Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі



Жоспар:
1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.

2. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері

3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері.

Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас жиынтығы, әлеуметтік орта, дүниетанымның компоненттері, тұлғаның құндылық бағдары, дүниетанымды қалыптастыру құралдары

Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына,

адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіледі: білім жүйесі, дүниетаным, сенім, адам мұраты.

Білім обективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетаным дамуының үлкен тірегі.

Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастар бар.

Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез –құлқын сипаттайды.

Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы,талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды,қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады.

Дүниетанымды қалыптастыруда оқытылатын құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек.

Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімінің, ғылымының негіздерін және мінез құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.

Дүниетанымдық білімді оқушылыр дене ақыл-ойының күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді.

Дүниетанымның психолгиялық құрылымы танымдық эмоцианалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.

Дүниетанымның қалыптасуы-күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика мен педагогика тарихы, мектеп тәжірбиесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірбиесі жинақталған.

Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік –адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 7699 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...