Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Білімді толық игеру технологиясы



Білімді толык игеру технолоғиясының авторлары американдық психологтар Дж Кэролл, Б. Блум және олардан ізбасарлары.

Дж. Кэролл ұсынысы: тәлімнің тұрақты өлшемі – нәтиже болуы тиіс, ал тәлім жүргізу шарттары - әр шәкіртің алдын-ала белгілегеніп, көзделген нәтижеге қол жеткізуіне ыңғайластырылған тапсырмалары ауыспалы болуы қажет. Осы тұжырымды қолдап, әрі қарай дамытқан Б.Блум шәкірт қабілетін орташаландырылған тәлім игеру желісімен емес, әр тәрбиеленушіге қолай жасалған жағдайларға байланысты анықтауды ұсынды. Б.Блум бала қабілетін оның материалды игеруге бөлінген уақытын шектемеу жағдайында зерттеді. Тәлім, білімдену үдерісін дұрыс ұйымдастырған жағдайда, әсірсе қатқыл уақыт шартын қоймағанда, шәкірттердің 15% бағдарлама мазмұнын толық игеру мүмкіндігі ашылды. Егер сабақ шарты баршаға бірдей болса, шәкірттердің көбі «орташа» нәтижеден ары аспайды. Мұндай технологияны іске асыру үшін дәстүрлі сынып-сабақтың жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізу қажет.

Бұл үшін тәрбиеленушілер тобын сапалық категорияға ажырата білу қажеттігі туындайды. Мұндай категориялар тобы келесідей болуы мүмкін:

уақыт ауқымына қарамастан алдын-ала белгіленген білім және ептіліктер денгейіне жету мүмкіндігі шектелген, қабілеті кем балалар;

басқалардың күші жетпеген күрделі тапсырмаларды орындау қабілеттері күшті, талапты шәкірттер (5%);.

білім және ептіліктерді игеруге бөлінген уақыт мөлшеріне тәуелді шәкірттердің басым көпшілігі (90%).

Аталған қөзқарастар тұрғысынан Дж. Блум және Л.Андерсен білімдерді толық игеру негізіндегі тәлім әдістемесін ұсынады. Мұндай әдістеменің бастау көзі - осы жүйеде қызмет жасайтын педагогтың келесі ұстанымы: тәлім үдерісі ұтымды ұйымдастырылған жағдайда тәрбиеленушілердің қажетті сабақ материалын толық игеріп алуына қабілеттері жетеді.

Бұл үшін педагог толық игерімнің және көздеген нәтижелерді анықтауы, педагогикалық мақсаттардың қарапайымынан күрделісіне бағытталған бірізділікті нақтылап, ой әрекеттерінің, сезімдік тапсырмаларды және психикалық аймақтар қозғалысын өзара үйлесімді байланысқа келтіруі тиіс. Мақсаттар тобы эталонға сай жұмыс істегенін дәлелдеуі үшін шәкірттердің орындайтын әрекеттері мен амалдары негізінде белгіленеді.

Танымдық іс-әрекет мақсаттарының қарапайымнан басталып күрделене түсу тізімі:

білім: шәкірт нақты бағдарламада берілгенін есте қалдырады және жаңғыртады (термин, дерек, ұғым, принцип, амал), яғни «есте қалдырдым, қайта жаңғырттым, білдім»;

тусінім: шәкірт игерген материалын бір қалыптан екінші формаға ауыстырады - «түсіндірдім, дәлелдедім, дәйік келтіре баяндадым, бір дағдыдан басқасына өткіздім»;

қолдану: шәкірт игерілген материалды нақты және жаңа жағдайда қолданып, көрсете білді:

талдау: шәкірт бүтінді бірлікке келтіреді, олар арасындағы тәуелділіктерді ашады. Бүтінді құрастыру принциптерін аңдауға үйренеді - «бүтіннен бөлшек шығардым»;

синтез: шәкірт жаңалықты бүтін жасауы үшін бөлшектерді біріктіру ептілігін игереді «жаңалықты бүтіндік жасадым»;

бағалау: шәкірт көзделген нақты мақсатқа арналған сабақ материалының маңыздылығына баға береді - «игеру нысанасының құндылығы мен маңызын таныдым».

Б.Блум ұсынған мақсаттар атамалары шет елдерде кең таральш, қабылданды. Осы жүйеде тәлім нәтижесі бағалануда.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2658 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...