Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып - 3. Сана және сана-сезім



Енді негізгі сұраққа жүгінейік: адам өзін қалай таниды? (өзін-өзі танудың механизмдері қандай?). Бұл үшін бізге мәселені кеңірек позициядан қарап шығу, атап айтқанда, өзін-өзі тануды жалпы алғанда тұлғаның өзін-өзі тануының құрылымдық компоненті ретінде қарап шығу қажет болады. Ежелгі заманнан бері адамдарды: адам деген кім? Ол жануарлардан несімен ерекшеленеді? деген сұрақтар қызықтырып келген болатын. Бұл жайында талай-талай ғылыми еңбектер жазылды, көптеген ғылыми конференциялар өткізілді. Ғалымдардың осы саладағы іздестірулерін талдап қорытуға әрекет жасап көрсек, философия, психология, педагогика жөнінідегі көптеген оқулықтарда келтірілетін келесі анықтаманы беруге болады: адам – бұл санаға, тілге ие, еңбек құралдарын жасап шығаратын және пайдаланатын тірі организм. Көріп отырғанымыздай, бірінші орында сана тұр. Дәл осы сана адамның жануарлардан негізгі айырмашылығы болып табылады. Дәл сол кезде «адам» түсінігіне анықтама беруге қарағанда, «сана» түсінігіне анықтама беру күрделірек іс болып шықты. Әдетте арнайы сөздіктерде сана «психиканың дамуының жоғарғы, адамға ғана тән деңгейі» ретінде түсіндіріледі, бірақ мұндай анықтама аталған түсініктің бүкіл алуан түрлілігін және ерекшелігін көрсете бермейді. Осыларда солай бола тұрса да, сананың ең елеулі белгілерін бөліп көрсетуге әрекеттер жасалатын, күрделірек, есте сақтау үшін қиын анықтамалар да бар. Мысал үшін отандық философ және психолог А.ГШ.Спиркин берген олардың біреуін ғана келтіре кетейік. Оның пікірінше, «сана – бұл мидың болмысты талдай қорыта, бағалай және мақсатты бағыттай көрсетуден және конструктивті-шығармашылық түрлендіруден, әрекеттерді алдын ала оймен құрудан және олардың нәтижелерін алдын ала білуден, адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын ақылға сыйымды реттеуден және өздігінен өзі бақылаудан тұратын, жоғарғы, адамға ғана тән және тілмен, сөйлеумен байланысты функциясы». «Сана» түсінігін анықтау туралы жоғарыда айтылғандардың бәрін жинақтай отырып, келесіні констатациялауымызға болады:

- сана адамның қоршаған болмыстан өзін бөліп көрсетуге деген қабілетімен сипатталады, көптеген жануарларға бұл қол жеткізбес нәрсе, басқаша айтар болсақ, адам үшін қоршаған әлем объективтік (яғни оған байланысты емес) нақтылық ретінде көріне бастайды, осының нәтижесінде «Мен – Мен емес» түрі бойынша шектеуге деген қабілет пайда болады;

- адам қоршаған болмысты жалпылама бейнелейді және, сөзді пайдалана отырып, осы бейнелеулерді буыннан буынға беруге қабілетті өз білімдерінде бекітеді;

- адамдар өз жүріс-тұрысын, мінез-құлқын бұрынырақ біліп қоюға және жоспарлауға, өмірлік мақсаттар қоюға және оған қол жеткізуге қабілетті;

- біз әлемге құштарлықпен қараймыз, өзіміздің құштарлығымызды эмоцияларда, сезімдерде, уайымдауларда және т.с. көрсетеміз.

Біздің санамыз «МенМен емес» жүйесінде қызмет атқаратындықтан, оның орталығында Мен тұрады, осы мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың, алуан түрлі қарым-қатынастың бүкіл жиынтығының бастамашысы ретінде алға шығады. Біздің әрқайсымыз өзіміздің Меніміз не екенін білеміз, бірақ бұған ғылыми анықтама беру де қиын. Егер айтарлықтай қарапайым сөзбен білдіретін болсақ, онда Мен – бұл ішкі жағынан қарастырылып отырған тұлға, адамның өз өзін қоршаған ортадан бөліп алуға және өз іс-әрекеті мен жүріс-тұрысының субъекті (бастамашысы) ретінде көрініс табуға деген қабілеттілігі.

Осылайша, адам болу – демек санаға ие болу, яғни өзін-өзі қоршаған сыртқы әлемнен бөліп көрсете, осы әлемге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыра, онымен өзара әрекеттесе, оған мақсатты бағытталған өзгерістер енгізе білуге ие болу деген сөз. Егер де сыртқы әлемнің «Мен емесінің» орнына Менді қойса, «Мен – Мен» жүйесі құрылады және біз сана-сезім деп аталатын мүлдем өзге психикалық болмысты аламыз. Басқаша айтар болсақ, санаға ие бола отырып, адам міндетті түрде сана-сезімге, яғни өзін-өзі тануға, өзіне эмоциялық-құндылық тұрғысынан қарауға қабілетке, өзін-өзі бақылауға және өзін-өзі реттеуге қабілетке ие болады.

Бала өзін өзі қалай таниды деген сұраққа бірден бір жауап тұлға өзінің санасы арқылы эмоциясын ұстау, өзін өзі бақылау, реттеу арқылы дамытуға мүмкіндік алады. Бұл өзін өзі тану пәнінің негізгі ұстнм





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1055 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.489 с)...