![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Адамның Мені біртұтас және бөлінбестей, ол өз өзіне тепе-тең. Балалық шағымыздағы өзіміз туралы еске түсіре отырып, бүгінгі Меннің 10-15-40 жыл бұрынғыдан өзге нәрсе екеніне өзімізге жап-жақсы есеп берсек те, барлық оқиғалардың бөтендікі емес, өзіміздікі екендей қабылдаймыз. Мұндай бірлікті тұлғаны уақытта «цементтеп» тастайтын біздің жадымыз қамтамасыз етеді.
Егер бұл бірлік бұзылса, тұлғаның қосарлануы, кейде үшке бөлінуі деп аталатын аса ауыр ауру орын алады. Мұндай жағдайларда адам бірнеше өмір сүргендей болады, бір мезгіл ол – осындай, мысалы, салмақты және байсалды мінезге ие, басқа уақытта – мүлдем өзгеше. Қосарлану жылдам, бірнеше сағат немесе тіптен минуттың ішінде жүріп, бұл ретте қазіргі сәтте өмір сүріп отырған тұлға аз ғана уақыт бұрын іс-әрекет жасаған өзге тұлға туралы сезіктенбейтін де оқиғалар белгілі болып отыр. Дені сау қалыпты адамда мұндай тепе-теңдіктен, ұқсастықтан айырылу болмайды. Бұрынырақта айтылғанның бәрінен көрініп отырғанындай, өзін-өзі тану объекті ретінде өзі үшін өзін бөлшектеп шығару Меннің сан көптілігін болжайды, бұл, бақытымызға орай, тепе-теңдіктен, ұқсастықтан айырылуды және бірліктен айырылуды болжамайды. Тым болмағанда, Меннің құрылымынан субъект ретіндегі, бастамашыл іс-әрекеттестік бастауы ретіндегі Менді және объект ретіндегі Менді, басқаша білдірер болсақ, танушы Менді және танылатын Менді бөліп көрсетуімізге болады. Істің шын мәнісінде бірыңғай, бөлінбес, өз өзіне тепе-тең Меннің шеңберінде мұндай Мендер – сан көптеген. Осы фактіні тек ғалымдар ғана емес, жазушылар, ақындар да көрсетуде. Біз атаған фактіні жақсылап көрсететін, белгілі ақын А.Вознесенскийдің өлеңінен үзінді келтіре кетейік:
Мен – отбасы,
менде, спектрдегі секілді,
жеті хайуан тәрізді төзгісіз
жеті «мен» өмір сүреді,
ал ең көгі сыбызғы үнін сызылтады!
Ал көктемде
маған менің – сегізінші екенім түсіме кіреді...
шынында да, «нақтылы Мен», «идеалды Мен», «қияли Мен», «өткендегі Мен», «болашақтағы Мен» және т.б. туралы айтуымызға болады. Бірақ бұл Мендердің барлығы біздің тұтастығымыздың бір бөлігінің мәнісі, әрі дәл сол кезде олардың әрқайсысы танушының (субъекттің) да, танылушының (объекттің) да рөлін алып жата алады. Осыдан барып, егер субъект ретіндегі Мен және объект ретіндегі Мен бар болса, олардың арасындағы өзара әрекеттестіктің шамасын сипаттайтын бір нәрсе болуы керектігі түсінікті. Мұндай шама болып, бір жағынан, өзін-өзі тану және өзіне эмоциялық-құндылық тұрғысынан қарау, және екінші жағынан, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылау табылады. Сана-сезімнің фукциясын сызба түрінде келесідей бейнелеуімізге болады (2- суретті қараңыз). Сананың қызметіне мақсатты іс-әрекеттердің қалыптасуы және олардың нәтижелерін алдын-ала ойша әрекетін құрастыра алуы, оның нәтижесін алдын-ала көре алуы, мұныны өзі адамның іс-әрекетін және жүріс-тұрысын ақыл- оймен реттеуін қамтамасыз ете алады.
