Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Өзін танудың адам өміріндегі мағынасы



Алғаш рет өзін тану мәселесі Ежелгі Шығыстың діни тұжырымдамаларында пайда болды, мұнда өзін-өзі танудың мағынасы мен мәнін ашып қана қоймай, осының элементтері қазіргі психологияда қолданылатын, өзін-өзі танудың бірегей технологиясын жасап шығару әрекеті жасалды. Ең аяқталған түрінде өзін-өзі тану мәселесі буддизмде ашып көрсетілген. Буддизм ілімінің мәнісі Будданың – Гаутама принцтің үш діни өсиетінде баяндалған. Бірінші діни өсиетінде Гаутама осылардан аулақ болу керек екі ақырғы шекті көрсетеді:

- сезімдік ләззаттарға ерік беру және шекті аскетизм. Бұған көру мен білімге ықпал ететін, бейбітшілікке, жоғарғы даналыққа, шаттануға және нирванаға әкелетін ортаңғы жолды таңдап алып қол жеткізуге болады. Одан әрі Гаутама өмір – азап шегу (дуккха): туу, ауру және өлім; әуестіктермен, ниеттермен байланыстының бәрі дуккха болып келеді.

Азап шегудің себебі ниеттерден, өмірге әуестіктен, сезімдік ләззаттардан тұрады. Азап шегудің тоқтатылуы ниеттерден бөліну, олардан бас тарту, қабыл алмау, босану арқылы мүмкін болады, бұл ортаңғы, сегіздік жолға түсу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жол өзіне: 1) дұрыс түсінуді; 2) дұрыс ойды; 3) дұрыс сөйлеуді; 4) дұрыс әрекет жасауды; 5) дұрыс өмір салтын; 6) дұрыс пиғылды; 7) дұрыс күш-жігерді; 8) дұрыс зейінді қосады.

Екінші діни өсиетте адамда жанның жоқтығы туралы теория баяндалады: «Дененің (рупаның) жаны жоқ. Егер де жан бар болса, дене дуккхидің субъекті болмас еді. Бірақ дене жансыз болып табылатындықтан, ол – дуккхидің субъектісі». Осыдан барып адамның өзінің Менінен бас тарту керектігі келіп шығады.

Үшінші діни өсиетте адамның шынайы санасын тұмандап тастайтын надандықпен қозғалысқа келтірілетін «өмір дөңгелегі» туралы айтылады. Надандық әрекеттерді тудырады, осының нәтижесінде әлемде түрлер бөліп шығаратын үйреншікті сана қалыптасады. Түрлермен түйісу барысында ниеттер тудыратын сезімдер пайда болады, ниеттер сараңдықтың себебі болып шығады, сараңдық мәңгілік өмір сүруді көксеуге, өмірді көксеу – тууға алып келеді, туудың болмай қоймайтын нәтижесі болып кәрілік және өлім табылады. Басқаша айтар болсақ, тірі ағзасы Будданың іліміне бас ұрмағанынша, «өмір дөңгелегінде» айналуға душар болады.

«Өмір дөңгелегінен» сытылып шығу үшін не істеу керек? Буддизмге құлшылық ететін адам өзінің Менінен бас тартып, жарқындыққа және ақыр соңында нирванаға қол жеткізуге тиіс. Нирвана – бұл толық ішкі болмыс, ниеттердің болмауы, шүбәсіз қанағаттанғандық пен өзіне-өзі жеткіліктілік, сыртқы әлемнен қол үзгендік күйі. Нирвана – абсолютпен толықтай тұтасу. Нирвана күйіне қалай қол жеткізуге болады? Міне, осы жерде алдыңғы көрініске өзін-өзі тану келіп шығады. Тізбек құрылады: жетілген өзін-өзі тану жетілген өзін-өзі реттеу – жарқындану – нирвана. Осылайша, өзін-өзі тану шекті мақсатқа, яғни нирвана күйіне қол жеткізудің міндетті шарты болып табылады. Өзін-өзі білмейтін адам оған ешқашан да жақындамайды, «өмір дөңгелегінде» ұзаққа қалады. Өзін-өзі танудың бетке ұстар амал-тәсілдерінің бірі буддизмде осыған орасан зор мағына берілетін медитация болып табылады. Медитациялау барысында буддашы өз өзінің психика ағынын, өзінің Мен-бейнелерін, сезімдерін, ойларын, ұмтылыстарын және т.с. интуициялық қарастыруға ұшыратады, осының нәтижесінде осының бәрі жеке, тәуелсіз өмір сүрмейтіндігін және бұл мағынада оның Менін оның психикасының қандай да бір көрініс табуына да, олардың қосындысына да қиюластыруға болмайтындығы мүмкін емес нәрсе, сондықтан да өзінің Мені туралы нақтылы бар бір нәрсе ретінде тек шартты түрде айтуға болады. Осылайша, медитациялау арқылы өзін-өзі тануға болады, оның өзін-өзі реттеуін табиғи етеді, соқыр сезімді өзектендіру есебінен толықтай өзін-өзі ұстай білуге алып келеді, осының нәтижесінде әлеммен гармониялы бірігуге қол жеткізіледі. Өзін-өзі танудың мағынасы мәсіхшілдікте біршама өзгеше қарастырылады. Өзімізге белгілі, мәсіхшілдіктің негізгі идеялары болып: күнәҺарлық идеясы, құтқарылу және өтелу идеясы, Құдай - адам, Құдай – құтқарушы идеясы табылады.

