Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ертедегі магияның шығуы мен мәні



Магия (лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгінатурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.

Тарихы

Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде Дж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.

Жаратылыстан тыс күштердің жәрдемімен белгілі бір мақсатқа жету немесе бір нәрсені жүзеге асыру үшін істелінетінәрекет. Магия белгілі бір тәсіл, белгілі бір қағидаларды қажет ететін және сиқыршылар іске асыратын тәжірибелік өнер. Магия табиғатан тыс күштерді бір нәрсеге мәжбүрлей алады және оларды кез-келген мақсаттарына пайдаланады. Магияның артынан ілескен өзіндік жамағаты жоқ. Кейбір тұстарында болмаса, жалпы, дінге қарсы. Дін мен магия екеуі екі бөлек дүние. Адам баласы дінде Құдайға құлшылық етеді, ал магияда табиғаттан тыс жатқан күштерді өз мақсатына пайдалануға тырысады. Діннің негізі – кішіпейілділік, қауіпсіздік. Ал магияның мақсаты өз дәрежесін өсіруге талпынады. Дінде өзіне тән жамағаттары бар. Ал магияда уақытша пайдаланушылар бар, мақсаттарына жетісімен магияны пайдаланушылар тарап кетеді.

Соған қарамастан, дін мен магия алғашқы қауым адамдары арасында қатар өмір сүріп келеді. Бұған керісінше мәдниетті қоғамдарда сиқыр білімге айналған, алхимия, химия, астрология, астрономия болған.

Түрлері

Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.

· Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен — егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.

· Емдеу магияның мақсаты — дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.

· Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.

· Зиян келтіруші магия — жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.

· Соғыс магиясында — жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.

· Ауа райы магиясында — шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.

Магия — жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2636 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...