Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Малиновскийдің магиялық зерттеуі



Осы мәселемен шұғылданған ғалымдардың тағы бірі – Б.Малиновский бастапқы қауымдық құрылыста адамдар өз мүмкіндіктері көлеміндегі істерге қатысты ұтымды ойлауға қаблетті болды. Бірақ, өз мүмкіндіктерінен тысқары нәрселер алдына келгенде тосылып, осыдан тылсым ұғымы қалыптаса бастаған деген тұжырым жасайды. Ғалым өзінің “Магия, ғылым және дін” (1926) атты еңбегінде магияның қоғамға ықпалы жаратылыс құбылыстарын таным дәрежесіне байланысты, оның әлеуметтік қызметі – адамның саналуан жағдайларды шешім табу мүмкіндігінде, деген байлам жасайды.

Алғашқы нанымдардың формаларының және солармен байланысты тәжірибенің бірі болып табылатын магия (гр. Mageia-сиқыршылық, арбаушылық) – адамдарға, заттарға ж/е объективті дүние құбылыстарына жасырын күштер арқылы әсер етуге болады деген сенімге негізделген түсініктер мен ырымдардың жиынтығы. Діни нанымдардың бұл формасының дереккөзін ағылшын этнографы Б.Малиновский өзінің «Магия, ғылым және дін» атты еңбегінде толық сипаттап өткен. Малиновский магиялық түсініктер адам өзінің күштеріне сенімді болмаған кезде пайда болады деген қорытынды жасады.

Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету тәсіліне қарай: 1)тікелей әсер ету, 2)инициалды(қол жетпейтін объектіге әсер ету), 3)парциалды (тамаққа т.б. нәрселер арқылы әсер ету), 4)имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету); Мақсатына қарай: 1) әскери, 2)кәсіптік, 3)емдік болып бөлінеді





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1730 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...