![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Сәйкестендіру* психологияда бірнеше мағынада қолданылады:
- олармен эмоциялық байланыс орнату негізінде, өзін басқа адаммен, өзге адамдармен ұқсастыру;
- өзімен немесе Меннің алуан түрлі аспекттілерімен өзін-өзі ұқсастыру. Мысалы, атпен, жыныспен, рөлмен, қандай да болсын қасиеттермен ұқсастыру;
- бір нәрсені (біреуді) танып-білу; бұл мағынада стимулды танып-білу, қылмыскерді сәйкестендіру, адамды кәсіппен сәйкестендіру және көптеген өзге нәрселер туралы айтады.
Өзін-өзі тану мәселесі тұрғысынан ең маңызды болып алғашқы екі аспект табылады. Осыларға толығырақ тоқтала кетейік. «Сәйкестендіру (лат. «Identification» - ұқсастыру, тең мәнділік, үйлестіру, бірдейлік, тепе-теңдік. Басқа адаммен, өзге адамдармен, осының рөлінде ойдан құрастырылған кейіпкер, әдеби персонаж көрініс табуы мүмкін, үлгімен сәйкестендіруден бастайық. Өз кезегінде, мұнда да екі қыр бөліп көрсетіледі: біреуі сәйкестендіру барысында басқаның қасиеттерін өзіне көшіруді жүзеге асырады; екіншісі - өз қасиеттерін өзгеге көшіруді жүзеге асырады.
Сәйкестендірудің алғышарттарын жануарлар әлемінен-ақ табуымызға болады. Мысалы, жануарлардың төлдері ересек жұптарының жүріс-тұрысын келтіріп қайталайды (имитациялайды). Оларға еліктей отырып, төлдер жүріс-тұрыстың типтік дағдыларын меңгереді, осының нәтижесінде өзіндік имитациялық оқыту жүріп отырады. Онымен қоймай, жануарларда тіршілік әрекетенің осыларды жауап реакциялары іске қосылуы үшін танып-білу (сәйкестендіру) қажет болатын көптеген түрлерінің: дене күйі, дыбыстар, іс-әрекеттерінің инстинктивті негізі қаланған. Адамда, оның дамуының алғашқы кезеңінде сәйкестендіру де ең негізгі рөлдердің бірін ойнаған. Көптеген тарихшылардың, психологтардың атап өтуінше, рулық қатынастар кезінде тұлға өзін рудан бөле-жармаған, өзін жалпыға бірдей «Меннің» бір бөлігі ретінде қабылдаған. Бұл ортақ максаттарға қол жеткізуде күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік беріп отырды, өзара тәуелділікті нығайтты, кейініректе ұжымдық қатынастарды қалыптастырды. Қоғамның дамуына қарай білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды аға буыннан кіші буынға мақсатты бағыттай отырып беру, яғни оқыту секілді феномен пайда болды. Ал егер оқыту бар болса, онда мұғалім, оқытушы мен шәкірттер бар. Бастапқыда мұғалімнің рөлі оның өз шәкірттері үшін өзіндік үлгі ретінде көрініс табуға келіп сайды. Шәкірттер болса, оқытушымен сәйкестене отырып, оның іс-әрекеттерін қайталады, ойлау тәсілдерін меңгерді, алуан түрлі белгілік жүйелерді игереді.
Біртіндеп сәйкестендіру әмбебап механизм бола бастады және тұлғаның даму бағытын, оның өзін-өзі тануының өзіндік келбетін анықтай бастады. Алғашқы сәйкестендіру, әрине, ата-аналармен болады.
