Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу



Жоспары:

1.Оқушылардың іс – әрекетінің нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары.

2. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.

3. Оқушы білімін тексеру мен бағалауға қойылатын негізгі талаптар және «баға» түсінігі.

Негізгі ұғымдар: диагностика, бақылау, бағалау, есепке алу, үлгерім, бағалау үдерісі, бағалау өлшемдері, түйінді құзіреттіліктер, оқу жетістіктері, оқушылар портфолиясы, ұлттық біріңғай тестілеу.

Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында түсу емтиханы тек қана тест түрінде өткізіліп жүр. Сол себепті мүғалімдер жоғары сынып оқушыларының жоғары оқу орындарына түсуіне дайындық түрінде тесті қолданылуда.,

Тест - дәріс пен зертханалык материалдардын ғылыми негізінде жасалынады және ол білімді бағалау ретінде қолданылып, нақты әдістемелік талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Ал тестік бақылауды алудағы басты мақсаттардың бірі- оқушылардың қайсысының дүрыс жауаптарын дәл, дөп көрсетуінде ғана емес, келекшекте де, күнделікті түрмыста да алдарынан шығып отыратын барлық қиындықтарды, проблемаларды дер кезінде шеше білуге үйрету.

Тесті бақылау -бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі ерекше түрде үйымдастырылған қызметі, бүл қызмет барысында оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемалардың шешімін табуға катысады.

Тестік оқытуды ұйымдастырудын мектеп оқушыларының ойлауын дамыту үшін зор маңызы бар, өйткені проблемалық ситуациядан кейін "ойлану басталады".

Оқушылардың білімін тексеру және бағалау - оқу процесін жүзеге асырудың негізгі шараларының бірі. Ең бастысы оның білім берушілік және тәрбиелеушілік функциялары дүрыс орындалуы қажет. Ол үшін білімді тексеру ұдайы әр түрлі формада жүргізілуі және объективті бағалануы қажет. Қандай формада болмасын, оқушылардың білімін тексеру кезінде олардың ой өрісін белгілі бір мақсатқа жұмылдырылады. алған білімдері нақтыланады және жүйеге келеді. Окушылардың білімін тексерудің көптеген әдістері мен формалары бар.

Мәселен, сабақ кезіндегі ауызша немесе жазбаша сұрау, физикалық диктант, бақылау жүмысы. Бірақ, олардын көпшілігі орта білімді оқушыға арналған, ал әр оқушының білім ой денгейін тексеру үшін мүғалім олармен жеке жұмыс істеп, көп уақытын жоғалтар еді. Осы қиындықтарды азайту үшін қазіргі кезде компекстік тексеру әдісін кеңінен қолдануда.

Оқушылардың білімін тест арқылы тексеру дегеніміз - есеп шығару мен жаттығуларды орындау, физиканың барлық бөлімдері бойынша қойылған үш денгейлік сүрақтарға жауап беру, бұның өзі қазіргі стандартты қамтуы бойынша окушылардың базалық дайындығын қарастырады.

Тапсырма күрделігінің критерийі ретінде қабылданған логикалық ағымдар санын орындау, берілген есепті шешу үшін қажетті тапсырманың немесе сұрақтың күрделілігі тек операция санымен ғана анықталмайды, соны мен қоса бірнеше басқа факторлармен де ескеріледі.Мысалы, шарттың жазылу түрімен, құрылымымен есепті шығару кезінде жасанды әдістер жолын пайдаланады.

Тест - оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі. Бұл оқушы білімін тексерудің басқа формаларын оқу процесінде қолданылуды жоққа шығармайды керісінше, оларды толықтырып отырады.

Кесте-Оқушылардың оқу жетістіктері.

.Дәстүрлі бағалау жүйесі Педагогикалық өлшеу
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау Оқушылардың оқу жетістіктері деңгейінің сандық көрсеткіштерін алу
Артықшылықтары Кемшіліктері Артықшылықтары
1.Оқушы мен педагогтың өзара әркеттестігіне негізделеді, яғни оқушылардың коммуникавтік қабілеттері дамытылады 2.Тәсілдердің қарапайымдылығы 3.Нәтижелерді алудың шапшандылығы     1.Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліксіздігі 2.Педагогикалық өлшеу элементтерің кейбіреуінің көрініс бергенімен, олар оқушылардың бағаланатын қасиеттерінің сапалы эквиваленттерін сандық өлшеуді емес, оларды бағалауды мақсат етеді, сондықтан мұндай бақылау нәтижелерін бір—бірімен салыстыруға болмайды 3.Педагогтар тарапынан субъективизмнің көрініс беруі 4.Бағалаудың бірыңғай шкаласы мен критерийлерінің болмауы 5.Оқу әрекеті нәтижелерін өзіндік түзету жасауға толық мүмкіндік бермейтіндігі   1.Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліктілігі 2.Оқыту сапасын бағалау квалиметриялық (сандық) тұрғыда негізделеді, яғни оқушының пәндік (пәнаралық) дайындығы сипатындағы өлшенетін айнымалының теңестірілетін сандық эквиваленттер алынады 3.Әсіресе “мектеп – ЖОО (жоғары оқу ортаны)” кезеңінде бақылау – бағалау жүйесіне жаңа негіз қалайды 4.Педагогикалық процесс барысы, әрбір оқушының оқу жетістіктері жөнінде ақпарат алып отыруға болады 5.Оқыту барысына және оның нәтижесіне әсер ететін қандай да болмасын факторлардың ықпалын айқындауға болады 6.Объективтіліктің толық көрініс беруі  
Дәстүрлі бақылау құралдары Компетенттілікке берілген тапсырмалар мен стандартталған тесттер
Кемшіліктері   Артықшылықтары
1.Оқытушылық потенциялының төмен болуы 2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуын тежеуі 3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етпеуі   1.Оқытушылық потенциялының жоғары болуы 2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуына мүмкіндік жасауы 3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуі 4.Саралау қабілеттілігі

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2979 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...