САНА |
Функциясы |
ТАНЫМ (әлемнің қоғамдық бейнесі) | УАЙЫМДАР | Әлемге, адамдарға қатынасы | Рефлексия | Іс-әрекетті, жүріс-тұрысты реттеу |
ОЙЛАУ (ойлар мен бейнелер) | ЭМОЦИЯЛАР МЕН СЕЗІМДЕР | ЕРІК |
Сурет 2- Сананың функциясы
Адамның санасы қоршаған ортаға және басқа адамдарға нақты қарым-қатынасын көрсете алады.
Сананың қасиеттерін төмендегідей бөліп көрсетуге борлады: қарым-қатынасты құру, тану және уайымдау. Осыған орай, сана процесінде туындайтын эмоция мен ойлауды енгіземіз. Шың мәнісінде, ойлаудың негізгі функциясына сыртқы әлем мен құбылыстар арасындағы объективті қарым-қатынастарды көрсету болып табылады, ал эмоцияның негізгі функциясына келетін болсақ,, адамдарға, құбылыстарға, заттарға субъективті қатынастарын қалыптастырады. Сананың құрылымына осы қатынастардың формалары мен түрлері синтезделеді, және олар жүріс-тұрысты ұйымдастыру ретінде, сонымен қатар, өзін-өзі бағалау процесі мен өзіндік сана- сезімді анықтайды. Сананың бірліктегі ағымында ойлар мен бейнелер шынайы түрде болып, эмоциялармен көмкеріліп, уайымдарға ұласады.
Сана адамдарда әлеуметтік контексте ғана дамып отырады.Филогенезде адам санасы дамып отырған және еңбек іс-әрекеті жағдайларында, табиғатқа белсенді әрекет ету жағдайларында да құрылуы мүмкін.Сана сонымен қатар, тілдің, сөйлеудің болуы жағдайларына орай, біруақытта сана еңбек процесімен қатар пайда болуы да мүмкін.
Сананың екі түрін бөліп көрсетуге болады (В.П.Зинченко):
І. Тұрмыстық сана (тұрмысқа арналған сана), оған енетіндер: а) әрекеттер тәжірибесі, биодинамикалық қозғалыстардың қасиеттері.
ІІ. Рефлективті сана. Оған енетіндер: а) мән; ә) мағына.
Мән - адамдардың меңгерген қоғамдық санадағы мазмұны,- операциялық мәндер, заттық, вербальды мәндер, ғылыми және тұрмыстық мәндер- түсініктер болуы мүмкін.
Мағына- ақпараттарға, ситуацияларға қатынасы және субъективті түсінуі. Түсінбеушілік мәндердің астарын ұғына алмаудан болуы мүмкін. Мәндермен мағыналардың өзара трансформациялану үрдістері (мәндерді түсініуі мен мағыналарды білдіруі) өзара түсіністік пен диологты тәсілдерде көрініс табады.
Жеке адамның өзіндік сана- сезімінің қалыптасыуына қоғамдық сананың ролі ерекше.
А.Т. Спиркиннің пікірінше, адамның өзіндік сана- сезімі, адам қалыптасқан кезден басталады. Және ертедегі дәуірден кейінгі даму кезеңдеріне байланысты. Бұл көзқарасты қабылдассақта, өзіндік сана- сезімнің айырмасы ретінде әлеуметтік- психологиялық міңез- құлық сана- сезімнің дамуына әсер етеді.
Өзіндік сана-сезім адамның практикалық әрекетімен тығыз байланысты сыртқы дүниемен өзара әсерін болжайды. Адамдар басқалар арқылы өзін айтады, өздерінңі қылықтары мен пікірлері қалыпты жағдайда деп санайды, басқалардың альтернативті реакцияларын, мотивацияның компоненттерімен салыстырады. Мысалы, жеке адамның қасиеттері, логикалық қалыптар мен байланыстар нақты өмірде автоматты түрде тарлаған. Өзіндік сана- сезім сферасында қажеттіліктер, өзін көрсетуін дәріптеуден туындайды, егер тұрақты бағалаулар болса, онда индивид нақты өмірде өз сезімін жоғалтады, ал оның рефлексивті «Мені» ақпаратты бағалауы болып табылады.
