Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері



Жоспары:
1. Отбасындағы бала тәрбиесі.

2.Отбасындағы педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі компоненті.

3.Отбасындағы педагогикалық процестің негізігі сипаттамасы, және зерттеу әдістері.

Негізгі ұғымдар: отбасы, тәрбие, мақсат, нәтиже, тән, дене, рух, азаматтық мәдениет.

Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында, ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процесінің жалпы атамасы әлеуметтік отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамдардың тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы 1 жағынан – тіршілік қорғаушы болса, 2-ші жағынан – тәрбиелік орта зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдарда еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыған педагогтар нақты да дәлел тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасуы нәтижелігі ең алдымен отбасыға тәуелді.

Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді. Жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.

Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан “Азамат қалыптастыратын десең, бесігіңді түзе” –деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі.

Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға таратуға болады.

1. Көптеген еңбеккер отбасының экономикалық жағдайының әлсіздігі.

2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі

3. Отбасы анасы-әйел мойына артылған екіталай-жұмыс орнында, жанұяда-ауыртпалық.

4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстың және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі – зайыптылардың ажырасуы.

5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белеу алуы.

6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, даудамай.

7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстардың күннен күнге әлсіреуі.

Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды төрбиелеу жолында орасан көп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізінде аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасындағы балаларды тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары ретінде белгілі жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен олардың бәрі ғылыми зандылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз дәрежесі бойынша алғашқы тұрмыстық деректі пайымдар мен қарапайым көзқарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні-ата-аналарға кеңес,отбасылық тәрбие ережелер.

Отбасы тәрбиесінің тиімділігін көтеруге кедергі болар жәйттер қандай?

Біріншіден, нәсілдік. Егер ата-аналардың өздері балалық шағында қандай да жүйке, тәндік, сана-сезімдік проблемаларға кезіккен болса, олардың өз ұрпақтарында да қайталанатынына дайын болып, тумадан көрінетін дерттердің алдын алғаны жөн. Екіншіден, өзгеріске түсіп, үздіксіз күрделеніп баратын балалардың болмыс, тұрмыс жағдайлары, әлбетте, мұндай жәйттердің жүз беруі, бермеуі әрі соларға байланысты проблемалардың туындауы ата-аналардың өздеріне тәуелді. Үшіншіден, күннен-күнге төмендеп бара жатқан отбасылық тәрбие мәдениеті. Әрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетімсіз педагогикалық мәдениетін ғана кінәләп қоймай, халықтық тәлім-тәрбие үрдістерінен алшақтап бара жатқанымызды, барша қоғамдағы тәрбие салт-дәстүрлерінің келеңсіз бағытта белең алып жатқанын ескеріп барған жөн.

Лекция

Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдіс құрылымындағы оқыту
Жоспары:
1.Оқыту - тұтас педагогикалық үрдіс құрамды бөлігі.
2. Оқыту үрдісінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық қызметінің бірлігі.
3. Оқушылардың танымдық қызметінің кезеңдері.
4. Қазіргі мектептегі "инновациялық оқытуды" ұйымдастыру.

Негізіг ұғымдар: оқыту процесі, оқытудың мәні, оқытудың функциялары.

Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері бар.

Оқыту-мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп жаңарады.

Оқыту-таным процесі. Танымдық ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп,арта түседі.

Оқытудың міндеті-оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние танудпа бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жәйлі ақпарат алады.

Оқыту –даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организімнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Оқыту прцесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі, оқытудағы субъект екенін дәлелдейді.

Оқушының жалпы психикалық дамуы-мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде ұолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу-баланың зөіндік танымдық, практикалық әрекеті. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен, арнайы жазылған оқу –құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Оқыту –күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнәсі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді. Осы негізде

оқыту процесінің бірінші қызметі-оқушыларға білім беру.

Білім беру,біріншіден, ғылым негіздеріне сай рқушыларды нақті фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми түсініктерін қалыптастыру.

Екінші қызметі- тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.

Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ой дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:

1.Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);

2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы, оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру);

3. Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті);

4. Оқыту әдістері;

5. Оқытудың техникалық құралдары: дидактикалық және техникалық құралдар;

6. Оқытудың нәтижелері.

Оқыту процесінің компоненттері:

-мақсаттылық;

-мазмұндылық;

-іс-әрекеттілік;

-бақылау және жүйеге келтіру;





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 5810 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...