Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дальтон технологиясы



Жобалау әдісімен идеялас - бұл Дальтон технологиясы. Мүмкін, «Дальтонды» өз алдына технология деп атауға әлі ерте шығар, алайда оны ерекшелейтін негізгі өзіндік сипаттары: мақсаттары, бастау идеялары, мазмұны, формалары, мұғалім мен шәкіртің әрекеттері - көзге түсерліктей.

Дальтон - АҚШ қаласы. Осы арада алғашқы рет аталмыш технология іске қосылып, тәлім тәжрибесіне ендірілді. Аталуы да осыдан. Қазіргі күнде мұндай әдістеме АҚШ-та, Голландияда және басқада батыс елдерінде кең тараған.

Американ педагогы Хелен Паркерхерст мектеп жағдайларын зерттей жүре, келесідей қорытындыға келді: тәлім - тәрбие мәжбүрлеуге негізделген, балалардың өз ойын еркін білдіруге болған табиғи қалауы осыдан шектеулі, сұрақ қоюға рұқсат жоқ. Осыдан, ізденімпаз педагог шәкірттердің тәлім жүйесіндегі өмірлікіс-әрекеттерін ұйымдастырудың жаңа бағыттарын қарастыруға міндетіне алды. X.Паркерхерст балаларды әлеумет ортасында жасауға, ақыл-есі, тән-дене және рухани дамуға үйрету мақсатын алға тартқан зертханалық жоспар дайындап шықты.

«Зертханалык жоспар» технологиясы негізінде тәрбие, тәлімнің жеке даралаған мақсаттарын іске асыруға арналған мұғалім мен шәкірт іс-әрекеттерін біріктіре пайдалану идеясы жатыр.

Дальтон технологиясының мақсаттары:

· балалардың жеке-дара дамуын қамтамасыз ету;

· оқу танымдық іс-әрекеттері барысында шәкірттердің қызметтестік, жауапкершілік және дербестік сапаларын көтеру арқылы олардың әлеуметтік тәжірибесінің дамуын қамсыздандыру.

Дальтон технологиясының теориялық бастаулары келесідей: Дальтон жоспары – бұл дәрісханалық оқу-үйретімді үш принципке - еркіндікке, дербестікке, қызметтестікке негізделген тәлім дәрісімен біріктіру. Аталған үш принцип - жетекші гуманистік арнасында бірігімге түседі. Дальтон технологиясы арқау еткен философияның мәні осында.

Еркіндік принципі. Еркіндік-бұл шәкірттің пәнді, тақырыпты, әріптесті, білім көздерін, формалары мен тәсілдерін өзі таңдап алу құқығы. Алайда, бұл еркіндік жауапкершілікпен байланысты: мақсатқа жетудегі соңғы деңгейлі ерікті орындалған әр тапсырманы мұғалім бағалайды. Әр шәкірт жеке орындалған жұмысы бойынша мұғалім алдында есеп береді.

Дербестік принципі. Дербестік - бұл әр шәкірттің деңгейі мен өзіндік даму бағдарын, шешім қабылдаудағы дербес әрекеттері мен сол таңдауға орай жауапкершілігін өз мойына ала білуі;

Қызметтестік принципі. Қызметтестік - бұл оқу-үйретім танымдық іс-әрекеттер формасын іріктей білуі: жеке дара іс-әрекет, жұптасумен болған әрекет және шағын топтағы әрекет.

Бұл таным үдерісіне түскен балалардың бірін-бірі сыйлануына, екінші адамды мұқият тыңдауына, оны түсінуіне, онымен байланысқа келіп, білікті шешім қабылдауға үйренуіне, оған сенуі мен көмек беруіне, топтық жұмыс бойынша жауапкершілікті ұғынуға мүмкіндік ашады. Мұндай жағдайдағы жәрдем мәні - қойылған мәселеге орай жауапты қайдан және қалай табу қажеттілігін көрсете алу.

Сонымен, бұл технологияның басты идеясы - жұмысты қалаған адамыңмен істе, кіммен жүретініңді өзің танда, ал орындалған жұмыс бойынша жауапты тек қана өзін бересің. Тапсырмалар Дальтон технологиясының өзегін құрайды. Ал олардың бәрі шығармашыл сипатта болуы тиіс.

