Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шаманизм діні форма



Шаманизм - алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі, шаманизм (бақсылық). Бұл діни сенім Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған.

Бақсылар - жер бетіндегі “жандармен” сөйлесе алатын болғандықтан, қарапайым адамдар бақсыларға сенетін де, олардан қорқатын.

Қазақ бақсылары өздерінің тәжірибесінде арнайы бақсылық өлең-сарынды пайдаланды. Қазақ бақсылары қобыз, қамшы пайдаланды.

Бақсылар өздерінің “жынын” қызыл шұбар айдаһар, “қара шұбар жолбарыс”, “зу тісі балғадай қара бура”, “бір мүйізі жер тіреген көк бұқа” т.б. қаралы дауыл бейнесінде алады. Бақсылықтың негізгі мазмұны – шын шайтанға сену, олармен “тілдесе” алатын қабілеті барлығына көпшілікті сендіру.

Бақсылықтың өзіндік мифологиясы да бар. Әртүрлі аңыз-ертегілерде бақсылардың жалаң аяқ қызған темірді басқаны, оны тілмен жалағаны, өткір пышақтың үстімен жүргені т.б. аңыздары бар.

Шаман: Бұл сөздің шығу тегі жайында әр түрлі көзқарастар бар. Бір зерттеушілер бұл сөз тунгусша «шаман» сөзінен шыққан деп айтса, келесі бір зерттеуші ғалымдар мұның «рухтар қолдаған адам» мағынасына келетін санскритшедегі «срамана»-сөзінен немесе «есі ауысқан адам» деген ұғымды білдіретін Орал-Алтай тіл тобына жататын сөзден шыққанын алға тартады.

Алғашқы қауым тайпаларында діни рәсім-жоралғылармен айналысатын пірәдарлар мен сиқыршы емшілерден басқа, ұзақ уақыт өзін есінен тандыруға қабілетті адамдарды «шаман» деп атаған.

Алғашқы қауым адамдарынның түсінігі бойынша шаман манаға ие, рухтарды басқаруы мүмкін. Шаманның сиқырлы дабылы бар. Дабылдың бетінде көк пен жердің суреті салынған. Шаман сиқырлау арқылы рухтарды дабылдың ішіне кіруге зорлайды. Осы кезде есінен танғанша есіріп билейді. Ол есінен танғаннан кейін пейіш пен тозақты аралап жүр деп есептелінеді. Шаман сол аралықта аталарының рухтарынан кейбір мәліметтер алып отырады. Азиялықтардың арасында шаманның құрметін асыра түсетін жағдай – олардың адам үйрене алмас, жұмбақ мәліметтері. Бұл дәрежені бағындыру үшін шаман тәнін жаттықтырып, ішіп-жеуді азайта түседі.

Шаманизм шаман сөзінен өрбіген. Түркілердің ежелгі діни сенімдерін шаманизм деп қателескен. Негізінде түркілердің шаманизм деген діні болмаған. Түріктерде «шаман» деген сөз жоқ. Тек «кам» деген сөз бар. Шаманизм өзінше бір дін емес, не сиқыршылықтың бір түрі де емес. Ол діни және дүнияуи көзқарастардан құралған сенім болып табылады. Жалпы шаманизм түрлі өзгешеліктерде солтүстік және Орта Азияда, эскимостардың өмір сүрген жерлерінде, Орта Африка мен Солтүстік Америкадағы алғашқы тайпаларда кездесіп жатады. Кейбір зерттеушілер Сібірде кездесетін шаманизмді психопотологиялық белгілер ретінде түсіндіреді.

Архаикалық мәдениетте аспан мен жер арасындағы байланыс құдайларына құрбандық шалу үшін қолданылады. Шаманның міндеті аспандағы орталық арқылы аспанға көтерілу. Шаман нақты тәжірибеде символикамен мифологияны қолданады. Оларда өлімді бастан кешіоу бөліну, тазалану, тірлеу элементтері бар. Мирча Илиадэ шамандық дәстүрлерде кездесетін иницация, ол якуттар, самоед, тунгус, гуряд, австралиялықтарды Оңт.Америкалық үндістерді, индонезия, эскимостарды зерттеді. Шаманда көріпкелдік және алдын-ала болжау тән. Шаман болуға дайындалып жатқан дам таулардың арғы жағындағысын көз жетпес жерлерді көре алады. Шамандар қоғамда жоғары әлеуметтік жағдайға ие. Шаман мен абыздардың міндеттері әр түрлі болған. Құдайларға құрбандық шалу ж/е дұға жасау шаманның міндеті емес. Басты қызметтері: емдеу,, қорғаушы, өзге әлемге өлгендердің жанын жеткізуші, шығарып салушы. Манчжурлардың Қытайды билеу кезінде ш.институционалды түрде болды. Бұл кезеңде ш.храмдар ш-дыұ аңызбен нормалар жазбаша тарала бастады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 4461 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...