Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны



Жоспар:
1.Тәрбиенің мақсаты мен мазмұны жайлы ұғым.
2.Тәрбие процесінің мәні.
Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мазмұны, тәрбиенің түрлері, тәрбиелік үдеріс, ұлттық тәрбиелік идеал, әлеуметтендіру, әлеуметтенудің түрлері, өзін-өзі дамыту Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының бір тұтатығы деп түсіну керек.
Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірімен басланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық білімменқаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет.

Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектепбасшылары мен педагог арасындағы қарым – қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құлақ тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін - өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда дайын болу қажет.

«Ұлттық тәрбие» терминін енгізу педагогика ғылымында әлі өз шешімін таба қойған жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында енгізілуі тиіс. Өйткені, этнопедагогика – ұлттық тәлім-тәрбиені жинақтайтын, оны қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

«Адамгершілік» термии сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен алынады. Латынша адамдық сөзі /moralis/– мораль. «Адамдық» – бұл, өзінің күнделікті іс- әрекетінде, өзінің мінез- құлқымен адамдармен қарым- қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және өзгеретін санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қалыптасады, қоғамдық көзқарасты белсенділікпен қолдайды»

Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілелеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті

Экономикалық тәрбие - Тәрбиеленушілердің шаруашылықты оңтайлы жүргізудің, өндірісті ұйымдастырудың, байлықтарды дұрыс бөлудің және тұтынудың табиғатына, принциптері мен ережелеріне сәйкес білімдерін, біліктерін және дағдыларын, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және ойлау стилін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты ықпалдасуы.

Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері.

Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.

Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы.

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 5519 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...