Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Табу түсінігі. Сакральдық және табу процесстері



Табу (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу») — алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын. Табуда екі ұғым — киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Табу белгілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қолданылады.
Табу туралы терең теориялық ізденістер аз болғандықтан оның қолданыс аясы анықтала қойған жоқ. Дегенмен де табуді діниморальдық тыйым салу түрлерінен ажырата білген дұрыс, өйткені аталған соңғылары адамзат мәдениетінде кейінірек пайда болған күрделі құрылымды ұғымдар. Табуған әрекеттер мен заттар туралы Дж. Фрейзердің («Золотая ветвь») шығармасынан көптеген мысалдар табуға болады. Фрейзер дін мен сиқырды (магияны) бір-біріне қарама-қарсы қойып, табуды магияның теріс пішіні ретінде түсіндіреді. Табу туралы психоталдаудан көп мәлімет жинақтауға болады. З. Фрейд өзінің «Тотем және табу» атты еңбегінде табудан көсемге деген екіұшты (амбивалентті) қатынасты: бір жағынан, көсемді қастерлеп, табынуды, екінші жағынан, іштей қызғану, жек көруді, бейсаналы тұрде ұнатпауды байқаймыз дейді. Әлеуметтік антропология тұрғысынан (Малиновский, Радклифф-Браун және т.б.) табуды әлеуметтік бақылау мен қадағалау рөлін атқаратын құрал деп қарастырады.
Табу қасиеттілік туралы түсінік қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседі. Әр мәдениеттің өзіне сай заттарға, іс-әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрлері бар. Табуды бұзған адам қатты жазаланатын болғандықтан оны еш нәрсеге, еш жағдайға қарамай орындауға тырысатын болған. Қазақ мәдениетіндегі кездесетін ата-ене, қайынаға, қайын, қайын сіңілілердің атын атамау, отты, ошақты аттамау, белгілі киелі жануар тұрлерін қорғау т.б. Табулар қазақ халқының көне тотемистік, анимистік көзқарастарынан сыр тартады. Қазақ мәдениетіндегі тыйым салу жан-жоралғылары туралы Ш. Уәлихановтың шығармаларынан көп мағлұмат алынады

Діни сана, әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырады. Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы – діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бұл үрдіс (процесс) сакрализация (латын тілінде sakra - қасиетті) дап аталады.

Сакрализация - [лат. sacer - қасиетті] - діни реттеу саласына әртүрлі қоғамдық және жеке сананы, әлеуметтік қатынастарды, адамдар мен мекемелер қызметін тарту үрдісі. Сакрализация негізін зайырлы әлемге қарсы қасиетті әлемді мойындау қүрайды. Сакрализация жағдайында діни қызмет жалпы әлеуметтік қызметтің бөлінбес бөлігі, ал діни қатынастар басқа әлеуметтік байланыстарға таралады. Сакрализация сипаты мен таралу деңгейі әртүрлі тарихи дәуірлерде бірдей емес. Ол әсіресе алғашқы қауымдық құрылыс пен құл иеленуші дәуірге тән. Ал қоғамдық қызметтің әр саласында сакрализациядан бас тарту феодалдық дәуірде басталып капиталиста дәуірде аяқталады

Сакрализация (қасиетті) - заттарды, құбылыстарды, адамдарды құдайландыру.

Сакральдік (лат. sacrum қасиетті) культке жатқызылатынның барлығы, құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті деп танылған заттар құрметке және де барлық мүмкін жағдайлармен қорғалады. Сенімнің, үміттің, махаббаттың қасиетті тепе-теңдігі ретінде адамның жүрегі табылады. Культтік затқа деген қасиетті қатынастың сақталуы біріншіден сенушінің ар-ұжданымен негізделеді. Ол қасиеттіні өзінің өмірінен жоғары қояды. Сондықтан да қасиеттіні қорлаған жағдайда сеуші адам ойланбай қорғайды, оның жолында ол өз өмірін қиюға дейін барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады.

Сакральды қатынастың жоғарғы сатысы – қасиеттілік, өзін өзін-өзі жақсы көруден босату және абсолюттіге деген сүйіспеншілігін көрсету. Әрбір дінилік сакрализациямен байланысты, бірақ әрбір сенуші адам тәжірибеде қасиетті бола алмайды.Қасиетті адамдар көп емес, олардың іс әрекеттері қарапайым адамдарға жол көрсетеді. Сакральды қатынастың деңгейлері: фанатизм, индифферентизм. Сакральді сезім бүтін, толық, ал күдік уы ол үшін қауіпті.

Сакрализация діннің ерекше функциясы. Қоғамдағы интеграциялық процестердің дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылым және т.б. әсер етеді





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2504 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...