![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Өзін-өзі танудың үрдісуалдық қырларын қарастырып шығып: қорытындысында біз не аламыз? Өзін-өзі тану нәтижелерін өз өмірімізде қалай пайдалануға болады? деген сұрақтар қойғанымыз мақсатқа лайықты, ақылға сыйымды, көкейге қонымды болады. Ең алдымен, өзін-өзі танудың негізінде өзің туралы білімдер туады. Осы білімдер жақындық қағидаі бойынша конструкттарға топтасады, мысалға, зияттық қасиеттер, мінез ерекшеліктері, эмоциялық қасиеттер, қабілеттер, жүріс-тұрыс сипаттамалары. Өз кезегінде, аталған конструкттар өзінің жиынтығында Мен бейнесін айқындайды. Мен бейнесін келістіру, құрамдас бөліктерін негіздеу адам үшін оның Мен -тұжырымдамасын айқындайды, түсінікті етеді. Әрине, оның айтарлықтай бөлігі санасыздық саласында қалатындықтан, Мен- тұжырымдама тұтастай және толығымен ұғыныла алмайды. Сондықтан, біз өзіміз байқап қалғанымыздай, өзін-өзі тану аяқталған үрдіс бола алмайды.
Мен-тұжырымдаманың ұғынылу дәрежесі көбіне-көп адамға, оның өзін-өзі тануға қабілеттілігінің дамуына, оның өзін-өзі тануға ұмтылысына және өзін-өзі танумен жүйелі түрде айналысу әдетіне байланысты болып келеді.
Мен бейнесінің «кірпіштері» (өзі туралы білімдер) шынайы және жалған, адекватты және адекватсыз, салыстырмалы толық және фрагментарлы болуы мүмкін. Егер адам өзіне шындығында да тән қасиетті табатын болса, мұндай білім шынайы болады. Өзің туралы жалған білім – бұл аталған тұлғада дамымаған қасиетті табу және бекіту. Жалған білім туралы айтпай-ақ, өзің туралы шынайы білім адекваттылық дәрежесімен ерекшеленуі мүмкін (мұнда енді қарым-қатынас компоненті сыналай кіреді). Мысалы, тұлға өзін коммуникабельді, қарым-қатынасты адаммын деп есептейді, бірақ қоршаған адамдар аталған адамда коммуникабелділік шамалы ғана дамыған деп ұйғарады. Ақыр соңында, өзің туралы білімдердің толықтығы қандай да бір қасиетті немесе толығымен тұлғаны жан-жақты тануды болжайды. Адам, өзінің қасиеттерін талдай отырып, тек мазмұндық сипаттамаларды ғана емес, олардың даму дәрежесін де, қолданылу саласын да бөліп көрсетеді, шектеулерді ұғынады, мықты және әлсіз жақтарын анықтайды. Фрагментарлылық – бұл үздіктілік, біржақтылық, түсіндіруге қабілетсіздік, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға қабілетсіздік. Бірақ жалпы алғанда өзі туралы, тұлғаның жекелеген қасиеттерін білу өзін-өзі танудың жалғыз ғана нәтижесі болып табылмайды.
Адам, оның ішінде өз өзі туралы ақпаратты жинау және өңдеу жөніндегі компьютер емес. Өзін-өзі танудың барысында-ақ өзін-өзі танудың ақырғы кезеңдерінде барған сайын көбірек айтарлықтай роль ойнай бастайтын және өзін-өзі танудың мазмұнымен бірге оның нәтижелерінің спецификасын анықтайтын эмоциялық-құндылық компонент іске қосылады. Эмоциялық-құндылық қатынастары алуан түрлі және ең әртүрлі түсініктерде көрсетілуі мүмкін: көңіл ауу, сүйіспеншілік, махаббат, аулақ болу, өз өзіне сенімділік, өз өзіне жетушілік және т.с. Психологияда осыларға өзіңнің ең алуан түрлі эмоциялық уайымдауларыңды орналастыруға болатындай, координаталардың қандай да бір шартты жүйесінің қандай да бір өзекті осьтерін бөліп шығару әрекеттері жасалуда.
