Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Л.В. Занковтың дидактикалық жүйесі



Өткен ғасырдың 60-жылдарында Л.В.Занков өз зертханасының қызметкерлерімен бірлікте шәкірттердің жан-жақты психикалық дамуына жәрдемдесетін жаңа дидактикалық жүйе жасап шықты. Бұл жүйенің негізгі принциптері:

1.Қиындықтың жоғары деңгейі.

2. Оқу-үйретімде теориялық білімдердің жетекші ролге ие болуы; оқу-үйретім бағдарламаларының ізбе-із (линейное) сұлбасы ұсынылды.

3. Материалдар игеруде жедел қарқынмен ілгерілей отырып, жаңа жағдайларға орай үздіксіз қайталаулар мен бекіту жұмыстарын жүргізу.

4. Шәкірттердің ақыл-ес әрекеттерін саналы түсініп, орындауы.

5. Шәкірттер бойында оқу-үйретімге болған ұнамды ұмтылыстар мен танымдық қызығулар тәрбиелеу, оқу-үйретім үдерісіне ұнамды көңіл-күй, қалып аймағын қосып бару.

6. Оқу-үйретім үдерісінде ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың ізгілікті-инабаттылық сипатта болуын қамтамсыз ету.

7. Сыныптағы әрбір шәкірттің өз мүмкіндігіне сай дамуына қол жеткізу.

А.В. Занковтың оқу-үйретім технологиясының мәні.

· Сабақ икемшіл құрылымға ие.

· Сабақ барысында тоқыған және көріп-білгендері бойынша, көркемөнер, ән күй, еңбек тақырыптары негізінде проблемді жағдайлар түзіліп, пікір-таластар ұйымдастыру.

· Дидактикалық ойындар, шәкірттердің жеделді өзіндік іс-әрекеттері, бақылау, салыстыру, таныстыру, жіктемелеу, заңдылықтарды ашу, өз бетінше қорытулар жасау тәсілдері қең қолданылады.

· Сабақ барысында әрбір шәкіртке ынталылық, дербестік, жұмыс тәсілдерінде тапқырлық көрсету талаптары қойылады.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1624 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...