Үлкен экспериментік зерттеулерде өзін бағалауы, біреуінде төмен, біреуінде жоғары беделдікке ие болады.Өзіндік сана- сезімнің өмірлік функциясы- индивидтің өзі туралы қажеттілікті мағұламат беріп қана қоймай, нәтижелі түрде өмірлік бағалауға көмек береді, өзінің сезімінін тұтас бейнесін көрсетеді. Мысалы, өзін- өзі құрметтеу, өзіндік сана-сезімін антологиялық тұрғыда қарастырса, оны таңымдық аспектіде де қарастыруға болады.
Сана-сезім құрылымындағы орталық буын болып субъект ретіндегі Мен көрініс табады, ол өз ролін белсенді әрекетшіл бастаудың әртүрлі себептерінің (мотивтерінің) әсерімен ойнайды. Бұл функцияны ол эмоциялық-құндылық қатынаспен, байланыспен тығыз айқасқан сана-сезімді пайдалана отырып орындайды. Өзін-өзі танудың нәтижесі болып Мен бейнесін айқындау, ал кей кездері, мысалға, тұлға ұмтылып отырған жаңа Мен бейнесін құрастыру да табылады. Бұл Мен бейнесі бірден пайда болмайды, бастапқыда Меннің жекелеген аспектілері, тұлғаның ерекшеліктері, жүріс-тұрыс ерекшеліктері айқындалады, яғни өзі туралы түсініктер қалыптасады. Тек қана жүйелі түрде өзін-өзі танудың барысында бұл жекелеген түсініктер тұтастай бейнеге шоғырланады. Бұл кезде маңызды рөлді өзін-өзі бағалау, өзін басқа адамдармен немесе қандай да бір идеалды бейнемен салыстыру іс-әрекеті ойнайды. Таңдап алынған нормативтерге (шкалаға) байланысты өзін-өзі бағалау жоғары, орташа, төмен, адекватты (шындыққа сәйкес келетін), адекватты емес асырып жіберілген немесе адекватты емес төмендетіліп жіберілген болады. Мен бейнесі рационалды түсіндірілуін, негізделуін, тұрақтылығын алған кезде, ол Мен-тұжырымдама деп аталатын психологиялық түзілімге ұласады. Қалыптасып қалған Мен-тұжырымдама адамның өмірі мен іс-әрекетінің барлық салаларына әсерін тигізеді, оның ниеттерін, жоспарларын, ұмтылыстарын анықтайды, яғни, субъект ретіндегі Меннің іс-әрекетіне ене отырып, өзін-өзі реттеуші функцияны орындайды. Өз іс-әрекетін өзін-өзі реттеу барысында қандай да бір нормативтермен және үлгілермен салыстырып көру өмірге тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, жүріс-тұрысты бейімделгіш етеді. Өзін-өзі бақылау өзін-өзі тану процесінің өзінде де қажет және өзін-өзі бағалау, бізді басқа адамдардың бағалау мәліметтеріне арқа сүйейді. Келтірілген түсініктемелер сана-сезімнің келесі анықтамасын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Сана–сезім – бұл субъект ретіндегі Меннің Мен бейнесін (Мен -тұжырымдаманы) танып-білу (немесе құру) жөніндегі іс-әрекеті, өз кезегінде Мен бейнесі, субъект ретіндегі Меннің құрылымына ене отырып, өзін-өзі реттеу функциясын орындайды. Сана-сезім мен өзіне эмоциялық-құндылық тұрғысынан қарау тәуелсіз процестер ретінде көрініс таба алады, алайда өзін-өзі бағалаудың бірыңғай іс-әрекетіне интеграциялануы да мүмкін, осының нәтижесінде өзі туралы түсінік, Мен бейнесі, Мен-тұжырымдама пайда болады. Бұл, өз кезегінде, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау іс-әрекетін өрістету үшін шарт, жағдай ретінде көрініс табады.
Сана-сезімнің қызмет атқаруының біз келтірген және суреттеген схемасы жалпылама сипатқа ие және адамның ұйымдастырылуының әртүрлі деңгейлерінде өз спецификасына ие болады. Біз адамды оның ұйымдастырылуының үш деңгейінде: биологиялық индивид, әлеуметтік индивид, тұлға деңгейлерінде қарастыруды ұсынған отандық психолог В.В.Столинге сілтеме жасап та қойған болатынбыз. Сондықтан осы деңгейлердегі сана-сезім де былайша көрінетін болады.
