Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі



Жоспары:

1.«Балалар ұжымы» түсінігі. Ұжым теориясының қалыптасуы. Ұжымның белгілері.

2. Балалар ұжымының типтері және құрылымы. Балалар ұжымының даму кезеңдері.

3.«Еркін іс-әрекетті» топтар және «формалды емес бірлестіктер».

Негізгі ұғымды р: балалар ұжымы, балалар ұжымын қалыптастырудың қызметтері, заңдары мен кезеңдері, қарым – қатынас мәдениеті, балалар ұжымыныңмониторингі.
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. "Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін". Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты.

Латынның "коллективус" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңыздыбелгілері бар:

/. Жалпы әлеуметтікмәнді мақсат. Мәселенің бәрі мақсат мазмүнымен, оның бағытында. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни өкімет за-дарына, конституцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау көрмейді.

2. Жалпы бірлікті іс-әрекет. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекетұүйымдастыру қажет. Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшінұүжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет үйымдастыруы шарт. Үжым мүшелерін ерекшелейтін белгі — олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.

3. Кері жауапты тәуелділік қатынастары -ұжым мүшелері арасында өзіндік ерекше қарым-қатынас. Бүл олардың іс-әрекеттері мен мақсаггарының бірлігінде ғана емес, ортақ толғаныстары мен бағалы өзара талқылау-ларывда да көрінеді.

4. Жалпы таңдалған басқарушы орган. Ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.

Оқушылар ұжымы - бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндетгерімен, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.

А. С. Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс -ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективаылық, бірлікті

Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді.

Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, үжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мүндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:

1) Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;

2) Күнделікті өмірде үжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;

3) Үжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;

4) Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;

5) Ұжыммен жүмыс істейтін барлық үйымдардың талпыныстарын біріктіру.

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2763 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...