Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Өзін-өзі танудың аумақтары мен аймақтары



Адамда оның өзін-өзі тануының объектісі болып не табылады? деген сұраққа жауап беріп көрейік. Егер біздің кез келгенімізден: «Өзің туралы не білесің?» деп сұрасақ, әрқайсымыз белгілі бір тығырыққа тіреліп қалғандай боламыз, одан кейін міндетті түрде: «Мен адамға үйірмін, көпшілмін, бірақ аздап ұялшақпын, тілектеспін, аздап батыл емеспін» және т.с. секілді бірнеше жалпылама сипаттамалардан тұратын жауап қайырамыз. Мұнда, әрине бұл қолдан келмейтін, студент бірден бір сәтте барлық материалды еске түсіруге тырысып бағатын, емтихан алдындағы жағдайға ұқсас жағдай туындайды. Бірақ нақтылы сұрақтары билетті алып, сабырлы қалыпқа түсіп, ойланып алсақ болды, әрине, егер материал жақсылап зерделенген және ойластырылған болған жағдайда, жауап анағұрлым тереңірек және мазмұндырақ болады.

Өзін-өзі тану барысында да өз тұлғамыздың өзіміз танып-білуге және зерттеуге ниет еткен аумақтары мен салаларын бөліп көрсетуіміз керек. Өзін-өзі тану аумағын психологияда алғашқы болып бөліп көрсеткен американдық психолог У. Джемс (прагматизмнің негізін қалаушы) болды. Адам санасында танылатын элементтер ретінде ол: физикалық тұлғаны, әлеуметтік тұлғаны және рухани тұлғаны бөліп көрсетеді.

Физикалық тұлға – бұл адамның денелік ұйымдастырылуы және адамға тиесілінің немесе оны қоршаған ортаны: киімді, отбасын, үйдегі ошақты, өз еңбегінің күйін, өнімдерін құрайтынның бәрі (қазіргі психологияда бұл ережелерге дау айтылуда);

Әлеуметтік тұлға – бұл басқа адамдар тарапынан бізді тұлға деп тану. У. Джемс қаншама адам одан тұлғаны таныса және ол туралы түсінігі болса, адамда соншама әлеуметтік тұлғалар бар екендігін атап көрсетеді.

Рухани тұлға – бұл сананың, нақтылы алынған рухани қабілеттер мен қасиеттердің жекелеген күйлерінің толықтай бірігуі.

Тұлғалардың бүкіл осы үш түрі иерархиялық тұрғыдан ұйымдастырылған. Жоғарғы деңгейді рухани тұлға, төменгі тұлғаны – физикалық тұлға алып жатады. Әлеуметтік тұлғалар аралық орын алып жатады.

Демек, өзін-өзі тану, У. Джемске сәйкес, физикалық, әлеуметтік және рухани тұлғалар деңгейінде жүзеге асырыла алады.

Отандық психологияда ғалымдардың көпшілігі адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы ережені ұстанып отыр.

Осыған сәйкес, оның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері бөліп көрсетіледі, сондықтан ұзақ уақыт бойы ғылымда адамның екі деңгейлік ұйымдастырылуы: индивид және тұлға туралы түсінік үстемдік етіп келді және тек ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап аралық айнымалы - әлеуметтік индивид түсінігі енгізілді. Жекелей алар болсақ, отандық психолог В.В. Столиннің пікірінше, адамда оның ұйымдастырылуының үш деңгейін бөліп көрсетеді: ағза, әлеуметтік индивид және тұлға.

Биологиялық индивид (организм) ретінде адам белгілі бір конституциямен, жүйке жүйесінің түрімен, мидың нейродинамикалық қасиеттерімен, алуан түрлі биологиялық қажеттіліктермен сипатталады.

Әлеуметтік индивид – қоршаған әлемді игеру, білімдерді, ептіліктерді, жүріс-тұрыстың нормалары мен ережелерін игеру қабілеттерімен сипатталады.

Тұлға – қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау жүйесінде таңдау жасау, өз өмірлік жолын құру, өз жүріс-тұрысын үйлестіру қабілетімен сипатталады.

Бұл деңгейлер сондай-ақ иерархиялық ұйымдастырылған, олардың ең жоғарғысы – тұлға, төменгісі – организм. Осыдан барып біздің өзімізді барлық үш деңгейде, яғни биологиялық индивид, әлеуметтік индивид және тұлға ретінде өз қабілеттерімізді тани алатындығымыз түсінікті болып шығады. Дәл сол кезде адамның құрылу деңгейін түсіну бізге өзін-өзі тану сфералары туралы толық түсінік бере қоймайды, оларды нақтылы мазмұнмен қанықтыру қажет болады.