Отандық психолог В.В.Столин өзіңмен қатынастың осындай үш осін бөліп көрсетуді ұсынады: «симпатия-антипатия», «құрметтеу-құрметтемеу», «жақындық-алыстық». Мысалы, өзіңе көңіл ауу өзіңе құрметпен және жақындықты сезінумен үйлесе отырып, өзіңе деген сүйіспеншілікті тудырады; өзіңе құрметпен қарамаумен және алыс болу сезімімен бірге, антипатия - өз өзіңді қабылдамауды, өз өзіңе жиіркенішті болуды, кей кездері өзіңе деген өшпенділікті және т.с. тудырады. Өзін-өзі танудың ең жалпы нәтижелерін өз-өзіңе деген эмоціиялық-құндылық қатынастар тұрғысынан бөліп көрсетуген тырысатын болсақ, оларға сәйкестік сезімін, өзін-өзі қабылдауды, өзін-өзі құрметтеуді және нәтиже ретінде – жеке бас құзыреттілігі сезімін жатқызуға болады. Осы түсініктердің барлығы бір бірімен тығыз байланысқан, қазіргі психологияда белсенді зерттелуде және талқылануда.
Сәйкестік. «Сәйкестік» сезімін алғаш рет американдық психолог Э. Эрикссон бөліп алып, суреттеген болатын және ол тұлғалық тепе-теңдік, өзіндік шынайылық және толыққандылық, әлемге және басқа адамдарға өзара қатыстылық сезімін білдіреді. Сәйкестік сезімі тек өзін-өзі ұқсастыру нәтижесінде ғана емес, өзіңнің уақытта және кеңістікте тіршілік етуіңнің үздіксіздігін ұғыну, басқалардың да осы ұқсастықты және үздіксіздікті танитындығы фактін қабылдау нәтижесінде пайда болады. Қолайлы жағдайларда бұл сезім жас өсе келе ұлғая түседі, адам өзінің өткені мен болашағы, өзінің кім болғысы келетіні мен өзіне қатысты өзгелердің күтетінін қалай қабылдайтындығы арасында көпіршелер құрады. Егер сәйкестік сезімі туындамаса немесе, әрі қарай көрсететініміздей, адам тек өзінің бір бөлігімен сәйкестенсе, өзіңнің өз тұлғаңнан алшақтау, тұлғаның шағын құрылымдары, құрылымдары және оның мақсаттары арасындағы келісушіліктен қалу және т.с. туындайды. Бұл ауыр уайымдауларға, дағдарысты құбылыстарға, өмірдің мәнін жоғалтуға, үміт үзуге, торығуға алып келеді.
Өзін-өзі қабылдау тұлғаның сәйкестігімен тығыз байланысты, өз бойынан теріс пен оңды, мықты мен әлсізді мойындауды қосады және өзіңе сайма-сайлықтың негізінде өзіңе жақындық шамасын білдіреді. Өзін-өзі қабылдау өзің туралы білімдердің, өзіңнің мықты және әлсіз қасиеттеріңді егжей-тегжейлі талдаудың, оларды бағалаудың және тіптен адам өзінің әлсіз қасиеттеріне жатқызатын қасиеттерге де оңды эмоциялық қараудың негізінде пайда болады. Өзін қабылдамаған немесе ішінара қабылдаған жағдайда бұл әркімнің қолынан келе бермейтін өзімен күресуге, өзін қайта құруға деген ұмтылыс пайда болады. Шынайы Өзін-өзі қабылдау өзіңмен күресуді білдірмейді, бірақ ол адам өзге болуға деген мақсат қоймайды дегенді де білдірмейді. Шынайы өзін-өзі қабылдау – бұл өзін тану және дамыту мен өзін-өзі жетілдіру үшін негіз.