КүнәҺарлық идеясынан, бір жағынан, адамзаттың басына төнген барлық бақытсыздықтардың себебі ретіндегі күнәҺарлық туралы ілім, екінші жағынан – арылу, құтқарылу туралы ілім өсіп шықты. Осындай арылтушы және құтқарушы өзін адамзатқа, әлемге құрбандыққа шалған Иса Мәсіх болды. Осы бір өз еркімен жасалған құрбандық адамзатты күнәдан арылтты. Сондықтан Иса Мәсіхке сену, оның ілімін ұстану – әрбір дінге сенген адам үшін жеке басын құтқару жолы.

Мәсізшілдікте өзін-өзі тану өзінің құдай берген жаратылысын ұғыну, Құдаймен бірігу тәсілі ретінде көрініс табады.

*Соңғы жылдарда жарық көрген, әлемнің діни бірлестіктері мен діндері бойынша анықтамалықтарда және энциклопедиялық сөздіктерде прин Шакьямуни («дуана») жиі еске алынады – бұл принц Гаутаманың екінші есімі – Редактордың ескертуі.

Мұнда индивид пен тұлға арасында шек жүргізіледі. Индивид үшін ақыр аяғында тіршілік етудің жекеленуіне, ол қандай: «өзге дербес» немесе «өзге ұжымшыл» болғанына қарамастан, осы өзгемен шайылып кетпеу, талқандалмау үшін өзгені теріске шығаруға және т.с. алып келетін өзін-өзі нығайту тән. Тұлға болса – бұл мүлде өзгеше, кемелденген тұлға – бұл Құдай. Ал адам Құдайдың бейнесі бойынша және оған үйлестікте жаратылғандықтан, ол да тұлғаға ие, бірақ ол кей кездері адамнан жасырынған және индивид түрімен көрініс табады. Осы ой түйініне негіз болатын пайымдауларды басшылыққа ала отырып, өзін-өзі танудың жолдары мен амал-тәсілдері шығарылады. Индивидтің өзін-өзі тануы өзінде тек оңды жақтарды ғана емес, теріс жақтарды да ұғыну, өзін тұтастай қабылдай білу қабілетін дамытудан тұрады. Адам өзінің күнәҺарлық шамасын неғұрлым көбірек дәрежеде ұғынса, тәубеге келу жолына неғұрлым көбірек дәрежеде тұратын болса, ол өзін тану және дамыту жолына соғұрлым көбірек дәрежеде тұратын болады.

Тұлғаның өзін-өзі тануы – бұл өзінде Тірі Құдай бейнесін ашудан тұратын, өзінің шынайы борышын танып-білуі. Мұның амалы сену, тәсілдері – шіркеудің құпияларына тартылу болып табылады. Осының нәтижесінде адам өз өзі болып шығады. «Өз өзі болу, - деп жазады митрополит Антоний Сурожский, - біздің құтқарылуымыз және өзгеруіміз үшін біздің бейнемізде болуды ниет еткеннің бейнесі бойынша болу деген сөз».

Ғылыми тұрғыдан өзін-өзі танудың мағынасы психологияда ең толық ашып көрсетілген. Мұнда өзін-өзі тану мәнінің ең алуан түрлі қырлары көрінісін табады. Олардың тек кейбірі ғана мыналар:

• өзін-өзі тану тұлғаның психикалық және психологиялық саулыққа ие болуының шарты болып табылады;

• өзін-өзі тану – ішкі гармония мен психологиялық кемелденуге ие болудың амалы;

• өзін-өзі тану – тұлғаның өзін тану және дамыту ы, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жалғыз ғана жол және әрине, осы қырлардың барлығы тығыз өзара байланысты және оқшаулана көрініс таппайды. Қандай да бір психологиялық тұжырымдамаларда (ал олар өте көп) тек бір қырға акцент қана жасалады. Мысалы, классикалық психоталдауда өзін-өзі танудың маңызды құрамдас бөлігі болып санадан тысқа ығыстырылып шығарылғанда ұғыну табылады.