Қазіргі психологияда осыларды қолдана отырып, басқа адамдарға толықтай сипаттамалар беруге, өзіміздің өзін-өзі тануымызды ұйымдастыруға және, әрине, өз өзімізді сипаттауға болатын сан көптеген схемалар бар. Ең жалпы түрінде өзін-өзі талдау мен өзін-өзі тануға ұшырай апатын келесідей блоктарды бөліп көрсетуімізге болады.

Тұлғалық-сипаттың ерекшеліктері: осыларда басқа адамдарға (ақ ниеттілік, көпшілдік, ілтипаттылық, көнгіштік және т.б.); іс-әрекетке, еңбекке, оқуға (бастамашылдық, тиянақтылық,, еңбексүігіштік және т.б.), өз өзіне (өзін-өзі құрметтеу, сенімділік – сенімсіздік); заттарға (ұқыптылық, үнемділік, таза жүрушілік); табиғатқа; өнерге; ғылымға және т.с. деген қатынасын білдіретін тұлғаның сапалары және мінездің қасиеттері.

Тұлғаның мотивациялық-құндылық аумағы - өзінде іс-әрекет пен мінез-құлықты анықтайтын өз түрткілерін, қызығушылықтарын, мүдделерін, мотивтерін, құндылықтарын өз бетінше танып-білу.

Тұлғаның эмоциялық-ерік саласы - өзінің эмоциялық күйлерін, басым сезімдерін, стресс жағдайларда әрекет жасау тәсілдерін, күш-жігерді жұмылдыра, табандылық, тегеурінділік, мақсатқа ұмтылғыштық және т.б. қасиеттерін көрсете білулерін танып-білу.

Қабілеттер мен мүмкіндіктер саласы – тіршілік әрекетінің әртүрлі сфераларындағы өз мүмкіндіктерін талдау, ойлаған істерді жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді бағалау.

Тұлғаның танымдық аумағы – психикалық процестердің: қабылдаудың, жадының, ойлаудың, елестетудің қызмет етуін, өз ойының қасиеттері мен сапаларын, зейінділігін, өмірлік және кәсіптік міндеттерді шешу тәсілдерін танып-білу және түсіну.

Сыртқы бейне, темперамент ерекшеліктері аумағы - өзіндік бет әлпеті, сыртқы түрі, жүріс мәнері, өзін ұстау мәнері, сөйлесу мәнері, сондай-ақ өзінің жиынтығында темпераментті анықтайтын қасиеттер өзін-өзі талдауға ұшырайды.

Басқа адамдармен, әлеуметтік қоршаған ортамен қатынастар аумағы – адам оның басқалармен – жақын және онша жақын емес адамдармен қарым-қатынасы қалай құрылатынын талдайды, өз жүріс-тұрысының стратегияларын, кикілжіңдер мен кедергілерді талдайды.

Іс-әрекет аумағы – адамның қандай білімдерге, ептіліктерге, дағдыларға, қабілеттерге ие екендігін, оның бұларды өмірінде және іс-әрекетінде қалай пайдаланатындығын, осыларды өзінде қалай дамытатындығын білген маңызды.

Өзіндік өмірлік жол аумағы - әрбір адам қандай да болсын дәрежеде өткен өмірін талдайды, қандай да бір нәтижелерді шығарады, болашаққа жоспар құрады, өз тұлғасын болжаумен және өзін-өзі болжаумен айналысады.

Бұл сызбаның айтарлықтай шартты болып табылатындығы, онда өзін-өзі тануға және өзін-өзі талдауға ұшырауы мүмкін тұлға мен адам өмірінің барлық алуан түрлілігін көрсетуге болмайтындығы түсінікті. Сызба тек қана біз өзімізден түптеп келгенде тани алатынға бағыт-бағдар береді. Өзін-өзі танудың тізіп көрсетілген аумақтары сыртқы әлемде де, ішкі әлемде де «орналаса» алады. Сондықтан өзін сыртқы әлемде өздігінен танып білу және өзін ішкі әлемде, осы ішкі әлемнің өзінде өздігінен танып білу туралы сөз қозғауымызға болады.

