Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шаман бейнесі мен ролі



29. Шаманизм психологиялық интерпретациясы.

30. Қазақстан территориясындағы ежелгі наным сенімдер. (33)

Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Олардың түрлеріне келетін болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі, Жер-Су, Ұмай, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм. Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата-тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгі түріктердің басты Құдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғашқы сенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Олай деп айту себебіміз, көшпенді түрік халқы үшін табиғат, оның ішінде Аспан, олардың өмір сүруіне тікелей байланысты болды. Көгілдір Аспан - ең жоғарғы әлемнің тірегі, тіршіліктің тірегі. Тіршіліктің тірегі Жер мен Су. Сонымен әлемді ұстап, басқарушы – Тәңір.Сонымен, табиғи күштерді пір тұтудан, тәңірлік көп түсініктіктен бас Құдайына айналуы. Түрік халықтарының мифологиясының өзіндік ерекшелігі - Жер мен Аспанның тығыз байланыстығы. Ондай байланыстырушының дәнекері - алып Бәйтерек. Осы биік Бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Аспан денелері сакралды киелі ретінде қарастырып қадірленген. Мысалы, «Оғызнама» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз деп қойған екен. Қазіргі қазақ халықтары балаларында Күнсұлу, Айсұлу, Жұлдыз, Шолпан деген аттар кеңінен колданылуда. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уәлихановтың жазғанына тоқталсақ: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астына белбеу буынады. Біз ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдарды белбеуді аяғына буады».

Тотемизм. Қазақ халқының діни сенімінде тотемистік сенім болды және олардың әдет-ғұрпының қалыптасуында, тұрмысында жан-жақты рөл атқарды деп ойлауға негіз бар. Мысалы, ескі жыл есебіндегі он екі жануардың атымен байланысты атаулар. Оған қоса үй жануарларының әрқайсының иесі бар деп біліп, ат қойып айдар таққан: Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата, Жылқышы немесе Қамбар ата т.б. оған байланысты аңызды да бәріміз бала кезімізден біліп өстік. "Хайуанаттарға байланысты ертегілерді аңдап отырсаң, жан-жануарлар турасындағы бұлдыр көріністерді көреміз. Одан мифтік, діни түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсініктерді аңғарамыз" (Әуезов). Сонымен бірге, Қазақ халқындағы тотемизмдік элементтерінің бір түрі "табу" болып табылады, яғни, бір нәрсеге тиым салу мағынасын білдіреді. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас туыстық қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табуда кейбір жануарлар мен өсімдіктер "қасиетті" деп ұғынылып, олардың өз атын атауға тыйым салынған. Егер өз атын атаса, зиян келтіреді деп түсінген. Мысалы, қасқырдың атын қасқыр демей "ит-құс", "ұзынқұлақ" сияқты атаулар берген. Басқа ешбір халықта кездеспейтін, қазақ әйелдерінің ата-енесін, қайын-қайынаға, абысын-ажын, қайын сіңілі, өз ерінің аты т.б. атамауының негізі де осы табуда деп жорамалдауға болады. Өмірде болатын түрлі жағымды-жағымсыз құбылыстардың бәрі де тылсым күштер әрекетінің нәтижесі деп түсінгендіктен, олардың киесіне ұшырамас үшін әр түрлі жөн-жоралғылар, қағидалар, құрбан шалу, көпшілік болып түрлі ырымдарды орындау қалыптасқан. Қазақ арасында "Сақтансаң сақтаймын" деп Құдай айтыпты деген сөздің төркіні де өте тереңде жатыр. Мүмкіндігінше адамның сақтануға тиісті құбылыс-нысаналарын атап кетейік: жын, пері, дию, шайтан, обыр, албасты, күлдіргіш, әбілет, монтаны, матру, сұқ, уббе, бәдік, жезтырнақ, шимұрын, қарғу, аусыл, шешек, жалмауыз (Амантурлин). т.б.

