Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сананы қалыптастыру əдістері



Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған

Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі.

Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:

- əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;

- əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.

- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет.

Ұғындыру – тəрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі.

Əдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері – тəрбиеші жəне тəрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді білімдер талқысы. Сұхбаттың əңгімелеу мен көрсетпе беруден айырмашылығы - тəрбиеші өз сұхбаттасы – тəрбиеленушінің пікірін тыңдайды жəне онымен есептеседі, олармен болған өз қатынасын құқық теңдігі жəне қызметтестік принциптері негізінде түзетеді. Əдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық-имандылық проблемалары. Сұхбат мақсаты – ізгілік ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау жəне бекіту, адамилық көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.

Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2042 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...