Өзін-өзі сыртқы әлемде танып-білу – демек, өзінің жүріс-тұрысын, өзінің әрекеттерін бағалау, іс-әрекет орындау, қарым-қатынас жасау үшін өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтау деген сөз. Сыртқы әлем секілді, ішкі әлемнің де өз кеңістігі, өз уақыт сипаттамалары бар, мұнда адамның өз өзімен аяқталмайтын диалогы өрбиді, ақыр нәтижесінде дәл сол адамдық Мен болып табылатын сан көптеген субтұлғалар «одақ» құрады және «конфронтацияға» түседі. Ішкі әлемге біздің сезімдеріміз, уайымдарымыз, армандарымыз, ниеттеріміз, ойларымыз және басқа да көптеген нәрселер тиесілі. Өзінің ішкі әлемін ашу және тану өзінің сыртқы әлемдегі жүріс-тұрысын танудан кем түспейтін қызықты да еліктіргіш іс.

Енді өзін-өзі тану салаларын бөліп көрсетейік. Дәстүрлі түрде психологияда екі аймақ: сана мен санасыз бөліп көрсетіледі, алайда кейбір тұжырымдамаларда тағы бір салаға – санадан тысқа немесе жоғарғы санасызға көңіл бөлінеді. Мысалы, З. Фрейд тұлғаның құрылымында толығымен сана саласында тұрған және нақтылық қағидасына бағынышты Эгоны немесе Менді, бір мезгілде сана аумағында да, санасыз аумағында да тұрған, өзінің мәнісі бойынша адамзат жасап шығарған және нақтылы тұлғаның жүріс-тұрысын реттеп отыратын нормалар, құндылықтар, алуан түрлі тыйым салулар болып келетін Жоғары-Мені немесе Шамадан тыс Менді, сонымен қатар инстинктерді таратушы болып табылатын және санасыздың аумағында тұрған Ид-ны немесе Ононы бөліп көрсетеді. К. Юнгке сәйкес, тұлға бірқатар инстанциялардың үйлесімі болып келеді: Эго – адамның нақтылы Мені; Бетперде – адамның басқалардың алдында осындай болып көрінгісі келетіні; Көлеңке – адамға жағымсыз келетін, онда үрей тудыратын және ақыр соңында өзінікі деп есептегісі келмейтін барлық тұлғалық қасиеттер осында ығыстырылып шығарылатын санасыздың саласы; ақырында, осының негізін мифтерде, аңыздарда, көптеген халықтардағы архетиптер немесе алғашқы бейнелер деп аталатындар, мысалға, Ана архетипі, Батыр архетипі, Арғы ата архетипі және т.б. құрайтын ұжымдық санасыз. Ұжымдық санасыздың негізін құра отырып, архетиптерді адам ұйқыда, шығармашылықта арнайы көрсетеді, олар оның тұлғасының, дербес мінез- құлқының өзіндік келбетін анықтайды.

Сана мен санасыздың бар болуының одан да кең спектрі американдық ғалым К.Уилбердің Мәңгілік психологиясында көрсетілген. Мұнда тұтас бес деңгей бөліп көрсетіледі:

1) Майнд деңгейі, немесе адамның әртүрлі – Брахман, Дао, Құдай деп аталатын универсумның абсолютті және шекті нақтылығына өзінің ұқсастығын интуициямен ұғынуы;

2) трансперальды аймақ – бұл деңгей Спектрдің адам өзінің Баршаға бірыңғаймен ұқсастығын ұғынбайтын, тұлғадан тысты сипаттайтын, сонда да оның тұлғасы жекелеген ағзаның шегімен шектеліп қалмайтын саласы болып келеді, дәл осында біз архетиптермен (К.Юнгтегі секілді) кездесіп отырамыз;

3) экзистенциальдық деңгей (экзистенция – бұл күнелту) – бұл деңгейде адам өзін негізінен алғанда барлық психосоматикалық оағзамен (психе – жан, сома – дене) теңестіреді, мұнда Мен қоршаған орта арасындағы анық шектеу жүреді;

4) Эго (Мен) деңгейі – бұл деңгейде өзіндік Меннің ағзадан бөлініп шығуы жүреді, Мен бейнесі бөлініп көрсетіледі;

5) Көлеңке деңгейі – адам бойын аулақ салған, қабылдамаған нәрселер санасыз аймаққа кетеді, бірақ, бұл сөзсіз, тұлғаның ажырамастай бөлігі болып қалуын нақтылы жалғастыра береді.

