Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау Өзін тану жӘне дамытудыҢ негіздері



Ежелгі философтардың біріне: «Адам – барлық заттардың өлшемі» деген сөздер тиесілі. Ал адамның өзінің өлшемі не болып табылады? Жауап айдан анық шығар, сірә – оның істері мен жасаған әрекеттері. Дәл осы істер мен әрекеттер бойынша адамның құндылығы, оның тұлға ретіндегі кемелдігі туралы тон пішеді. Егер акцентті іс-әрекет (істер мен әрекеттер) нәтижелерінен адамның өзіне ығыстырып, өзімізге тағы бір: ненің арқасында адам істер жасауға қабілетті? (яғни, адамның өзінің құндылығы неден тұрады?) деген сұрақ қоятын болсақ, онда жауаптар осыншама біржақты бола қоймайды.

Біреу талантқа, өзге біреулер басқа адамдармен қатынас орната білетініне үміт артатын болады, ал енді біреу өмірдегі және еңбектегі табыстарды қолайлы қалыптаса қалған жағдайлармен түсіндірер.

Психолог болса бұл сұраққа келесідей жауап береді: адамның құндылығы тек оның істері мен әрекеттерінен ғана емес, оның үнемі өз өзімен жұмыс істей, өзін-өзі жетілдіре білуінен, өзінің мүмкіндіктерін күн өткен сайын тереңірек танып-біліп, оларды өз өмірі мен қызметінде максималды пайдалануа білуінен тұрады.

Шындығында да, үнемі өзін тану және дамыту өзінің сарқылмас тұлғалық және шығармашылық потенциалын ашудың, осы потенциал толық шамада қолданылуы мүмкін тіршілік әрекетінің салаларын айқындаудың құралы болып табылады. Қабілетті және тіптен дарынды адамдардың, белгілі бір табыстарға қол жеткізіп алып, тынышталғанының, өз өзімен жұмыс істеуден қалғанының, осының нәтижесінде тіптен бұрынырақта қол жеткізгенінен айырылғанының талай оқиғалары белгілі. өзін тану және дамыту құндылықтары туралы көзқарастар көптеген діни, философиялық, психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларда қарастырылған. Мысалы, өзін тану және дамыту Ежелгі Шығыс діндерінде адамның шынайы мәнін аңғарудың, Әлем дүниесімен бірігуге қол жеткізудің құралы болып көрінетін, тұтас та үйлесімді жүйесі жасап шығарылған. Мәсіхшілдікте өзін тану өзінде Құдай берген бастауды ашу, ал өзін тану және дамыту – шіркеудің құпияларына сену мен қосылу арқылы Құдай Тағаланы ұғыну жолы. Гуманистік бағыт алған психология мен педагогикада өзін-өзі танытуға деген қажеттілік адамның жоғарғы қажеттілігі ретінде қарастырылады, оны қанағаттандыру адамға өзін толық шамада жүзеге асыруға, оған пешенесіне өмірмен және тағдырмен жазылған борышты орындап шығуға мүмкіндік береді.

Тек осы жағдайда ғана адам өзінің өмір сүруінің мәніне ие болады, қоршаған адамдар осындай болуды таңып жатқан емес, өзі болуға қабілетті кісі болып шығады.

Әр адам өзін-өзі құрады және өз өмірлік жолын таңдап алады, басқа адамдармен қатынасын өзі құрады, ақыр соңында, өзі қателер жасап, оларды өзі түзейді. Сондықтан ғылым мен практикада қолданылатын «қалыптасу», «тәрбиелеу» және т.с. түсініктері – бұл айтарлықтай шартты түсініктер. Отбасының, білім беру мекемелерінің міндеті ниет етілген нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өсіп келе жатқан адамның тұлғасына тікелей әсер етуден емес, өзін-өзі құру, өзін қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеуі үшін жағдай жасаудан, механизмдерін өзектендіруден тұрады.

Педагогикалық ой да, білім беру мекемелерінің жұмыс практикасы да шамамен алғанда осы бағытта: тұлға қасиеттерінің, білімдердің, ептіліктердің, дағдылардың алдын-ала белгіленген нәтижелерін алу идеясынан – жас адамды дамыту идеясына; жан-жақты дамыту идеясынан – өзін тану және дамыту және оның бар болуы үшін жағдай жасауға қарай қозғалып отыр. Сондықтан соңғы уақытта ғылым мен практикадағы гуманистік бағыт шеңберінде арнайы технологиялар жасалуда, бұларда өзін тану және дамыту идеясы негізгі бола бастайды, бұл жағдай «тұлғаға бағытталған тұрғы», «тұлғаға бағытталған оқыту», «тұлғаға бағытталған дидактика» және т.с. түсініктердің пайда болуынан көрінісін тауып отыр.