Биологиялық индивид (организм) деңгейінде сана-сезім қоршаған әлемнен өзінің физикалық Менін бөліп көрсетуге, өз денесінің бейнесін құруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік индивид деңгейінде сана-сезім: өзгенің өзіне деген көқарасын қабылдауды (мен туралы өзгелер не ойлауда және айтуда), ата-анасымен сәйкестендіруді, іс-әрекеттерді орындау стандарттарын игеруді, өзін-өзі бағалауларды қалыптастыруды, жыныстық, кейініректе кәсіптік сәйкестікті қалыптастыруды, өзін-өзі бақылаудың қалыптасуын сипаттайды. Тұлға деңнейінде сана-сезім өзінің әлеуметтік құндылығын және өмір сүруінің мәнін айқындаумен, өзінің болашағы, өткені және қазіргісі туралы түсініктердің қалыптасуымен және өзгеруімен сипатталады.
Сонымен, біз өзіміздің сана-сезіміміздің қалай қалай жұмыс істейтіндігін көрсетуге тырысып бақтық. Ал ол болса мұнда, бір жағынан, өзін-өзі тану, эмоциялық-құндылық қатынас механизмдері және, екінші жағынан, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау механизмдері белсенді түрде іс-әрекетке қосылған Меннің әртүрлі аспекттерінің тұрақты өзара әрекеттесуі («Диалогы») қағидаі бойынша жұмыс істейді. Осы өзара әрекеттесудің өзіндік өнімі болып өзін-өзі танып-білу, Мен-тұжырымдама табылады. Мен-тұжырымдаманың құрылымын толығырақ қарастырып шығайық, оған тән кейбір ерекшеліктерді бөліп көрсетейік. Қазіргі ғылымда Мен-тұжырымдаманы суреттеуге деген әр алуан амал-тәсілдер, тұрғылар бар. Біз оларды талдап қорытуға және аталған тұлғалық түзілімнің мәнісін түсіну үшін қол жетерліктей түрде көрсетуге тырысып көреміз.
Мен тұжырымдаманың негізін, оның мазмұнын өзі туралы білімдер, яғни өз тұлғасының өзіндік бейнесі құрайды. Мысалы, адам өзі туралы: мен ақылдымын, кісіге үйірмін, біршама эгодарашылмын, зейіндімін, сырт келбетім сүйкімді және т.с. дейді. Осы бір «көрініске» бірден қарым-қатынас, көзқарас салынады. Мысалы, жалпы алғанда мен өз өзіме қанағаттанамын және өзімді қандай болсам, солайша қабылдаймын - өзін-өзі жоғары құрметтеу. Алуан түрлі варианттар болуы ықтимал, мысалы: өзімнің қабілеттеріме көңілім көншиді, бірақ сырт бейнеме қанағаттанбаймын және т.с.
Мен-тұжырымдаманың құрылымындағы қандай да бір қасиеттің көрініс тапқан суреті немесе жалпы алғанда Мен-тұжырымдама өзін басқа адамдармен немесе қандай да болсын идеалмен (әдеби кейіпкермен, ойдан құрастырылған идеалмен және т.с.) салыстыру арқылы бағалауға ұшырайды. Нәтижесінде өзін-өзі бағалау қалыптасады: жоғары, орташа, төмен, адекватты – адекватты емес, тұрақты – тұрақсыз, бұл бағалау сондай-ақ өзі туралы білімдер мен түсініктерді байыта отырып, өзіне эмоциялық тұрғыдан қараудың деңгейіне өз түзетулерін енгізеді. Өзін-өзі бағалау жүріс-тұрыстың қуатты реттеуіші ретінде көрініс табады. Біз бұған кейініректе тоқталатын боламыз. Ақыр соңында адамда, «рефлексия» деп аталатын ерекше механизмнің қызмет атқаруының есебінен өзі туралы, өзінің тұлға ретіндегі қасиеттері мен қабілеттері туралы, жалпы алғандағы тұлғасы туралы, өзінің өз өзіне көзқарасы, өзін-өзі бағалаулары туралы белгілі бір ойлары пайда болады. Осының нәтижесінде өзін-өзі төмен немесе жоғары бағалаудың, өзіне өзі көңіл толудың – толмаудың себептері іздеп табылады, өзін-өзі жетілдіруге немесе, керісінше, бәрін