Мысалы: анасымен немесе әкесімен сәйкестене отырып, бала еліктеу есебінен ата-анасының іс-әрекеттерін, әрекеттерін, сөз саптауларын жаңғыртып, осылайша ересектердің өзін де, өзін де тани бастайды. Бастапқыда бұл үрдіс санадан тыс жүреді, бірақ біртіндеп барған сайын ұғынылған және мақсатты бағытталған бола бастайды. Бұл әсіресе 3 жас дағдарысында белсенді жүреді. Егер ересек адам бір нәрсемен шұғылдана бастаса, бала бірден дәл соны жасауға ниет білдіреді. «Менің істегім келеді», «Мен осыны істеймін», «Мен өзім» кішкентай адамның өмір бекітетін формулалары бола бастайды. Уақыт өте келе тұлға сәйкестенетін адамдардың шеңбері айтарлықтай кеңейеді: бұл туысқандар да, балалар бақшасындағы тәрбиешілер де, мектептегі мұғалімдер де, сонымен қатар құрбылары, әдеби кейіпкерлер, кинофильм кейіпкерлері және т.с. Осылайша, сәйкестендіру арқылы тұлға басқа адамды танып біледі, еліктеу арқылы танып-білінгенді өзіне көшіреді, өзіне көшірілгенді өзінде таба отырып, ұқсастық пен айырмашылықты анықтауға қабілетті бола бастайды. Демек, басқа адаммен сәйкестендіру барысында қарапайым еліктеуден бастапқыда өзіне тиесілі болмаған жүріс-тұрысты, қасиеттерді, бағдыларды және т.с. иемденуге және ұғынуға қарай жылжиды. Жас өсе және тәжірибе жинақтай келе, бұл үрдіс күрделірек және таңдамалы бола бастайды. Көбінесе тұлға басқа адамның өзіне қарағанда, олардың өзі үшін маңыздылығына орай, оның белгілі бір қасиеттерімен және ерекшеліктерімен сәйкестене бастайды. Тағы бір сәтке тоқтала кеткіміз келеді. Сәйкестендіру ерте балалық шақтан бастап осындай секілді жақын адамдармен ғана емес, басқалардың бала туралы айтқандарымен, бұлардың оны қалай бағалайтындығымен болады. басқаша айтар болсақ, бала басқалардың өзіне деген көзқарасын үнемі өлшеп-шамалап отырады. Индивидтің өзінің ішкі әлеміне басқа адамдардың көзқарастарын, мақсаттарын, бағалауларын санадан тыс енгізу үрдісі психологияда «интроекция» деп аталады. Интроекцияның нәтижесінде осы көзқарастар, пікірлер, бағалаулар, оның ішіндек өз тұлғасына қатыстылары, өзінікі секілді қабылдана бастайды. Уақыт өте келе, басқа механизмнің – рефлексияның дамуы нәтижесінде бұл үрдіс адам өзі және өзінің тұлға қасиеттері туралы түсінікті өз бетімен құру қабілетіне ие болғанда, бұл үрдіс бұрынғыға қарағанда сындарлырақ және ұғынылған бола бастайды. Адам дамудың ерте кезеңдерінде болса, интроекция, тиісті сәйкестендірудің нәтижесі ретінде көрініс таба отырып, жетекші рөлдердің бірін ойнайды.
Рефлесия латынша «бейнелеу» деген сөз (өз ойларынбастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін,психикалық жай күйін тануға бағытталуы.
Сәйкестендірудің екінші қыры өзінің ерекшеліктерін, қасиеттерін, көзқарастарын, қатынастарын басқа адамдарға телуге ұмтылу болып табылады. Осылайша біздің басқа адамдарға қатысты сан көптеген күтулеріміз қалыптасады. Мысал, ата-аналар өз баласына қатысты белгілі бір күтулерін қалыптастырады және балалары оны ақтамаған кезде, тәрбиелеудің басты мақсаты деп санай отырып, оны тиісті шеңберлерге «сыйдырып жіберу» үшін қолдан келгеннің бәрін де жасауға тырысады. Бала болса өз тарапынан, жүріс-тұрыстың белгілі бір нормативтерін игеріп, қандай да бір ерекшеліктерге ие бола отырып, бұлар өзінің бойында бар болса, егер ол осылайша ойласа, басқалар да осылай ойлауға тиіс деп шын сезімімен ұйғара отырып, оларды басқа адамдардан да табамын деп күтеді. Сәйкестендірудің аталған қырының оңды да, теріс те мән-мағынасы бар. Басқа адамнан өзінің жалғасын көруге ұмтылу – сәйкестендірудің ажырамастай қасиеті. Басқалардың әр кезде сен сияқты ойлай, сезіне, әрекет жасай, шамалай бермейтіндігі фактін табу басқаларды және өзін тереңірек танып-білу үшін стимул болып табылады. Мұнда оңды мән бар. Баяндалып отырған үрдістің теріс мәні - өз өзінің қасиеттерін, әсіресе тұлға ұғынып-білмейтін, З. Фрейд айтқандай, «санадан тысқа итеріліп шығарылатын» қасиеттерін басқаларға телудің психологиялық қорғаныс функциясын орындайтындығынан және өз тұлғасының қандай да бір ерекшеліктерімен адамның сәйкестенбейтіндігінен тұрады. Бұл жерде біз өзін-өзі тану барысында басқа адамдармен сәйкестендіруден кем түспейтін рөл ойнайтын, өзін-өзі сәйкестендіру немесе өзін-өзі ұқсастыру мәселесіне жақындап келдік. Адам өзінің Менінің көптеген аспекттілермен: атымен, жынысымен, орнымен, рөлімен, жекеше ерекшеліктерімен, ақыр соңында, жалпы алғанда өзінің Менімен сәйкестенеді.
