Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мазмұн қорыту және оқу-үйретім іс-әрекетін қалыптастырудың Д.Б. Элькенин және В.В. Давыдов жүйесі



Дамытушы оқу-үйретімнің Д.Б. Эльконин және В.В. Давыдов түзген жүйесінің басқа технологиялардан түбегейлі айырмашылығы-ол шәкірттердің шығармашыл ой-өрісін қалыптастыруға баса назар аударды.

Әңгіме арқауы болайын деп тұрған теориялық ойлау дегеніміз - бұл адамның қандайда бір заттың, кезкелген құбылыс пен ұғымның пайда болу тегін сөзбен өрнектей, түсіндіре білуі.

Теориялық ұғымды тек сөз - жарыс, пікір-талас барысында ғана игеру мүмкін. Оқу-үйретімнің бұл жүйесіндегі маңызды келетіні-меңгерілген білім емес, ол балалардың оқу-үйретім барысында, материалды ұғұға орай ғылыми таным логикасына: жалпыдан жалқыға, дерексіздіктен нақтылыққа-қайта жаңғыртуда қол жеткізуі. Бұл жүйе XX-ғасырдың 50-жылдары қалыптасып, 80-90жылдары жаппай мектеп тәжірибесіне ене бастады.

Аталмыш технологияның негізгі принциптері:

· Мазмұндық қорыту негізіндегі дедукция;

· мазмұндық талдау;

· мазмұндық дерексіздендіру (абстрак-деңгейге келтіру)

· теориялық мазмұн қорытуы

· дерексіздіктен нақтылыққа көшу;

· мазмұн бойынша өзіндік пікрге келу (рефлексия)

Оқу-үйретім барысы:

ұсынылған ғылыми жағдай не міндетпен танысу;

оларға орай бағыт-бағдар таңдастыру;

материалды өзгерте жасау үлгісі;

анықталған қатынастарды заттық не рәміздік ыңғайға түсіру;

анықталған қатынастар қасиеттерін ашу, олар бойынша бастау міндет шешімінің шарттары мен жолдарын белгілеп, нәтижеге жету жолдарының жалпыланған жобаларын өрнектеуі;

анықталған жалпылықты нақты мазмұнмен ауыстыру.

Технология ерекшеліктері:

· оқу-үйретім бағдарламаларының шоғырлы (концентрлі) құрылымынан бас тарту;

· бастауыш мектептегі нақты көрнекілікті пайдаланудың әмбебаптығын мойындамау;

· шығармашыл сипатқа ие үй тапсырмаларының баламалығы және оларды таңдау еркіндігі;

· бұл жүйедегі сабақтың ерекшелігі-ұжымдық ойлау іс-әрекеттері, диалог, пікір-талас, балалардың іс-қызметтік ортақтасуы;

· білімді мәселе шешу арқылы ғана ұсынуға рұқсат беріледі, осыған байлданысты мұғалім сабаққа дайын білімдермен емес, шәкірттерге тартылатын сұрақтармен енеді;

· оқу-үйретімнің алғашқы кезеңінде оқу-үйретім міндеттері әдісі қолданса, екінші кезеңінде-проблемдік үйретім әдісі негізге алынады.

Бұл тұжырымдамаға орай оқу-үйретім міндеттері сабақ материалын проблемдік жолмен игеруге бағытталуы тиіс:

· оқу-үйретім міндетін мұғалім жүктейді не шәкіртің өзі белгілейді;

· игерілетін нысанның жалпылама қатынас-байланыстарын оңтайластыру мақсатында міндет шарттары өзгертіледі, ауыстырылады;

· бөліп алынған қарым қатынастың қасиетін зерттеу мақсатында оны нобайластыру (модельдеу) міндет атқарады;

· жалпыланған тәсілдермен шешілетін жекеленген міндеттер жүйесін түзіп алу.

· бұрынғы орындалған әрекеттің тиімділігіне бақылау салу;

· нақты оқу-үйретім міндетін шешудің нәтижесі ретінде игеру және меңгерудің жалпы тәсіліне баға беру;

· жұмыс сапасы мен нәтижесі шәкірттердің жеке қабілеттері мен мүмкіндіктері (субьектив) тұрғысынан бағаланады;

· баға шәкірттің даралықты дамуын, оның оқу-үйренім әрекеттерінің жетілу дәрежесін өрнектейді.

Аталған бағыттар бұл жүйедегі оқу-үйретім (үйренім) рөлінің теориялық деңгейін едәуір көтереді, себебі шәкірттер білім және іс-тәжірибелік ептіліктер игеріп шектелместен, ғылыми ұғымдар, көркем кейіп-бейнелер, адамгершілік құндылықтар меңгеріп, меншіктейді. Мұғалім мұраты-әрбір шәкірт тұлғасын даму арнасына түсіру, танымға деген кажетсіну сезімін ояту.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 920 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...