Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Бұрғылау процесінде тізбек әр түрлі жүктемелерді қабылдайды: айналу моменті, діріл, тартылу, майысу және т.б. Барлық бұл жүктемелер беріктік қор коэффициентіменесептелінеді. Есептік жүктемелер бұрғылау тізбегінің конструкциясына, бұрғылау режимі мен әдістеріне тәуелді болады, сондықтан олар бұрғылау тәсілін және АБҚ-ның өлшемдерін таңдаудан кейін анықталады.
АБҚ диаметрін қашау диаметріне қатысты және бұрғыланатын режімге байланысты таңдайды. Роторлы бұрғылау кезінде диаметрі қашау диаметріне қатысты 0,65-0,85 АБҚ қолданылады. Түпкі қозғалтқышпен бұрғылау кезінде АБҚ-ның диаметрлері қозғалтқыш диаметріне тең болады. АБҚ ұзындығы келесі шарттармен анықталады:
Роторлы бұрғылау үшін
(6)
Түпкі қозғалтқышпен бұрғылау үшін
(7)
мұнда: l0 – АБҚ ұзындығы,м;
Pқ – қашаудың өстік жүктемесі, Н;
q. - 1м. АБҚ салмағы; Н;
Q – түпкі қозғалтқыш салмағы, Н.
Бұрғылау құбырларының диаметрі шегендеу құбырлары мен бұрғылау тәсілдеріне қатысты кестеден алынады.
Әдебиет: НЕГ 1 [5-97], ҚОС 3 [75-105]
Бақылау сұрақтары:
1. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары не үшін қолданылады?
2. Муфта дегеніміз не?
3. Жалғастыру құлпы дегеніміз не?
4. Бұранда конустылығының артықшылығы неде?
5. АБҚ нені білдіреді?
6. БҚ нені білдіреді
Дәріс 4. Шегендеу құбырлары (ШҚ)
Тағайындалуы, негізгі талаптар, ұңғы конструкциясы
Шегендеу құбырлары ұңғы қабырғасын бекітуге, қабаттарды айыруға және ұңғыдан мұнай мен газды өндіруге арналған ұзақ мерзімді арна жасауға арналған.
Тағайындалуына байланысты шегендеу құбырлары немесе шегендеу тізбегі төмендегілерге бөлінеді:
1. Бағыттаушы – шегендеу тізбегінің бірінші құбыры ұңғы сағысының бұзылмауына жол бермеуге арналған;
2. Кондуктор – жоғарғы тау жыныстарын айыруға, сулы қабатты изоляциялауға, лақтыруға қарсы жабдықтарды монтаждауға және келесі шегендеу тізбегі мен фонтанды арматураны монтаждауға арналған;
3. Аралық тізбек – ұңғыны ары қарай тереңдету кезінде бұрғылау бойынша қабаттар шалыстығын айыруға арналған;
4. Пайдалану тізбегі - өнім қабатын басқалардан айыруға және ұңғыны пайдалану кезінде мұнай мен газды шақыруға қызмет көрсетуге арналған;
5. Қиын бұрғылау шарттары болған жағдайда (қисаю және кезек саны көп болғанда) бұрылысты немесе ауыспалы тізбектер қолданылады.
Шегендеу құбырлары тігіссіз, ұштарында бұрандасы бар болат құбырлардан тұрады.шегендеу құбырларының ұштары отырғызылмайды, сондықтан олардың беріктігі бұранда беріктігімен шектеледі.
Байланысу түрлеріне қарай шегендеу құбырлары 5 түрге бөлініді:
1. қысқа үшбұрышты бұрандалы және муфталы;
2. ұзартылған үшбұрышты бұрандалы – У;
3. трапеция тәріздес бұрандалы және муфталы – ОТТМ;
4. жоғары саңыласыздықты және оларға муфталы – ОТТГ;;
5. муфтасыз құбырлы – ТБО.
Барлық құбырлар байланыстарында бұрандасы МЕСТ 632-80 бойынша, конустығы 1:16. меншікті бұрандамен байланыстырудың саңылаусыздығы жақсырақ, созылуға қарсылығы жоғары және диаметрі 245 мм құбырларда, сонымен бірге жоғарғы ауыр жүктелген секцияларда қолданылады.
Трапедция тәріздес байланыстардың созылуға беріктігі үшбұрыштыларға қарағанда 1,5…2 есе жоғары, сондықтан шегендеу тізбегінің жоғары бөлігіне ОТТМ құбырлары қолданылады. ОТТМ мен ТБО шегендеу құбырлары терең және өте терең ұңғыларды бекітуде қолданылады.
МЕСТ 632-80 бойынша шегендеу құбырының диаметрі 114-508 мм аралығында болады. Құбыр диаметріне байланысты қабырға қалыңдығы 5,2-16,5 мм аралығында жасалады. Шегендеу құбырлары болаттарының механикалық қасиеттері кең шектерімен ерекшелінеді. Уақытша қарсылық Д тобының болаты үшін 650 МПа, Т тобы үшін 1103 МПа. Ағымдық шегі Д тобы үшін 379 МПа, ал Т тобы үшін 1034 МПа. Сондықтан шегендеу құбырларының механикалық қасиеттерін таңдаудың көп түрі бар.
Шегендеу құбырларына қойылатын талаптар:
- сыртқы диаметрге – диаметрі 219 мм ± 1,00 %, одан жоғары 219 мм ± 1,25 %;
- қобырға қалыңдығының мүмкіндігі – 12,5 %;
- құбырлардың уақытша қарсылығы – [sB] = 687 МПа және одан жоғары болғанда термоөңдеуге тура келеді.
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1937 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!