Дәл сол кезде әрбір адам өз тәжірибесінде көбінесе елеулі аяқ асты болатын құбылыстар нәтижелерге алып келмейтіндігін біледі. Ол өзін ұғынып-түсінгенінше, өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын жасап болғанынша уақыт өтеді, көптеген қателер жасалады. Сондықтан, ешқандай таптаурындар тықпаштамай, дер кезінде қолдау көрсететін, көмек беретін, кеңес айтатын, өзінің тәжірибесіне немесе басқа адамдардың тәжірибесіне жүгінуге үйрететін мұғалім тарапынан тактикалық ілесе жүруді қажет етеді.

Онымен де қоймай, өзін педагогикалық қызметке жетуі үшін арнауға шешім қабылдаған адам балаларға, даму үрдістеріне қолдау көрсете білуге тиіс, бірақ бұл үшін өзі де аянбай айналысуға тиіс, өйтпеген күнде оның қолдауы мен ілесе жүруі ешқандай мән-мағынасыз болмақ.

Айтылғанның бәрі деген не екендігі, олардың өмірде қандай роль ойнайтындығы, олардың қызмет ету механизмдері қандай екендігі, әртүрлі жас кезеңдерінде қалай дамитындығы, өзін қалай және не арқылы тануға болатындығы және көптеген басқа нәрселер туралы білімдерді қажет нәрсеге айналдырады. Авторлардың пікірінше, бұл оқу құралы осындай теориялық

талдау жасай отырып, аталмыш бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді арқау етіп, көптеген өзін тануына байланысты мәселелерді шешуге, қолдау көрсетуге негіз болады деп сенеміз.

1-ші «Өзін тану психологиясы» тарауында өзін-өзі танудың түсінігі беріледі, оның адам өмірі үшін мән-маңызы ашып көрсетіледі, өзін-өзі танудың мен аумақтары салалары суреттеледі, өзін-өзі танудың адамның өзіндік сана сезімінің құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылатындығы көрсетіледі. Өзін-өзі танудың үрдісуалдық жағына, өзін-өзі танудың тәсілдеріне және амал-құралдарына, механизмдері мен кедергілеріне ерекше көңіл бөлінеді.

2-ші «Өзін тану және дамыту психологиясы» тарауында «даму» және «өзін тану және дамыту» түсініктері енгізіледі, өзін тану және дамыту дың сатылары суреттеледі, оның түрлері: өзін-өзі таныту, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі таныту; өзін тану және дамыту дың механизмдері, кедергілері ашып көрсетіледі.

3-ші «Өзін таныту және дамытудың психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тарауы өзін таныту және дамыту әртүрлі жас кезеңдерінде қалыптасу мәселелеріне, өзін тану және дамыту тәсілі ретінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселелеріне арналған. Негізгі акцент өсіп келе жатқан адамда өзін-өзі таныту мен өзін тану және дамыту қалай ұйымдастыру керектігіне және қолдау көрсетуді қалай жүзеге асыру керектігіне жасалады, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру бағыттары бөліп көрсетіледі.

Педагогтың кәсіптік өзін-өзі таныту мен өзін тану және дамыту мәселелрі төңірегінде де болашақ педагогтар үшін өзінің тануына, өзін -өзі жетілдіруіне қолдау көрсету мәселелері де қарастырылған. Педагогтың тұлғасының және кәсіптік құзыреттілігінің, оның кәсіптік өзін-өзі тануының жалпы сипаттамасы беріледі, кәсіптік өзін таныту және дамыту заңдылықтары, өзін тану және дамытудың кедергілері суреттеледі, білім беру мекемесінің жағдайларында педагогтарда өзін таныту және дамыту деген қабілеттерінің өзектендіруіне ықпал ететін атмосфераны қалайша жасауға болатындығы көрсетіледі, осы мақсатқа қол жеткізу тәсілдері ашып көрсетіледі.

Осы біз қарстырып отырған теориялық бөлімдері өзін таныту және дамыту жөніндегі практикумдарда жүзеге асып, нақтылы диагностикалық әдістемелерде, тренингтік жаттығуларда, семинар мен практикалық сабақтарда студенттердің іскерлік дағдылары мен икемділіктері қалыптасуына мүмкіндік бере алады. ЖОО-ның өзін-өзі таныту курстарында әртүрлі формада өтілуіне орай, аталмыш оқу құралының теориялық бөлімі практикамен ұштасуына ықпал етіп, студенттердің білім деңгейін көркейтеді.

