Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Сынып жетекшісі-сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы



Жоспары:
1. Тәрбие жүйесінің түсінігі.

2. Сынып жетекшісі қызметіндегі диагностикалау және шолу жасау.

3. Тәрбие процесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану

Негізгі ұғымдар: тәрбиелік жүйе, моделдеу, сынып жетекшісі, сынып жетекшісінің қызметтері, өзара әрекеттестік, оқушы тұлғасы мен сынып ұжымының диагностикасы.

Мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өспірімді алғашқы қоңырау сыңғырымен бірге күлімдеп алғашқы ұстазы қарсы алады. Алғашқы ұстаздың мейірімді немесе қатқылдау жүзі бала қиялында өмір бойы сақталып қалады. Нақ осы тұңғыш ұстаз шәкірттің ең бірінші сынып жетекшісі. Бұдан әрі жас баланың мінез – құлқының дұрыс қалыптасып, таным – түсінігінің кеңеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне тікелей қатысты. Жас шыбықты қисық отырғызсаң – қисық, түзу отырғызсаң – түзу өсетіні сияқты, сынып жетекшісінің қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара – пар.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Шәкіртіне қарап – ұстазын таны» деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспейміз. Яғни, бала тәрбиесіндегі, әсіресе әрбір сынып оқушысын жан – жақты біліктілікке дағдыландырудағы басты тұлға – сынып жетекшісі.

Сонымен, сынып жетекшісін бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, оны отбасы, ошақ қасынан кейінгі екінші ата-ана деуге де болады. Өйткені, әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше бір ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әрбір оқушының мінез – құлқындағы ерекшелікті, жан дүниесін, жанұядағы тәрбиені зерттеп, білмейтін сынып жетекшісі – ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкірттің тілін тауып, оның ішкі балалық жан – дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады. Бастауыш сыныпта білім негізі дұрыс қаланса, онда оқушының сынып жетекшісінің жақсы болғаны.

Бала жоғары сыныптарға өткен кезде оның сынып жетекшісі де ауысып отырады. Осы кезде өте жақсы оқып келген оқушының мінез – құлқы да, сабаққа зейіні де өзгереді. Өйткені, сынып жетекшісі, сабақ беретін ұстазы да өзгеріп, оқушы мен мұғалім арасындағы жаңа қарым –қатынас қалыптасады. Жаңа сынып жетекшісі өз оқушысының қыр – сырын нақ осы кезеңде жетік білуі керек.

Өкінішке орай, кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан яғни өз шәкіртінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер мен оның зейін, қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады. Оған әрбәр пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып, оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлатады да, «тәрбиесі қиын оқушылар» қатары көбейеді. Ал «қиын» оқушының тәрбиесіне ең алдымен «сынып жетекшісі» жауапты.

Себебі, әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі. Сынып жетекшісін мектеп директоры беделді педагогтар арасынан бұйрықпен тағайындайды. Сонымен, сынып жетекшісі пән мұғалімдері және ата-аналармен, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланыста болады.

Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, мінез-құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп,біліп, шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл – кеңес беріп, оған ізгілікті қасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісінің ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады.

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1951 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...