бәз баяғы қалпында қалдыруға деген ниеттер қалыптасады. Схемада сондай-ақ Мен-тұжырымдамадағы осы барлық құрылымдық компоненттердің тек Нақтылы Мен үшін ғана емес, бірдей дәрежеде Идеалды Мен үшін де, Айнадағыдай Мен үшін де тән екендігі де көрсетілген. Әрине, Нақтылы, Идеалды және Айнадағыдай Мен тұжырымдамалары айтарлықтай ерекшеленуі, қарама-қайшылыққа енуі және тіптен кикілжіңге түсуі мүмкін. Адамның өз өзінен Меннің әртүрлі: физикалық, әлеуметтік, зияттық, эмоциялық аспекттерін бөліп көрсетуі – және әрбір аспектке қатысты ол туралы өз түсінігін құруы, жекелеген Мен-тұжырымдамалар құруы мүмкін екендігі түсінікті. Онымен қоймай, Нақтылы, Идеалды, Айнадағыдай Мен шеңберіндегі барлық осы аспекттер уақыттық қатынаста да қарастырылуы мүмкін. Енді біздің адамның Мен-тұжырымдамасы туралы түсініктерімізді кеңейте түсетін кейбір ортақ психологиялық ерекшеліктерді суреттеуге әрекет етіп көрейік. Оларға келесілерді жатқызуымызға болады.
Мен-тұжырымдаманың толықтығы – фрагментарлығы – адамның өз тұлғасын қаншалықты толық және жан-жақты білетіндігімен, оның ішінде өз өзіне де неліктен өзге емес, осындай екендігін, оның мықты және әлсіз қырларына не себепші болып отырғандығын қаншалықты оймен өлшеп түсіндіре алатындығымен анықталады.
Өзі туралы білімдердің тереңдігі – үстірттігі – өзін тек сана деңгейінде ғана емес, санасыз деңгейде танып-білу, сондай-ақ өзің туралы басқалардың не білетіндігін және алдымен өзін-өзі талдауға қиындықпен берілетінді танып-білу қабілеті. Өзі туралы үстірт, шалағай білімдер, керісінше, үздік-создылықпен, жүйесіздікпен және жылдам танып-білуге қол жетерліктей қасиеттермен ғана сипатталады. Өзін-өзі терең танып-білу – бұл Аренаны үнемі кеңейте түсуге деген ұмтылыс («Джогари терезесін» еске алайық).
Мен-тұжырымдаманың үйлесімділігі – кикілжіңділігі әртүрлі, тіптен қарама-қайшылықты тұлғалардың адам дәл осылайша түсінетін тұтас бірлікті құрай отырып, бір бірімен қаншалықты «сыйысатындығымен» анықталады. Кикілжіңді Мен-тұжырымдамамен біз адам қандай да бір қасиеттерді қабылдап, өзгелерін теріске шығарғанда немесе ол дәл бір қасиетіне және ерекшелігіне бір мезгілде қанағаттанған да, қанағаттанбаған да кезде, «Ниет етемін», «Істей аламын» және «Керек» арасында коллизиялар пайда болғанда істес боламыз.
Бұл мәселелер жайында біз біршама кейініректе әңгіме қозғайтын боламыз.
Өзі туралы түсініктердің адекваттылығы – адекватты еместігі – тағы бір маңызды сипаттама. Оның мәнісі түсінікті. Адам өз өзінің іс жүзінде шындыққа сәйкес келмейтін және нақты болмыспен кикілжіңдерге алып келетін бейнесін жасап, оған сенуі мүмкін; осы кикілжіңнің себептері, әдетте, өзгелерге таңылады. Ал енді адекватты тұжырымдама – әлемге, өзге адамдарға табыстырақ бейімделудің кепілі.
Мен-тұжырымдаманың тұрақтылығы – динамикалығы екі аспектте қарастырыла алады. Біріншіден, бұл уақыт аспекті. Ол адамның уақыттың белгілі аралығы ішінде өзі туралы тұрақты түсінікті қаншалықты сақтап қалуға қабілеттілігімен сипатталады. Екіншіден, бұл адамның өзі туралы түсініктерді уақыт бойынша қаншалықты жылдам кеңейтуге және тереңдетуге, қажет болған жағдайда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті екендігімен анықталатын, тұлғалық өсу аспекті.