Мысалы, адамның атында оның денелік және рухани дербестігімен сәйкестенуі бекітіледі. Көбінесе біз өзімізді атымыздан, тегімізден бөлмейміз, олар біздің мәнімізге етене «кірігеді» және оны көрсетеді.
Атты немесе текті зорлықпен ауыстыру кей кездері тұлғаның дағдарысын туғызады: ұқсастықтан айырылуға, өмірдің келешегін жоғалтуға алып келеді. Дәл сол кезде біз адамның өзінің атын, тегін өзгертуге ниет еткен талай мысалдарды білеміз. Ол мұны аты мен тегі ұнамағаннан (күлкілі, ерсі, күлкі тудырады) ғана емес, көпшілігінде олармен сәйкестене алмағандықтан, осының нәтижесінде тұрақты жайсыздық, екіге бөліну жағдайын, өзінің «шынайы еместігін» сезінгендіктен жасайды.
Өте ерте қалыптаса бастайтын, өзінің жынысымен сәйкестенудің маңызы одан кем. Кішкентай балалардың өзі, жыныстың барлық белгілерін білмей-ақ, солай болса да сенімді түрде: «Мен ұлмын», «Мен қызбын» дейді. Тәрбиелеудің бүкіл жүйесі жыныстық сәйкестікке ықпал етеді, осының нәтижесінде жүріс-тұрыстың ер және әйел типі игеріледі. Қолайлы жағдайлар болған кезде әрбір дені сау, қалыпты адам өзін жыныспен оп-оңай сәйкестендіреді, ол үшін еркек немесе әйел болу – күмәндануға тұрмайтын факт, өйткені жыныс – бұл туылғаннан берілген нәрсе. Істің шындығында бәрі анағұрлдым күрделірек. Жыныс туғаннан берілген, бірақ, бұл тұлғаның табиғи күйі болуы үшін, бұл фактіні әркімнің әрі тануы, әрі қабылдауы қажет. Жынысты қабылдамау атты зорлықпен қарағанда одан бетер ауыр зардаптарға алып келеді. Тұлға өз жынысын қабылдай алмай, оны ауыстыруды армандайтын, өзін қарама-қарсы жыныстың өкілі ретінде ұстайтын талай жағдайлар белгілі. Өз тұлғасының жынысымен ұқсастандырылмауының себептері өте көп.
Мысал, ата-анасы ұл баланы күткен, бірақ қыз бала туылды, яғни олардың күткені ақталмады. Қыз бала туу фактісін сана деңгейінде қабылдай отырып, олар санадан тыс баланы ұл бала ретінде тәрбиелей бастайды.
Басқа бір жағдайда: ұл бала, әртүрлі жағдайларға немесе себептерге байланысты, шешесінің әкесіне теріс қарауын бақылай отырып, әйел болғанның артықтау екенін миына сіңіріп алады. Кейініректе ұл бала өзін қыз бала ұстайтындай ұстай бастайды. Бұл тізімді жалғастыра беруімізге болады. Ерте балалық шағынан бастап адам өзін белгілі бір рөлмен де сәйкестендіре бастайды: алдымен – қыз немесе ұлдың рөлімен, кейінірек - ата-ананың, әженің, атаның рөлімен, әлеуметтік рөлмен – мұғалімнгің, оқытушының, қызметшінің, ғалымның және т.с. ролімен сәйкестендіре бастайды. Қандай да бір рөльді ұзақ уақыт орындау адамның өзін онымен т ұтастай ұқсастыруына алып келеді. Сондықтан көптеген кәсіптердің өкілдерін жүріс-тұрыс мәнері, сөйлеу мәнері, олардың өзара әрекеттесу барысында алатын орындары бойынша біліп қоюға болатындығы сондықтан кездейсоқ емес. Әлеуметтік рөлді ауыстыру көптеген адамдарға қиындықпен беріледі. Бұрынғы оқушы, жоғарғы оқу орнына түссе және студент бола отырып, солай болса да өзін-өзі мектеп оқушысы сияқты ұстауын жалғастырады. Өмірінде көптеген рөлдер ойнай отырып, өзін-өзі тани отырып, адам өзін олармен сәйкестендіреді. Мұндай сәйкестендіру барлық рөлдермен бірқалыпты жүрген кезде жақсы – тұлғаның дамуы қандай да бір шамада бірқалыпты жүреді. Қандай да бір роль басым бола бастағаны жаманырақ. Мысал, әйел адам, әйелдің, ананың, қожайынның рөлін меңгеріп алып, ол рөлді жұмысқа да көшіреді, ол жерде өзін үйдегідей ұстай бастайды. Немесе жоғары дәрежедегі басшы үйінде де осы рөлінен шыға алмай, үйдегі жақындарына бағынышты адамдармен болғандағыдай бұйрық бере бастайды.
