Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Э. Тайлордың “Алғашқы кездегі мәдениет” еңбегі



XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі — ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым — реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада — білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады деп есептеді. Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ, мәдениет — жеке адам мен бүкіл қоғамды адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады. Демек, Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісінің тізбектері ретінде, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады. Тайлордың ілімінде барлық заттар мен идеялар бір-бірінен туындап жатады. Мұндай көзқарасты эволюциялық деп атау дәстүрге айналған. Оның ойынша, барлық ұлы адамдар өзінен бұрынғы әріптестерінің шығармашылығын жетілдіріп, не соған сүйеніп отырады. Тайлордың басты жаңалықтарының бірі - мәдениет атауларының бастамасы, тіпті негізі болып табылатын діннің шығуының анимистік теориясын өмірге келтіруі. Бұл теория бастапқы қандай дін болса да (Тайлор оны «кішкентай дін» деп атаған) «тағы (дикарь) философтың» жанның кабілетіне, рухтың адам денесінен бөлініп шығатынына деген сенімнен шықты деген тұжырымға негізделген. Біздің Көне замандағы ата-бабаларымыз үшін жұмбақ болған түс көру, галлюцинация, летаргиялық ұйқы, өліп-тірілу және т.б. түсініксіз табиғат құбылыстары «кішкентай діннің» қалыптасуына әсер етті.

Егер Кантта, мәдениеттің мағынасы - адам бойындағы хайуандық сезімдік бастауды ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің (моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны — адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады. Шеллингтің эстетикалық көзқарастары оның «Өнердің философиясы» (1802-1803) атты еңбегінде толық баяндалған. Автор бұл кітабында адамның шығармашылық қызметінің басқа да түрлерінен көркемдік шығармашылықтың артықшылығын, тіпті өнердің ғылымнан да, адамгершіліктен де жоғары тұратындығын дәлелдеуге тырысқан. Көне заманнан бастап XIX ғасырдың аяғына дейінгі мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынадай қысқаша қорытындылар жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынадай қағидаларға келіп тірелді:

а) мәдениетті – ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер);

ә) мәдениетті - ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант);

б) мәдениетті эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу (Шеллинг);

в) ең соңында мәдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель);

г) адамзат мәдениеті үздіксіз дамып - өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады.

Бірақ біз қарастырған кезеңде мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей (әңгіме Л.Г. Морган мен Э.Б. Тайлордан басқа Маркске дейінгі мәдениет жайындағы концепциялар туралы болып отыр), мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің — ғылым, адамгершілік, философия, құқық және т.б. сияқты салаларын ғана енгізген.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2047 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...