Өзін-өзі қабылдау – қабылдамау – өзін-өзі төмен құрметтеуге ие болып отырған адамдар өздерін өзгелерден анағұрлым нашарырақпын деп есептегенде болады, осының нәтижесінде мұндай адамдарда өзін-өзі қабылдаудың төмен деңгейі қалыптасады. Өзін-өзі төмен қабылдау әлде өзімен өзі күресуге, әлде бой ұсынушылық пен апатияға, ал кей кездері өзіне өзі қол жұмсау туралы ойларға алып келеді. Толыққанды өмір сүру үшін адам басқалардың көзқарасына сәйкес оңды болып табылмайтын қасиеттерін де өзінің жоғары қабылдауына ие болуға тиіс деп есептеледі. Мұнымен әбден, алайда бір айтарлықтай ескертумен келісуімізге болады: өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі ол оңды өзін тану және дамыту тенденциясымен етене үйлесімін тапқан кезде ғана оңды әсерін береді. Мұнсыз өзін-өзі қабылдау көрсеқызарлық пен өзіне өзі масаттануға ұласып кетеді. Біз бұл жерде Мен-тұжырымдаманың оның өзіндік келбетін және ерекшелігін мазмұндырақ түсінуге, өзін-өзі тануға белгілі бір бағытталғандық беруге мүмкіндік жасайтын, өзін-өзі тереңірек талдау үшін координаталар жүйесін белгілейтін тек кейбір ғана маңызды сипаттамаларын келтіріп кеттік.
Қорытындылай отырып, тағы да бірнеше маңызды сұрақтар қойғымыз келеді: Мен-тұжырымдама қалай «жұмыс істейді»? Ол адамның жүріс-тұрысын қалай реттеп отырады, оның әрекеттерін, іс-әрекеттерін, өмірлік сценарийлерін қалайша анықтайды?
Осы мәселені талаптанудың нақтылы деңгейінің қалыптасуы мысалында ашып көрсетуге әрекет жасайық. Істің мәнісі кез-келген іс-әрекетте, қарым-қатынас жасау барысында біздің өз мүмкіндіктерімізді іс-әрекеттің талаптарымен немесе бізге басқа адамдар қойып отырған талаптармен байланыстырып көретіндігімізде (өзімізді бағалайтынды-ғымызда) болып отыр. Осыған орай біз әлде қиынырақ, әлде жеңілірек мақсаттар қоямыз, басқаша айтар болсақ, мақсатқа деген белгілі бір қатынас немесе талаптану деңгейі қалыптасады. Адам өз алдына неғұрлым қиынырақ мақсаттар қойса, оның талаптану деңгейі соғұрлым жоғарырақ; керісінше, егер ол оңай мақсаттар қоюды жөн көрсе, бұл оның төмен талаптануын, табысқа жете алмауға, ал осы арқылы – өзіне деген көзқарасты өзгертуге қорқуын дәлелдейді.
Осы процесті схема түрінде келесідей көрсетуімізге болады (4 сурет):
Аталған схеманы түсіндірейік, одан соң оны нақтылы мысалмен көрсетіп өтейік. Тұлғаның Мен-тұжырымдамаеың қалыптасуына өте көптеген факторлар әсер етеді. Олардың аса маңыздыларына адамның өзін-өзі тануға және өзін-өзі бағалауға қабілеттілігі (ішкі фактор), нақтылы жетістіктері және қоршаған адамдардың тұлғаны бағалаулары (сыртқы факторлар) жатады. Мысалы, егер қандай да бір адамда қандай да болсын салада нақтылы жетістіктері бар болса, ол үнемі табысқа жетіп отырса және мұны өзгелер, маңызды әлеуметтік қоршаған орта растап отырса, бұл тиісті Мен-тұжырымдаманы дамыту, іс-әрекеттің аталған түрінде өзін-өзі жоғары бағалау үшін айтарлықтай алғышарт болып табылады. Егер де мұндай іс-әрекет елеулі бола бастаса, тұлғада жоғары дәмеленулер де, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыстан көрініс табатын, тұлғаның қасиеті ретіндегі талаптанушылық та қалыптасады.