Ақыр соңында, адам өзінің Менімен жалпы немесе оның әртүрлі бөліктерімен, тұлғаның қасиеттерімен, жүріс-тұрыс сипаттамаларымен сәйкестенеді. Өзімен сәйкестену өзін-өзі танудың ең қуатты механизмдерінің бірі ретінде көрініс табады. Өз бойыңнан қандай да бір маңызды нәрсені табу, осыны бөліп алу және жан-жақты талдаудың аясы ету өзін-өзі сәйкестендіру арқылы ғана мүмкін болады. Егер де адам өзінің тұлғасымен толығымен және бір мезгілде Меннің әрбір аспектімен, бөлігімен ұқсастандырыла алса, оның өзін-өзі тануы әрқашан да толық және жан-жақты болар еді, бірақ, өкінішке орай, бұл әрқашан бола бермейді. Көбіне көп тұлға тек өзінің Менінің бір бөлігімен сәйкестенеді, дәлірек айтқанда – Мен өзінің қандай да бір бөлігімен: тұлғаның ерекшелігімен, мінездің қасиетімен немесе біз айтып та кеткен рөлмен сәйкестенеді. Бұл неліктен және қалай болады? Аталған ережені, бұрынырақта атап айтылып кеткеніндей, осының негізін қалаушы итальяндық психолог Р. Ассаджоли болып табылатын психосинтезде қабылданған үлгінің мысалында түсіндіріп көрейік.
Осы үлгіге сәйкес, тұлғаның құрылымына нақтылы Мен, әділ бақылаушының өзіндік міндетін орындайтын жоғарғы Мен және, психосинтез өкілдерінің пікірінше, белгілі бір дербестікке ие, гармонияда, достастықта немесе кикілжің, қарсы тұру жағдайында болып келетін сан көптеген субтұлғалықтар (қасиеттер, мінез ерекшеліктері) кіреді.
Мысал, сұбтұлғалар деп біздегі «Ақкөңілді», «Қорқақты», «Ақылдыны», «Сараңды», «Бақыттыны» және т.с. атауымызға болады. «Ақкөңіл» адам жақсы істер жасауға ұмтылады, «Ақылды» ой топшылап, кеңестер береді, «Қорқақ» жағымсыз, жарақат салатын жағдайлардан қашқақтайды, «Бақытты» менің жолым болады деп үнемі үміттенеді, «Сараң» өзінің игілігінен айырылғысы келмейді. Сұрақтар: Мен өзін субтұлғалардың қайсысысмен ұқсастырады? Қандай субтұлғадан бас тартылады? Егер осы логиканы ұстанатын болсақ, адам өзін «Ақкөңілмен», «Ақылдымен» және «Бақыттымен» ұқсастыра отырып, өзінде қалған бүкіл басқаларды жоққа шығаратындығын, «Қорқақпен» күресетінін және «Сараңды» танып-білмейтіндігін таң қала анықтауы мүмкін.
Тұлғаның осындай құрылымы келесідей көрініс табатын болады (тұлғаның адекватты емес құрылым). Өзін-өзі тану тұрғысынан алғанда осындай ұқсастыру өз тұлғамызды айтарлықтай шектейді, оны дисгармониялы етеді, ал өзін-өзі тануды – біржақты және кеміс етеді. Осы жағдайдан шығатын жол қандай? Өзіңнің субтұлғаларыңның ұқсастығынан арылу, өзіңнің барлық бөліктеріңді басқару және жетекшілік ету функциясын өзіңе алу.
Мен тұлғаның адекватты емес құрылымы, одан кейін кімге болсын басымдық бермей, өзіңмен өзіңді және барлық өз субтұлғаларыңды ұқсастыру, яғни басшы да, күйеу де, әке де, «ақкөңіл» де, «Бақытты» да, Сараң» да, «қорқақ» та болу, яғни барлығы болу және жеке-жеке ешкім болмау. Тұлғаның жаңа құрылымы енді өзгеше көрінетін болады.
Тұлғаның адекватты құрылымында, осындай түрдегі сәйкестендірулер біз алдыңғы тақырыпта тұлғалық сәйкестік деп атағанды тудырады. Сәйкестік сезімі өзін-өзі жоғары құрметтеуді тудырады, өмірді мәнмен толтырады, өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, біз өзін-өзі танудың бірінші механизмін қарастырдық, бірақ контексттің өзінен-ақ бұл механизмнің оқшау өмір сүре алмайтындығы және өзін-өзі тану процесінің толыққандылығын қамтамасыз ете алмайтындығы белгілі бола бастайды. Екінші бір маңызды механизм болып рефлексия табылады.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1652 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!