкцияларды пайдалану есебінен жүргізіледі (мысалы, үш дана туралы тапсырманы шешу үшін, оларды суретке салуға немесе сызба түрінде бейнелеуге болады – бұл рефлексиялық тануды ұйымдастырады).
6. Рефлексиялық суреттеуді объективтендіру – алынған нәтижені бағалау және талқылау; нәтиже қанағаттанғысыз болған жағдайда, рефлексия үрдісі қайтадан іске қосылады.
Қорытындылай келе, басқа адаммен және өз өзіңмен сәйкестендіру барысындағы өзін-өзі тану тұрғысынан рефлексия механизмінің әрекет етуін баяндайық.
Басқа адаммен сәйкестене отырып, адам оның тұлғалық ерекшеліктерін, жүріс-тұрыс тәсілдерін, қатынаста болу және өзара байланысу ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Одан әрі мұның бәрі рефлексиялық талдауға ұшыратылады, осы талдаудың барысында қандай да бір қасиеттің немесе жасалған әрекеттердің бар болуының себептері анықталады, оларды бағалау жүреді, одан кейін осы сипаттамаларды өзіне көшіру процесі жүріп, салыстыру жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде басқаның тұлғалық ерекшеліктері де, тұлғаның өз ерекшеліктері мен қасиеттері де тереңірек түсініледі.
Біршама өзгелеу варианттың болуы да ықтимал. Басқамен сәйкестене отырып, тұлға өзіне оның көзімен қарай бастағандай болады, нәтижесінде оның өзіне көзқарасының өзінің меншікті көзқарасымен айырмашылықтарын табады, бұл да өзін-өзі тануды тереңдетуге ықпал етеді. Бұл интроекция заңдарының әрекетін жеңіп шығуға, өзі туралы адекваттылау және тұтастау түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өзімен сәйкестендірген жағдайда рефлексия механизмдерін қоса отырып, өзін-өзі танудың алуан түрлі варианттары болуы ықтимал.
Олар, біріншіден, адамның қандай өзінің Менімен: Мен-танушымен, Мен-танылатынмен, Мен-идеалдымен және т.с. сәйкестенетінімен, екіншіден, оның рефлексиялау амал-тәсілдерін қаншалықты толық және адекватты іріктей алатындығымен, олардан тұтас жүйе құра алатындығымен анықталады. Өзінің қарым-қатынаста талдай отырып, адам келесі ерекшеліктерді атап өтеді:
- аталған қасиетті өзінің мықты жағы деп таниды;
- басқа адамдардың ұстанымына тұра отырып, осылайша бұл ерекшеліктің бар-жоқтығын атап өтеді;
- дәл сол кезде адамдардың кең шеңберімен қарым-қатынас жасауға онша қажеттілікті бастан кешпейтінін, ал коммуникабельділіктің өзімен жасалған қажымас еңбектің негізінде пайда болғандығын анықтайды.
Осы жұмысқа түрткі болған бастапқы себепті де бөліп көрсетеді:
- коммуникабельділікке қарамастан, әлі күнге дейін, әсіресе жасы үлкенірек адамдармен, алғашқы байланысты орнатуда кейбір қиындықтардың сақталып отырғандығын атап көрсетеді;
- әңгімелесушіге байланысты өзгеріп отыратын, кейбір орнығып қалған бағдарламаларды, тілдік амал-тәсілде таптаурындарды және т.с. табады.
Рефлексиялау – уақытты, күш-жігерді, белгілі бір қабілеттерді талап ететеін күрделі жұмыс екендігі түсінікті. Дәл сол кезде дәл осы рефлексия сәйкестендіру ие болып отырған кемшіліктерді жеңіп шығуға, өзін-өзі тану процесін мақсатты бағытталған және ұғынылған етуге мүмкіндік береді. Сөздің шындығында, адамның Мен бейнесін жасауға көмектеспей, кедергі келтіретін, сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасау барысында енжар бағыт-бағдар алуды туындататын өзін-өзі тәубеге келтірумен, ұшы-қиыры жоқ талдаумен айналыса бастайтындықтан, бірқатар жағдайларда рефлексиялауға деген айқын көрінген қабілеттіліктің кей кездері кедергі жасауы да мүмкін екендігін де айта кету керек.
Сонымен, біз өзін-өзі танудың екі өзара байланысты механизмдерін қарастырып шықтық. Сәйкестендіру өзгелерден және өзімізден танылатынға ұқсас болуға, рефлексия - себеп-салдарлық байланыстарды анықтай отырып, шеттелгендей болып, танылатынды әртүрлі позициялардан талдап шығуға мүмкіндік береді.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1886 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!