Нақтылы жағдайдағы талаптанушылық талаптанудың жоғары деңгейін ынталандыратын болады. Бұл түсінікті де табиғи үрдіс. Алайда мұнда бірнеше қызықты «бірақта» бар. Біріншіден, көп нәрсе адамның мақсатты (жағдайды) өзі үшін қаншалықты маңызды және қиын ретінде қабылдайтындығына байланысты болады. Екіншіден, ол аталған мақсатқа қол жеткізуге өз даярлығын міндетті түрде бағалайды. Үшіншіден, іс-әрекеттің жағдайлық мотивтері соңғы рөль ойнап шықпайды. Төртіншіден, табысқа қол жеткізу болмай қоймайтын кедергілерді жеңіп шығу барысында оның қандай ерік-жігер қасиеттерін көрсететіндігіне байланысты болады.
Осыдан барып жүріс-тұрыстың варианттарының айтарлықтай саны болуы мүмкін, бәрі де келтірілген факторлардың үйлесіміне және өзара әрекеттесуіне байланысты болады. Өзін-өзі бағалау мен талаптанушылық төмен болып, талаптанудың нақтылы деңгейі жоғары болуы мүмкін, ал керісінше болуы да ықтимал – жоғары талаптанушылыққа ие бола отырып, тұлға өзін жоғары бағалайды, ал талаптанудың нақтылы деңгейі орташа деңгейде немесе төмен болады.
Мысалы (жүріс-тұрыстың бір ғана стратегиясы суреттеледі). Емтихан тапсыруы керек студентті көз алдымызға елестетейік. Осының алдындағы іс-әрекеттерінің жоғары нәтижелілігі, оқытушылар мен курстартарының берген жоғары бағасы өзіне деген оңды көзқарастың, жоғары (адекватты) өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына ықпал еткен: «Мен ақылдымын, қабілеттімін, менің жадым тәп-тәуір, мен материалды жылдам қағып аламын, менің қиялдауым дамыған, менің сөйлеу қасиеттерім жақсы және т.с.». Әрине, мұның бәрі айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу секілді жоғары талаптанушылықтың пайда болуына ықпал етеді. Оның емтиханда жоғарғы бағаға үміткер болатындығын болжауымыз қисынды келеді.
Алайда бұл болжам тек гипотезалық сипатқа ғана ие. Талаптанудың нақтылы деңгейі даярлық дәрежесін бағалауға, емтиханның болашақ кәсіптік қызмет үшін маңыздылығына, мотивацияға және т.с. байланысты болады. Егер ол емтиханға дайындалмаса немесе оның оқытушылармен қарым-қатынасы қалыптаспаған болса, студент өзінің талаптануларын төмендетеді. Керісінше, өзін-өзі бағалауы жоғары емес және талаптанушылығы төмен студент, егер емтиханды оңай ретінде қабылдаса, оған жақсылап дайындалса, егер келесі семестрде шәкіртақы алғысы келсе, өзінің талаптануларын арттыра түседі. Кез келген жағдайда да Мен-тұжырымдаманың іс-әрекеттің мақсатына қатынасына әсері біржақты байқалып отыр. Біздің қарым-қатынасымыз, жүріс-тұрысымыз туралы да дәл осыны айтуымызға болады. Мен бейнесінің (өзін-өзі бағалаудың) негізінде өзін-өзі бақылаумен ілесе жүретін өзін-өзі реттеу жүзеге асырылады.
Сонымен, біз өзін-өзі танудың сана-сезімнің ажырамастай бөлігі және құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылатындығын көрсеттік. Өзін-өзі танусыз тұлғаның Мен-тұжырымдаманың пайда болуы мүмкін болмас еді. Біз осы Мен-тұжырымдаманың құрылымын ашып көрсетуге, оның жүріс-тұрыс пен іс-әрекетті өзіндік реттеудегі рөлін көрсетуге әрекет жасап көрдік. Дәл сол кезде спецификалы іс-әрекет ретіндегі өзін-өзі танудың механизмдерінің өзін біздер әлі талдаған жоқпыз. Бұл арнайы әңгімені қажет етеді.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3221 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!