Әр шәкіртің жеке орындалған тапсырмасы мұғалім тарапынан ғана тексеріліп қоймастан, жұмыс басқа шәкірттер тексеруінен де өтіп, содан кейін ғана нәтиже бағаланады. Әр тапсырма үшін баға қойылмайды, тек орындалуы ескеріледі, соң мұғалімнің ауызша бағасы беріледі.

Дальтон жоспарын дайындау барысында Х.Паркерхерст пән бойынша барша материалды төрт бөлімге ажыратуды «оқу тоқсандарына байланысты», кейін әр бөлімді - айға және тоқсанға, ақырында - апта санына бөлуді ұсынды. Ал бұл әр күнгі, апталық және айлық тапсырмалар белгілеуге негіз болады.

Тапсырмалардың өзіне қойылатын талаптар келесідей:

· тапсырмалар деңгейлік сипатта;

· тапсырмалар алу бағдарлама материалының ауқымды көлемін қамтиды;

· тапсырмалар мақсаты дәл, нақты орындау нәтижесімен анықталады;

· тапсырма шәкіртке түсінікті әрі қызықты болуы тиіс;

· тапсырмалар әр шәкірттің орындау мүмкіндігіне орайласқан. Бұл үшін тапсырмамен бірге нұсқаулар беріледі, әдебиеттер көрсетіледі, орындау мерзімі белгіленеді;

· тапсырмалар әрқилы формаларда орындауға қолайлы, орындау барысында басқалармен ақылдасуға болады;

· тапсырмалар бойынша есеп беру, өзіндік қадағалау жағдайлары (топта шығып баяндау) ескерілген;

· тапсырманы орындау барысында жәрдемді қайдан, кімнен алу шәкірт үшін анық болуы қажет;

· тапсырма мазмұны күні ілгері және бір ізді талқылауды қажет етеді.

Нақты тапсырмалар жүйесін орындау арқылы, ең алдымен, баланың жеке-дара дамуы іске асады.

Дальтон жоспарын іске асыруда технология авторының қолдаған «зертхана», «үй» ұғымдарының маңызы өз алдына.

Зертхана - бұл өз бетінше тапсырма орындау, дәрістерге қатысу үшін шәкірттің оқу кестесінде белгіленген уақыты.

Үй - бұл үйдегі еркіндікке жақындататын шарттар: жайлы жұмыс орны; кіммен бірге тапсырманы орындау қажеттігін таңдау еркі; кеңесшілер тобынын болуы және тағы басқа.

Бастапқы теориялық бағыттарды іске асыруға байланысты маңызды мәселелелердің бірі - Дальтон жоспарын ісжүзінде айғақтау формалары. Бұл тұрғыда сыныптық сабақтарды, зертханалық дәрістерді, конференцияларды атауға болады.

Сынып сағаттарының мақсаты: теорияны игеру, ептіліктер мен дағдыларға жаттығу және оларды бекіту. Сынып - сабақтық жүйеніңнегізгі құрамдас бөліктері дәрісбаяндар, бақылау, қадағалау сабақтары, ұжымда жауап алу (рефлекция) дәрістері.

Ұжымдық сабактың келесідей ерекшеліктері сақталуы тиіс:

· тәжірибелік іс-әрекеттер барысында шәкірттердің көпшілігінде пайда болатын кедергі психологиялық-дидактикалық жағдайлардың жойылуы;

· мұғалім - талқылау үдерісін ұйымдастырушы және оған қатысушы;

· шәкірт - ұйымдасу іс-әркетінің қатысушысы және субъекті;

· ұжымдық сабақтың нәтижесі қандай да мәселенің шешімі және сол арқылы туындаған (әр бала үшін өз алдына) міндеттер мен қайшылықтар.

Мұндай сабақтарда шұбырта дәрісбаян оқуға, талқылауға, қабылданған тақырьштан тайқуға болмайды; қорытынды білімдік сипатқа ие болуы тиіс; әр шығып сөйлеуші нақты бағасын алуы қажет.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3998 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...