Әрбір адам өмірінде тым болмағанда бір рет: «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің өмір сүруімнің, менің өмірімнің мәні неде?» деген сұрақтар қояды. Әртүрлі адамдар осы күрделі философиялық сұрақтарға әртүрлі жауап береді: біреулер оларға жауап таппай дал болады, екіншілері өзіне толықтай сипаттама беруге, өз тіршілік әрекетінің бағыттары мен келешегін анықтауға тырысады; үшіншілері, қойылған сұрақтарға жауап беріп, солай болса да өз жауаптарына қанағаттанбай қалады. Осы сұрақтардың қойылуының өзі көп нәрсені аңғартады және саналы тірі ағза ретіндегі адамда мал-жануарларда жоқ, өзін тануға деген іргелі қажеттілік бар екендігін куәландырады. Шындығында да, әрқайсымыздың ішкі дүниеміз – бұл ғарыш секілді шексіз-шетсіз, түгесіліп бітпейтін әлем дүниесі. Оның кейбір жасырын бұрыштарына көз салмай-ақ, өмірімізді сүріп те қоюымызға болады. Сондықтан адамзаттың бүкіл тарихының өн бойында өзін-өзі тануға деген қызығушылық өзгеріссіз қалды, адамдар әлемге әуестік танытып отырғанынша, қоршаған болмысты тануға қабілетті болғанынша, ол осындай болып қала да бермек.

Өзін тану дегеніміз не екен? Бір жағынан, «өзін тану» терминінің құрылымын негізге ала отырып, анықтама беру айтарлықтай оңай. Өзін тану – бұл өзін, өзінің потенциалдық және өзекті қасиеттерін, тұлғалық, зияттық ерекшеліктерін, мінезінің белгілерін, өзінің басқа адамдармен қатынастарын және т.с. тану үрдісі. Екінші жағынан, осыларға берілетін жауапты анықтамадан табуға болмайтын, өзін-өзі танудың маңызы, құрылымы, механизмдері туралы көптеген сұрақтар туындайды. Ежелгі Грекциядағы храмдардың бірінің қас бетінде қашалған дельфтік сәуегейдің: «Өзіңді- өзің таны» деген сөз саптауының әлі күнге дейін жұмбақ боп қалып отырғандығы және қандай да бір құпиямен жабылғаны тегіннен тегін болмаса керек.

Көптеген адамдар үшін бұл фраза құпия болып табылмайды және олар мұны өзіңді-өзің тану керектігі жөніндегі императив (нұсқау) ретінде дәлме-дәл түсінеді. Егер олардан өз-өзін сипаттап берулерін өтінсек («Өзің туралы не білесің?»), сұрап тұрған адамның таңданысына, жауап сараң және өте жалпылама болып шығады, мысалы: «Мен ақылдымын, жақсымын, әділмін, басқалармен қатынас құра аламын». Кішкентай бала да өзі туралы шамамен осылайша жауап береді: «Мен жақсымын», «Мен үлкенмін» деп, ата-аналары айтқан сөздерді қайталайды. Білім алмаған, мәдениеті аз қоғамдарда өмір сүріп жатқан адамдардың өзін-өзі бағалауда және сипаттама беруде мүлдем қысылып-қымтырылып қалатындығын атай кеткен қызықты болар.

- Адам үшін өзін танудың мәні қандай?

- Өзіңде нені тану керек және нені танымау керек? (Өзін тану нысаны болып не табылады?)

- Адам өзін-өзі қалай, қалайша таниды? (Өзін танудың механизмдері, жолдары және амал-тәсілдері қандай?)

- Адам өзін таныды, әрі қарай не болады?

Одан арғы баяндау барысында осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көреміз.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өздерін бағалап берулері сұралған, Орта Азия шаруаларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеген отандық психолог А.Р. Луриядан қызықты мәлімет табамыз. Көпшілігі сұрақты мүлдем түсінбеген, екінші біреулері, өздерінен не керек екенін ұғынған соң: «Мен туралы көршілерімнен сұраңыздар, олар менен жақсы біледі» деген. Мәдениеті жоғары және білімі бар адамды «Өзіңді-өзі таны» деген сөз саптауы қатты ойландырып-толғандырады, қайта-қайта философиялық жаңа сұрақтарды тудырады. Біз солардың бар-жоғы төртеуін қоймақпыз:

- Адам үшін өзін танудың мәні қандай?

- Өзіңде нені тану керек және нені танымау керек? (Өзін тану нысаны болып не табылады?)

- Адам өзін-өзі қалай, қалайша таниды? (Өзін танудың механизмдері, жолдары және амал-тәсілдері қандай?)

- Адам өзін таныды, әрі қарай не болады?

Одан арғы баяндау барысында осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көреміз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1036 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.08 с)...