Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ынталандыру əдістері



Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы.

Мадақтау – тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б.

Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс – бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту – əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.

Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді жазалау да қылық-əрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1595 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...