Сәйкестік және өзін-өзі қабылдау сезімінің негізінде осында тұлғаның өзіне көңілі аууының дәрежесі көрінетін өзін-өзі құрметтеу пайда болады. Өзін-өзі құрметтеу – бұл өзіңе құндылық ретінде тұтас оңды қарау, онда сан көптеген өзін-өзі бағалаулар интеграцияланады. Адамның қандай да бір салаларда өзін жоғары, қандай да бірінде төмен бағалайтындығы түсінікті, алайда жалпы алғанда ол өзін қабылдайды, өзінің оң қабағымен қарайды, өзін және өз жетістіктерін мақтаныш тұтады. Осы өзін-өзі құрметтеудің нақтылы болғаны маңызды. Өзін-өзі төмен құрметтеген жағдайда адам өзін жақсы көруден қалады, тұлғаішілік кикілжіңдерді бастан кешіреді, шамадан тыс құрметтеген жағдайда - өзіне ғана шоғырланады, өзіне сүйсіне қарайды, басқаларға менсінбей қарайды, өзіне деген сенімділікті, өзіне ризалықты, эгоцентризмді көрсетеді.
Өзін-өзі құрметтеудің тек өзіне оңды қараудың және жекелеген өзін-өзі бағалаулардың негізінде ғана емес, өзінің талаптанулары мен нақтылы жетістіктерін салыстырып көрумен де қалыптасатындығын атай кетуіміз керек. Өз уақытында американдық физиолог У.Джемс тұлғаның талаптануларын және ол қол жеткізетін табыстарды байланыстыратын бірегей формула шығарған болатын. Бұл формула мынандай түрге ие:
Табыс = Талаптанулар Өзін-өзі құрметтеу
Табыс неғұрлым жоғары және ұмтылыстар неғұрлым төмен болған сайын, өзін-өзі құрметтеу соғұрлым жоғарырақ және керісінше, талаптанулар неғұрлым жоғары және табыс неғұрлым төмен болған сайын, адам өзін-өзі соғұрлым азырақ құрметтейтін болады. Алайда, парадокс адамның іс-әрекет мақсаттарына қатысы ретіндегі талаптанулардан толығымен бас тарта алмайтындығынан тұрады, табыс және сәтсіздік – жағдайларға да, тұлғаның өзіне де тәуелді болатын нақтылы категориялар. Сондықтан адам табыстарға және өткен тәжірибеге байланысты өзінің талаптануларын түрлендіріп отыруға мәжбүр, ал талаптанулардың өзгеруі, өз кезегінде, табыстарға әсер етеді.
Осыдан барып жекелеген жағдайларда біз өзіміздің табыстарымызға масаттанамыз немесе сәтсіздіктерімізге өкінеміз, кейде өзімізді құрметтейміз, кейде өзімізге көңіліміз онша тола қоймайды. Ең бастысы, нақтылы жағдайдан тысқары жерде, жалпы алғанда сәтсіздіктерді уақытша құбылыс ретінде қабылдай отырып, өзімізге оң қарай алуымыз, ал егер бұл сәтсіздіктер тұрақты сипатқа ие болса, рухтың бойда болуын, өзімізге деген сенімді жоғалтпау, жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттің тактикасы мен стратегиясын өзгерте алуымыз. Нақтылы талаптанулар болған кезде, жоғары өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі қабылдау болған жағдайда, тегеурінді еңбек еткен кезде көптеген мәселелер шешілуі мүмкін. Үлкен есеппен алғанымызда, мұндай сенім адамға өмір сүруге, кедергілерді жеңуге, нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ақыр соңында, сәйкестіктің, өзін-өзі қабылдаудың, өзін-өзі құрметтеудің қолайлы үйлесімі өзін, өзінің мүмкіндіктерін білуге, өз өмірінің мағыналылығы мен құндылығына деген сенімге, адам өзінің өмірін өз бетінше құруға қабілетті екендігіне сенімге, өзінің таңдауларын және өзінің тағдырын (ал ол әр адамда бар) анықтауға негізделген өз құзыреттілігі сезімін тудырады. Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі танудың нәтижелері айтарлықтай кең және өзі туралы білімдер мен өзіне эмоциялық-құндылық қараудың: сәйкестік, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, тұлғалық құзыреттілік сезімдерінің қорытпасы болып келеді. Енді осы күрделі «ас үйінің» бүкіл жұмысын іштей анықтайтын кейбір психологиялық механизмдерді талдауға бет бұрайық.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1473 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!