Анимизм. Қазақтар дүниедегі жан-жануар, аң-құстар әр үйдің, жеке адамның, тіпті ұсақ жәндіктердің өз иесі - рухы бар деп түсінген. С.А. Токаревтың зерттеулері көрсеткендей, әрбір рудың өз Жебеушісі, яғни ежелден бері тіршілік етіп келе жатқан рухтас "мыс" құдіреті болады. Ал марқұм болғандардың жандары "кормос", бірақ ешбір байланыссыз (Токарев)."Аспан рухы", "Жер-су рухы", "Таудың рухы" т.б. Л. П. Потаповтың анықтамасынша, "оларға табыну рулық меншікпен, кәсіптік құдіретпен бірігіп кеткен".Мұнда таулардың, өзен мен көлдердің киелі әруағын қастерлеу емес, сол таудың, өзен мен көлдің өзін қастерлеп құдірет тұту, яғни, біз бұл арада табиғаттың рух-бейнесін емес, өзін тіріге санап қастерлеу ісін көреміз. Бұл анимистикалық дүниетанымның ең бір көне түрі -анимизм деп аталады.Жалпы анимизмнің қазіргі кездердегі барлық діни жүйелерге өзек болғандығы және жай ғана құбылыстан күрделі құбылысқа қарай өрлей дамығаны ғылымда мәлім жайт.

Фетишизм. Енді фетишизм элементтерінің қазақ халқы арасындағы түрлеріне қысқаша шолу жасайық:

1) қазақ халқы малдың алғашқы төлдеген кезіндегі алғашқы уызын өздері ішпейді. Мәнісі аруақтарға арнау.

Фетиштік ырымның бірі - кәрі жілік, оны күндіз малшының түнде күзетшінің қызметін атқарады деген сенімнен туған. Жас нәрестенің бесігіне әр түрлі: үкінің қауырсынын, қасқырдың, арыстанның т.б. жыртқыш аңдардың терісін тағады. Бұл ырымның мақсаты баланы әр түрлі "жын-шайтандардан" сақтайды деген сенімге саяды.Қазақ даласының қай түкпіріне барсаңыз да "әулие" саналатын мазарларды көреміз. Бұл кейбір зерттеушілердің пікірінше фетиштік сенімнің мұсылман дінінің келуімен байланысты өзгерген түрі болуы мүмкін.Дүниежүзінің барша халықтарында талисман, амулет аталынып жүрген "көз тию", "тіл тиюден" сақтайтын түрін қазақтарда тұмар деп атаған. Мұнда "қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Ол адамды бақытсыздықтан сақтайды деп сенеді" (Левшин) деген пікір орынды.Сонымен бірге, тұмардың өзі бірнеше дәуірді басынан кешіргенін байқауға болады. Алғашында тұмар ретінде өз тотемдерінің бір мүшесі не терісі т.б. болса, кейіннен мұсылмандықтың енуіне байланысты тұмарға құраннан аяттар жазып салатын болған. Бұдан ерте кездегі діндердің өзгерген түрлерінің қазақ халқының ерекшелігіне байланысты мұсылмандыққа да ықпал жасағанын көреміз.Көшпелі әлемнің қарғыс таңбасы - тайпалық ыдыраушылық екені тарихтан белгілі. Жайылым-қонысқа байланысты жан-жалдар, барымта - мал айдап кету, қыз алып қашу, қанды кек тәрізді ұдайы болып жататын жайсыз әрекеттер, бөлшектенудің де зардабы аз болған жоқ. Тіпті триболистік көзқарастардың зәрі әлі күнге дейін толығымен жойылып бітпегенін еске алсақ, ұлттық тұтастығымызды нығайту барысында бұл мәселенің қаншалықты азаматтық жауапкершілікті талап ететінін бағалау қиын емес. Сол кезеңдерде мұндай жағдайларда қатаң тәртіпті сақтап отыру қажет болды. Бұл үшін жалпы мемлекеттік, тайпалы билікпен қоса халықтың нанымдық-сенімдік дүниетанымы да саяси жауапкершілікті бағыттап отыруға мүмкіндік бергені сөзсіз.

Магия (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту. Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу, тырнағын aлy; имитативтік объектіге ұқсас объектімен әсер тигізу.Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т.с.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды; шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1415 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...