Австриялық психолог және психиатр З. Фрейдтің пікірінше, сана үшін қабылданбайтынның барлығы, ең алдымен сексуалдық және агрессиялық тенденциялар ығыстырылуға тиіс. Психоталдаудың ролі психоталдаудың арнайы техникаларын қолдана отырып, пациентке ығыстырылғанды ұғынып, басынан өткеруге көмектесуден тұрады. Осының нәтижесінде тұлғаның катарсисі (тазаруы) және сауығуы орын алады. З.Фрейдтің шәкірттері, өз ұстазының ережелерінен біршама ауытқи отырып, одан әрі кетті. Мысалы, А.Адлер (бұл да австриялық психиатр) өзін-өзі танудың мәнін адамның тұлғадан кей кездері басқалардан үстемдікке, билікке және т.с. итермелейтін жалған мақсаттармен жасырынған нағыз өмірлік мақсатын тануынан көреді. Өзге бір шәкірті – швейцариялық ғалым К.Юнг өзінен тұлғаның Көлеңке деп аталатынның саласына, яғни адам өзінікі деп танымайтын, бірақ нақтылы бар және оның өзіндігінің (тұтас тұлғаның) ажырамастай бөлігін құрайтын салаға кеткен қырларын тануға көңіл бөледі, міндет осылайша өзінің тұтастығына және өзінің Менінің толықтығына ие бола отырып, осы қырларды ұғынудан және қабылдаудан тұрады.

Негізін қалаушысы итальяндық психолог Р. Ассаджоли болып табылатын психосинтезде өзін-өзі танудың негізгі идеясы ішкі гармонияға жетуге, Жоғарғы менмен бірігуге келіп саяды. Бұл үшін адам өзін өз тұлғасының қандай ерекшеліктерімен (яғни субтұлғалармен) ұқсастыратынын, осылайша тұлғаның дисгармониялығын анықтай отырып, олардың ненің нәтижесінде тұлғаға «билікті» алатындығын ұғынуға тиіс. Мысалы, адам өзін «Әкемен», «Бастықпен», «Жолы болмайтын адаммен», «Мазасыз адаммен», «Бақытты адаммен», «Епті адаммен» және т.с. ұқсастырып, өзін өмірінде таңдап алынған рөлге сәйкес алып жүруі мүмкін. Ішкі гармонияға ие болу үшін ол өзінің субтұлғаларын анықтап, танып-білуге, олардың ішіндегі өзіне «билік» алғандарынан арылуға, өзінің субтұлғаларына толық бақылауға ие болуға тиіс. Негізін құрушысы неміс психологы Ф.Перлз болып табылатын гешталъттерапияда*, өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелдікке қол жеткізуінің амал-тәсілі ретінде көрініс табады. Тұлғаның кемелдігінің көрсеткіштері ретінде Ф.Перлз келесілерін бөліп көрсетеді: өзгелерден емес, өзінен қолдау таба білу; өзіне жауапкершілік ала білу қабілеті; күрделі жағдайларда өз ресурстарын жұмылдыра білу қабілеті; тығырықтан шығу үшін тәуекелге бару қабілеті. Мақсатқа (кемелдікке) қол жеткізу үшін адам өзінің невротикалық деңгейлерін ұғынуға және мұқият пысықтауға тиіс: «тікіриіп қалған» – бұл деңгейде ол қалыптасып қалған таптаурындардың әсерімен әрекет етеді; «жасанды» - мұнда рөлдер мен әртүрлі ойындар басым болады; «тығырық» - басқалардың қолдауының және адекватты өз өзін қолдаудың болмауы; «ішкі жарылыс» немесе «өлім» - өзінің өзін-өзі тануында дәл осы деңгейге жете отырып, адам өзінің шынайы Менін ашады, кемелденген тұлғаның белгілеріне ие бола бастайды. Гештальт (нем. Gestalt) – пішін, бейне, құрылым деген мағына береді. Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтінжақтарын қарастырады. Гештальт стуктура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар»(гештальттар)деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды. Гештальтпсихологияда Германияда ХХ ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт.