Әрине, біз осы көзқарастарды мәселені күрделендіре түсу үшін емес, тұлға өзінен тани алатын аймақтарды бөліп көрсетуге деген қазіргі ғылымда бар тұрғылардың алуан түрлілігін көрсету үшін өте қысқа түрінде келтіріп кеттік. Әдеттегі қарапайым адамның практикалық көзқарасы тұрғысынан, егер ол сана аймағында да, санасыз аймақта да өзін-өзі тану шеңберін өз бетінше кеңейтуге қабілетті болса, бұл енді өзін тану және дамыту ға, өзінің бірегей, қайталанбас өмірінің мәнісіне ие болуға деген тенденцияны ынталандыратын жеке «ерлігі» болады. Қорытындылай келе, баяндау тақырыбын өзін-өзі танудың аумақтары мен аймақтарын ғана баяндаумен аяқтағанымыз дұрыс болмайтындығын атай кетеміз. Мұнда тағы да бір қызықты аспекттің шеті көріне бастауда. Істің мәнісі біздің кез-келгеніміздің өзін-өзі тануының біздің өзгелерді және өзгелердің бізді тануымен үйлесіп, шектесіп отыратындығында. Біз өзіміз туралы білмейміз, қалған адамдар біз туралы не біледі, бірақ та біз ол туралы олардың не ойлайтнын біз білмейміз? Басқалар біз туралы не білетін, бірақ бұл жайында өзіміз білмейтін не нәрсе бар? – адамдар, әсіресе қандай да бір өмір коллизиялары терең түсінілетін және бастан кешірілетін, біз өсу мен өзгеру қажеттігін сезінетін жағдайларда өздеріне саналы немесе санасыз түрде қоятын сұрақтар міне, осындай. Психологияда қысқа, сызба түрінде біздің өзін-өзі танудың аумақтары мен аймақтары туралы түсініктерімізді кеңейте отырып, осы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін бір өте қызықты үлгі бар. Ол өзін ойлап тапқан Д. Лафта пен Г. Ингроманың құрметіне «Джогари терезелері» деп аталады (1- суретті қараңыз).

Менің өзім туралы білетінім Менің өзім туралы білмейтінім

Арена Соқыр дақ
Көз көрерлік (жасырын сала) Белгісіз

Кесте 1 - «Джогари терезесі»

Осы үлгіге сәйкес, әрбір адам өзінде өз тұлғасының төрт «кеңістігін» ұстап тұр деп елестетуге болады.

Арена мен өзім туралы білетінді және осы туралы мені қоршаған адамдар білетінді қамтиды. Соқыр дақ – мен туралы басқалар білетін, бірақ менің өзім білмейтін нәрсе. Көз көрерлік – мен өзім туралы білетін, бірақ басқалардың бұл туралы сезбеуі де мүмкін нәрсе. Ақыр соңында, Белгісіз – бұл мен өзім туралы білмейтін және бұл жайында басқалар да білмейтін нәрсе. Осыны ескере отырып, өзін-өзі танудың міндеті өз Аренасын мүмкіндігінше көбірек дәрежеде кеңейтуден, Белгісізді мейлінше азайтудан, қажеттілігіне қарай Соқыр дақтың саласын тарылтудан және Көзге көрерлікке қатысты өз ұстанымын анық анықтаудан тұрады (нені шынында да басқалардан жасырып қалу керек, ал нені ашуға болады және өз мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді пайдалануға болады). Осы үлгіні пайдалану тұлғаға өзін басқа адамдармен өзара әрекеттестікте көрнекірек көрсетуге, сұрақтарды шешуге (мысалы: «Мен туралы басқалар не ойлайды?»), өзін түсінуде және өзінің басқаларға өзін-өзі көрсету шамасын түсінуде сенімділікке ие болуға мүмкіндік береді.

Сонымен, өзімізде нені тану керек? деген сұраққа жауап беруге тырысып көрдік. Көріп отырғанымыздай, оған біржақты жауап жоқ екен. Өзін-өзі тану сфералары айтарлықтай кең, ал салалары – біздің санамызды да, санасыз бен «санадан тыстың» әртүрлі салаларын қосатындай айтарлықтай «терең» болуы мүмкін. Онымен қоймай, біздің өзін-өзі тануымыз әрқашан да мен өзім туралы не ойлаймын, мен өзім туралы не білемін, мен туралы өзіме ерекше маңызды басқа адамдар не ойлайды екендігімен ілесіп отырады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2373 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.106 с)...