Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Оқыту формалары, әдістері мен құралдары



Жоспары:

1. Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік, олардың өзара байланысы.

2.Мектеп тарихында оқытудың сынып-сабақтық жүйесін дамыту.

3.Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттері

4.Оқыту әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.

Негізгі ұғымдар: оқытудың формалары, сабақ және сабақтан тыс формалар, оқытуды ұйымдастырудың фронтальды, топтық, дербес формалары, өзара оқыту, сабақ, сабақты талдау және өзіндік талдау, оқыту әдістері, тәсілдері, әдістемелік тәсілдер, оқыту әдістерін жіктеу, инновациялық, интербелсенді оқыту әдістері.

Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы тусінік. Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.

Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.

Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылыңда жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.

Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында "дальтон-жоспар" оқу формасы түңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мүғалімнің басшылық релі төмен болды.

Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мүғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы койылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.

Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.

1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.

2. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.

3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту.

4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.

5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.

6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.

Қорыта айтқаңда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жүмыс істейді.

Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері бар.

Оқыту-мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп жаңарады.

Оқыту-таным процесі. Танымдық ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп,арта түседі.

Оқытудың міндеті-оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние танудпа бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жәйлі ақпарат алады.

Оқыту –даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организімнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Оқыту прцесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі, оқытудағы субъект екенін дәлелдейді.

Оқушының жалпы психикалық дамуы-мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде ұолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу-баланың зөіндік танымдық, практикалық әрекеті. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен, арнайы жазылған оқу –құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Оқыту –күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнәсі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді. Осы негізде

оқыту процесінің бірінші қызметі-оқушыларға білім беру.

Білім беру,біріншіден, ғылым негіздеріне сай рқушыларды нақті фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми түсініктерін қалыптастыру.

Екінші қызметі- тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 11911 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...