Өзін-өзі тану мәселесіне гуманистік психологияда ерекше мән-маңыз беріледі. Мұнда өзін-өзі тану тұлғаның өзін тану және дамыту ының, өзін-өзі танытуының, яғни басқалар, әлеуметтік қоршаған орта таңып отырған адам болып шықпай, өзі болуға қабілетті кісі болып шығуға қабілеттілігінің қажетті шарты ретінде қарастырылады. Гуманистік психологияның жұрт мойындаған беделді адамдарының бірі американдық ғалым К.Роджерс болып табылады. Оның тұжырымдамасына сәйкес, адамда екі құрамдас бөлік көзге ерекше түседі: Нақтылы Мен мен Идеалды Мен және адамға тиесілі емес, бірақ оған үлкен әсерін тигізетін тағы бір құрамдас бөлік – бұл Әлеуметтік қоршаған орта. Нақтылы Мен - өзі, өзінің сезімдері, ойлары, ұмтылыстары және т.с. секілді түсініктердің жүйесі. Нақтылы Мен – адамның болғысы келген нәрсе, оның тәжірибесі мен тереңде жатқан күйзелістері. Әлеуметтік қоршаған орта – бұл адамға сырттан таңылатындардың бәрі: жүріс-тұрыс нормалары, құндылықтары, көзқарастары тәсілдері және т.с. Нақтылы Мен мен Идеалды Мен арасында туындайтын сәйкессіздік үрей сезімін, жүріс-тұрыстың адаптивтік емес түрлерін, алуан түрлі психологиялық мәселелер тудырады, бұл тәжірибенің бұрмалануына, болмаса оны теріске шығаруға алып келеді. Осыдан барып өзін-өзі тану – бұл өз тәжірибесін, тереңде жатқан күйзелістерін игеру амалы, ақыр нәтижесінде - өз өзі болу тәсілі. Бұл үшін тұлғаның өзін қалай қабылдайтындығын, оны басқалардың қалай қабылдайтындығын, өз тәжірибесін бұрмалауға итермелейтін, қоршаған адамдардың көңіліне бола әрекет етуге итермелейтін себептерді ұғыну қажет болады.

Өзін-өзі танудың нәтижесінде адам тек осылар болған кезде ғана өмірдің толыққандылығы, өмір қуанышын сезіну, өмірдің мән-мағынасын ұғыну мүмкін болатын тұлғалық өсуге, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі танытуға деген қабілетке ие болады. Ақыр соңында, дұрыс мағына, тұрмыстық психология тұрғысынан алғанда, өзін-өзі тану айтарлықтай оңай анықталады. Егер тіптен, ешқашан психологияны оқымаған және ол турасында көмескі түсініктері ғана бар кез келген адамды өзін-өзі танудың мәні неде деп сұрай қалсақ, ол сірә былай: «Өзін-өзі тану еңбекте, басқа адамдармен қарым-қатынаста, қандай да бір іспен айналысқанда өз мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдалануға мүмкіндік береді» деп жауап қайырар – және де жалпы алғанда оныкі дұрыс та болып шығады. Дәл сол кезде кейбіреулері былайша жауап беруі де мүмкін: «Өз мақсаттарыма қол жеткізу үшін, оларды басқару үшін, басқаларға билігім болуы үшін мен өз өзімді танимын». Осылайша, дұрыс мағына тұрғысынан өзін-өзі танудың екі мәні бар: біріншісі – жағымды, екіншісі – жағымсыз. Шынында да, жағымды мән кез келген істің, жағдайдың, басқа адамдардың адамға белгілі бір талаптар қоятындығынан және жұмыста, келіссөздерде табысқа қол жеткізу, қарым-қатынас орнату үшін оның өз мүмкіндіктерін таразы басына салып, өз тұлғасының қасиеттеріне тірек артуға тиіс екендігінен тұрады, бірақ оларды алдын-ала өзінде танып алу қажет.

Жағымсыз мән өзін-өзі, өз тұлғасының мықты және әлсіз жақтарын жақсы білуді кей кездері адамның өз пайдасын күйттеген мақсаттарда: өзінің кеудемсоқтығын, өзінің ниеттерін қанағаттандыру, басқалардан үстемдікке қол жеткізу, өзіне белгілі бір басымдықтарды қамтамасыз ету және т.с.с. үшін пайдаланатындығынан тұрады.

Сонымен, адам үшін өзін-өзі танудың мағынасы мен маңызы, мәні неден тұрады деген сұраққа қысқаша жауап беруге әрекет жасап көрдік. Әркім осы мағынаны өзі үшін өзі анықтайды. Дәл сол кезде ең жалпы тұрғыда алғанда өзін-өзі танудың үш мағынасы бар:

дінге сенетін адам үшін өзін-өзі тану – бұл өзінде Құдайлық бастауды тану арқылы Құдаймен бірлесу тәсілі;

үстіртін психологиялық деңгейде өзін-өзі тану өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін өмірде және іс-әрекетте ең толығымен пайдалану амалы, әлде басқа адамдарды басқару тәсілі ретінде көрініс табады;

ғылым ашып көрсетуге тырысып жатқан тереңдетілген психологиялық деңгейде өзін-өзі тану – бұл психикалық және психологиялық саулыққа, гармония мен кемелдікке, өзін тану және дамыту мен өзін-өзі танытуға деген қабілетке ие болу жолы.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1555 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.34 с)...